Оңтүстік Қазақстан облысының 2015 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы



Дата23.02.2016
өлшемі61.97 Kb.
#10829


Оңтүстік Қазақстан облысының

2015 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы

Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде 187,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2014 жылдың сәйкес кезеңіне – 101,7% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 26,8% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім 35,2% артып, 50,1 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 60,0%) өнімі 112,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 93,1% .

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 21,6 млрд. теңгені немесе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 81,2% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 3,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 115,4% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде цемент өндіру – 2,9% (өндірілгені – 415,7 мың тн), дәрі-дәрмектер – 31,4% (432 тн), бетон – 1,6 есеге (205,6 мың тн), мақта иірімжібі – 74,3% (2909 тн), құрылыс кірпіштері – 3,9 есеге (89,4 мың м3), артты.

Сонымен қатар, бензин – 38,4% (206,1 мың тн), ұн – 7,1% (249 мың тн), мақта талшығы – 19,2% (16,4 мың тн), мақта маталары – 3,71% (6,3 млн. ш.м.) кеміді.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 58 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 104,1% құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 50,2 млрд. теңгеге (104,6%), егін шаруашылығында – 7,7 млрд. теңгеге (100,0%) өнім өндірілді.

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 65,6 мың тонна ет (тірідей салмақта), 201,9 мың тонна сүт, 89,9 млн. дана жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 105,9%, 101,5% және 114,2% құрады.

2015 жылдың 1 мамырына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 987 мың бас, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 98,5%, қой – 4452,7 мың бас, немесе 103,4%, ешкі 398,9 мың бас, немесе 93,5%, жылқы – 239,2 мың бас, немесе 106,8%, түйе – 24,5 мың бас, немесе 110,6%, шошқа – 28,2 мың бас, немесе 105,4%, құс саны – 2281,1 мың бас, немесе 96,1% құрады.

Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 40,1 млн. тонна жүк және 745,9 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне тиісінше, 104,0% және 103,0% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 8,0%-ға артты, жолаушылар тасымалдау – 3,6%-ға кеміді. Нәтижесінде, 282 тонна жүк және 263,8 мың жолаушы тасымалданды.

Байланыс кәсіпорындары 3520,7 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% артты. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 63,6%-ды құрады.

Жалпы табыс көлемінде басым үлесі – Интернет желісіне шығу мүмкіндігін ұсыну қызметі – 42,1%, жергілікті телефон байланысына – 28,6%, халықаралық және қалааралық телефон байланысына – 7,4% құрады.



Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъек-тілерінің саны 2015 жылғы 1 мамырға 183,7 мың бірлікті немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 97,8% құрады.

Инвестиция саласы. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 58,8 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 87,6% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 34,8 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,6% құрады.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 37,3%, немесе 21,9 млрд. теңгені, меншікті қаражаттар – 41,3%, немесе 24,3 млрд.теңгені, қарыз қаражаты – 21,3%, немесе 12,6 млрд.теңгені құрады.

Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп, көлік және қоймалау салаларына тиесілі, инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі, тиісінше 38,8% және 18,5% құрады.



Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде тұрғын үй құрылысына 5,8 млрд. теңге инвестиция бағытталды, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 85,5% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 100,5 мың шаршы метрді құрады, немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 75,2% құрады.



Сыртқы сауда. 2015 жылғы қаңтар-наурызда облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 760,7 млн. АҚШ долларын немесе 2014 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 88,6% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 400,8 млн. АҚШ долларын немесе 74%, импорт – 359,9 млн. АҚШ долларын немесе 113,5% құрады.

Экспорт Евразиялық Экономикалық Одағы елдерімен 99,6 млн. АҚШ долларын (немесе 120,1%), импорт – 73,4 млн. АҚШ долларын (немесе 84,6%) құрады.



Салықтық-бюджеттік сала. 2015 жылдың 1 мамырына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 65,7 млрд. теңгені, немесе жоспарға –116,9%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 102,9% құрады.

Республикалық бюджет 34,6 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 52,7%), немесе, жоспарға – 107,6%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 84,8% құрады.

Жергілікті бюджетке 31,0 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 129,4% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 135,2% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2015 жылғы 1 сәуірге екінші деңгейлі банктермен 43,4 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4% кеміді, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 755 млн. теңге несие беріліп, 48,1% кеміді.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 6,3 млрд.теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 78,8% құрады.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 61,2%, өнеркәсіп – 18,3%, сауда – 13,2%, ауыл шаруашылығы – 0,3%, құрылыс – 4,2%, көлік салаларына – 2,8% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 132,0 млрд. теңгені, немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 21,5% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (56,8%) шетел валютасында.



Бағалар. 2015 жылдың сәуірінде облыста тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың желтоқсанына 101,2% құрады. Азық-түлік тауарлары – 1,7%-ға, ақылы қызметтер – 2,3%-ға қымбаттап, азық-түлік емес тауарлары – 0,7%-ға төмендеді.

Азық-түлік тауарлары нарығында баға өсімі балға – 10,5%, шұжық пен ет өнімдеріне – 1,5%-ға байқалды.

Азық-түлік емес тауарларынан жиһаз бен үй керек-жарақтары – 3,4% өссе, сұйытылған газ – 14,1%, бензин – 1,0% төмендеді.

Ақылы қызмет көрсету саласында машиналарды жуу – 8,9%, шипажайлар – 5,6%-ға жоғарылады.



Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 мамырына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1859 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады.

1866 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1543 адамға кем.

18 жасқа дейінгі 277,0 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 52,3мың балаға артты.

Тұрғын үй көмегі 3776 отбасыға көрсетілді, немесе 882 отбасыға артты.



Демография. 2015 жылдың 1 сәуіріне облыс халқының саны 2 800,1 мың адамды құрады (2014 жылдың 1 сәуіріне – 2747,0 мың адам), оның 1 390,9 мыңы қала халқы (49,7%), 1409,2 мыңы – ауыл халқы (50,3%).

Жұмыспен қамту. 2015 жылдың I тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1265,8 мың адамды, жұмыссыздар саны – 66,8 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3% құрады.

Ағымдағы жылғы 1 мамырға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 18900 жұмыссыздың – 9971-і, немесе 52,8% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 4891 жаңа жұмыс орны ашылып оның ішінде 4315 тұрақты.



Халықтың табысы. 2014 жылдың желтоқсанында облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 41486 теңгені құрап, 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,1%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 101,4% құрады.

Денсаулық сақтау. 25 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 2,7 млрд. теңге бөлінді.

2015 жылы облыстық бюджеттен 17 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 1138,6 млн. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджеттен – 1195,8 млн. теңге қарастырылған.

Сала желісі 861 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 103 – аурухана, 242 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 229 – медициналық пункт, 270 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 17– басқалар.



Білім беру. Облыста 154,3 мың тәрбиеленушісі бар 1444 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 890-ы балабақша, 554-і шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 44,6%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 76,9% құрады.

Жалпы орта білім беретін 1022 мектептің ішінен байланыс жүйелеріне – 1017 қосылған, интернет жүйелеріне - 1016 қосылған. Мектептер 36,0 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 16 оқушыдан келеді (2014 жылы - 11 оқушы).

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 592 мектепке 1390 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 97 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 77,1 мың оқушыны (мемлекеттік – 40,6 мың оқушы) құрады.

Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 11 жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 74,6 мың студенттер, оның ішінде 21,8 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.



Мәдениет. Облыста 756 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 428 - кiтапхана, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 268 – клубтық мекеме, 8 – театр, 12 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Спорт. Облыста 5023 – спорт ғимараттары, оның ішінде 22 – стадион, 3656 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 568,4 мың адамды немесе облыс халқының 20,4% құрады.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет