Оқу-әдістемелік кеңес туралы ереже І. Жалпы ережелер



бет1/15
Дата14.05.2024
өлшемі70.56 Kb.
#501023
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ПОЛОЖЕНИЕ-УМС


Қосымша 1
Оқу-әдістемелік кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер

1.1.Оқу-әдістемелік кеңес (бұдан әрі-Кеңес) «Қостанай облысы акімдігінің білім басқармасы» ММ жанынан құрылады және облыстың білім беру жуйесінің оқу-әдістемелік, инновациялық қызметін үйлестіретін алқалы орган болып табылады;


1.2.Кеңес өз қызметінде ҚР нормативтік-құқықтық актілерін, «Қостанай облысы акімдігінің білім басқармасы» ММ бұйрықтарын және осы Ережені басшылыққа алады;
1.3.Кеңес өз қызметін аудандардың/қалалардың білім беру ұйымдарымен, ТжКБ, ұйымдарымен жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.


II. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері

2.1.Мақсаты:


облыстың білім беру саясатына сайкес білім беруді дамытуды қамтамасыз ететін облыстың ғылыми-әдістемелік, ақпараттық кеңістігін қалыптастыру.
2.2.Міндеттер:
2.2.1. мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру адістемелік кабинетінің ребрендингін жүзеге асыру;
2.2.2. облыстың білім беру ұйымдарының гылыми-зерттеу, инновациялық-эксперименттік қызметін үйлестіру;
2.2.3. кадрлық әлеуетті жетілдіру процесін оқу-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
2.2.4. облыстың білім беру ұйымдарында әзірленген ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік материалдарды тәжірибелік қызметте пайдалануға сараптама мен ұсынымдарды жүзеге асыру;
2.2.5.үздік тәжірибелерді тарату, жалпылау.


III. Қызметтің негізгі бағыттары мен мазмұны

3.1. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:


3.1.1. білім беру ұйымдарында оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру;
3.1.2. білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау және енгізу;
3.1.3. оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, дидактикалық материалдарды әзірлеуді ұсымдастыру;
3.1.4. педагогикалық қызметкерлерге тәжірибелік көмек көрсету;
3.1.5. оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу.

3.2. Кеңес қызметінің мазмұны:


3.2.1. облыстың білім беру ұйымдарының ғылыми-зерттеу, инновациялық-
эксперименттік қызметін үйлестіреді және сүйемелдейді;
3.2.2.әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарын қарастырады және бекітуге ұсынады;
3.2.3.облыстың білім беру ұйымдарының проблемалық аймақтары бойынша мәселелерді, кеңес мүшелерін, білім беру жүйесінің басқа да өкілдерін тыңдайды,талқылайды;
3.2.4.білім беру жүйесінде оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі Ережелерді, ұсыныстарды қабылдайды және бекітеді;
-педагогтардың кәсіби мәдениетін қалыптастыру және дамыту,инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату бойынша мақсатты жұмыстарды ұйымдастырады;
3.2.5.білім 6epу ұйымдарының, педагогикалық қызметкерлердің үздік педагогикалық тәжірибелерін жинақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет