ОҚУ-Әдістемелік кешен 050421- «Дизайн» мамандығына «Графикалық дизайн объектілерін жобалау 2»



Дата07.07.2016
өлшемі162.71 Kb.
#183645












ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





СМК құжатының 3-деңгейі

ОӘК

ОӘК 042-14.2.05.01.20.21/03-2010



ОӘК «Графикалық дизайн объектілерін жобалау 2» пәнінен оқу – методикалық материалдар

№ 1 басылым




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

050421- «Дизайн» мамандығына

«Графикалық дизайн объектілерін жобалау 2» пәніне арналған




ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР



Семей

2010




Мазмұны





1

Дәрістер




2

Тәжірибелік сабақтар




3

СӨЖ және СОӨЖ мазмұны




4

Студенттің өздік жұмысына арналған тақырыптар





1. ДӘРІСТЕР

1- дәріс
Тақырып: Жарнама, жалпы түсінік.

Жарнама (Advertising) – ол сатыпалушыларға товарларды өткізуге арналған хабарлама. Жарнама түсінігі көп.

Жарнама – ол товарлар туралы информация, сатыпалушы мен товарлардың арасындағы контакт, сатыпалушыны сол товарға көңілін аудару және сатып алуына арналған.

Жарнаманың басты принциптері:



  1. Сатушылардың көңілін аудару, суреттерді қолдана отырып, иллюстрацияларды және т.б. жарнама түрлерін.

  2. Әрқашанда қызықтыра отырып, өз ұсыныстарыңыздың қолайлығын көрсету.

  3. Клиенттін арман немесе ассоциация сезімін оятуы керек.

  4. Жетістіктерді көрсету: сату арзан бағамен байланысты емес, ол жақсы сервистан, жоғарғы сападан;

  5. Сатып алу организациясы (жеңілдету): клиенттерге дұрыс хабарлама беру керек, қайда керекті затты сатып алуға және ол туралы хабарландыру алуға болады.

  6. Сигнал беру: «Уақытынды кетірме», «бақытты кезен», яғни клиенттерді қызықтыру өзінің жарнамамен.


2-дәріс
Тақырып: Әлеуметтік жарнама

Әлеуметтік жарнама – хабарландыру саясаттың ең басты құралы.

Әлеуметтік жарнама үш категориядан тұрады. Бірінші – саясат кампаниясы, екіншісі - әлеуметтік жарнама, оның тапсырушылары коммерциялық емес және әкімшілік емес ұйымдар және үшінші - әлеуметтік жарнама, оның тапсырушысы мемлекет болып келеді.

Әлеуметтік жарнаманың мақсаты ақша табуда емес, қоғамға арналған экокономика пайданы алу. Ол осындай тақырыптарда болады: қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және т.б.

«Әлеуметтік жарнама» термині басында жарнама ретінде енгізілген, қоғамның, мемлекеттін ықыластарын және көмек көрсету бағытта жүргізілген.

Осы әлеуметтік жарнамаға бір жағынан темекіні шекпеуге, нашақорлыққа қарсы, шарап ішпеуге қарсы жарнама жатады, ал екінші жағынан СПИДтен сақ болу, спортпен шуғылдану, жақсы тамақтану және тәрбие, жанұйяның мықты қарым-қатынастары сақтау жарнама.



3 – дәріс

Тақырып: Жүйелі жобалаудың теориясы.


1970 жылдардың аяғында жаңа теориялық концепциясы орнала бастады бірақ 80 жылдары ол толығымен орнады. Ол концепция қиын объектілерді модельдеу және көп компонентті жүйелерді және системалық тәсілдерді меңгеруге арналған. Бірақта, системалық тәсіл басқа жоспармен қолданылды, бұл 1950 аяғында – 1960 жылдардың ортасында системалық жобалау идеяларында көруге болады.

Міндеттері, мақсаттары, функциялары, мазмұны және қызметтерді ұйымдастыру тәсілдері үлкен масштабты тапсырманың шешімдері бойынша, өндіретің заттардың сапасын арттыру мынандай терминмен белгіленеді – «дизайн – бағдарламасы».

Дизайн – бағдарламалар – тәжірибелік форма дизайн реализация тәсілі. Бұл толық процесске методты біріктіреді, көркем – эстетикалық концепциясын құрастыруы, қиын социалдық – көркем объектілер бағдарлама – біріктіру жүйені жасаған жобалауды құрастыру. Дизайн – бағдарламаның структурасы төрт блоктан тұрады, олардың әр қайсысы дизайн – бағдарламасының үзіндісін көрсетеді: толық – проблемалы, концептуалдық, ұйымдастыру – басқармашылығы, жобалау – конструктор.
4 – дәріс
Тақырып: Шрифтік композиция

Шрифт (неміс Schrift, schreiben – жазу) – белгілі бір алфавиттің белгінің және санның таңбасын түсіру үшін пайдаланатыңлитерарлар жиынтығы. Ол негізгі үш қасиетті – суреті пішіні (әріптің кескіні) және өлшемі бойынша ажыратылады. СССР деп баспаханалық шрифттер стандартты алты топқа (бес негізгі, бір қосымша) топ болып бөлінеді. Әр топтағы сурет бірден, бірақ кегіп пен әріп кескіні әр түрлі болып бөлінеді; көптеген шрифтілер жиынтығы – шрифтілер гарнитурасы деп аталынады.

Шрифт түрлері. Көркемдік жұмыстар кезінде шрифттің бірнеше түрлері қолданылады. Оларға жататындар:


  • академиялық шрифт;

  • күнделікті қолданылатын шрифт немесе альдине;

  • рубленный жартылай майлы (гротекс);

  • рубленный майлы;

Академиялық орыс шрифттерінің бірден бір жақсы қалпы. Академиялық шрифт орыс шрифттен қарағанда формасы жақсырақ айқын көрінеді. Сызуға арналған академиялық шрифт мінездемесі көлденең және жіңішке, тік болып қосылатың сызық және тік әріппен бітеді.

Академиялық шрифт осыларға бөлінеді:



  • бірқалыпты түзу жарық;

  • курстық және көлденеңінен бірқалыпты ашық;

  • бірқалыпты түзу жартылай майлы;


5- дәріс

Тақырып: Елесті туғызатың, ляззат әкелетің, ыңғайлы, берік бұйымдарды жасау

Бұйымдардың жасалуы, ойды балбыратып, ыңғайлы және мықты 80-90 жылдары постиндустриалдық мемлекеттерде қажетті заттар нарығы кейінгі кезде жоғалды. “Керекті заттар нарығы” қазіргі кезде жойылды, енді “ қанағаттыру нарығы” және “эмоционалдық сатулар нарығы” жаңа нарықтар пайда болды.

Дизайнерлер және құрушылар, рахат, экологиялық, көп функционалдықты ұмытпай онымен қатар, үлкен акцент біртума тұлғаларға жасайды (пластикке, түске, фактурасына және т. б.).

“Спрос рождает предложение” деген алгоритмның орнына жаңа келді ол –“Предложение рождает спрос”. Мұндай алгоритммен тұтынушыларрға өз өндірістің презентациясың жасап, онымен қатар жаңа қажетті өндірістерді шығаруға болады.

Мысалға фирма Nokia, Ericson фирмасынан ұтылып қалған кезде олар мықты позицияларын ұстаған себебі олардың менеджерлермен дизайнерлері бірнеше керемет ұсыныстары арқылы жақсы көрсеткішге жетті.
6- дәріс

Тақырып: Жарнама тақтасы

Жарнама тақтасы – сыртқы жарнаманың түрінің ең дәстүрлі, ең әсершіл және ең арзаны.

Жарнама тақтасы қаланың бас желінде немесе бас жолдарында көбінесе орналасады. Жарнама тақтасы жүргізушілермен пасажирлерге арналған ең көрнекті және қолайлы ақпарат. Көбінесе кездесетін көлемі 6 х 3 м. Сыртқы және ішкі көмескі жарықпен тақтайшалардың тұрлері болады.

Тақтайшаның екі жағының айырмашылығы – ол әр түрлі ақпарт, А жағы ол оң жағы, ал В жағы – ол сол жағы.




7 – дәріс

Тақырып: Суперсайт және сити форматтар

Суперсайт – ол сыртқы және ішкі көмескі жарықпен үлкен форматты бөлек тұратын конструкция. Стандарт көлемі 12 х 5, 15 х 5 м. Көлемі үлкен болғандықтан олар көбінесе бас желінде орналасады.

Сити – формат – бөлек тұратын конструкция, ол павильондардын жанында орналасады. Оның көлемі 1,2 х 1,8 м. Оның жарнама тақтайшамен айырмашылығы: бірінші көлемінде, екінші – ол жерден аса биік емес.Сити форматта көбінесе имидж жарнама орналасады. Басымдылығы: жаяу жүрушілерге және жүргізушілерге жақсы әсер етеді.


8-дәріс
Тақырып: Брандмаэр

Жарнама түрдерінің ең тиімдісі – ол брандмауэр. Өйткені олар үлкен форматты. Брандмаэрлер бас желінде тұратын үйлердің қабырғаларында орналасады. Олардың көлемдері әр түрлі болуы мүмкін.




9 – дәріс
Тақырып: Шатыр орналастырулар

Шатыр орналастырулар – ол эксклюзивті имидждік конструкциялар, шатырдың үстінде орналасқан. Көбінесе неонмен және көмескі жарықпен жасалынады. Орналастыру ұзындығы 1 – 5 м., ал ұзыны жарнама мазмұнына байланысты.

Басымдылығы: жарнама түрінің ең пристижді түрі.

10- дәріс
Тақырып: Аркалар, призматрондар

Арка – жарнама беттің нобайлы бейнесі 19,4 х 3,7 м. және 24 х 5 м. сыртқы көмескі жарықпен. Бас желінің үстінгі жағында орналасқан. Үлкен автомагистралдерде көбінесе орналасады.

Призматондар – олар бірінші көргеннен жарнама тақтайша есіне түсіді, бірақта призматонның үш бейнесі болады, олар ауыстырылып жатады.




11 – дәріс
Тақырып: Видеопанельдер және бағдарнама

Видеопанель – ол әр түрлі көлемді электрондық экрандар, көбінесе үлкен размерлі.

Басымдылығы: өз жарнамасын ақпаратты, графикалық және визуалды хабарлауға болады. Осы жарнаманы ауыстыруға болады.

Бағдарнамалар – жолдың үстінде орналасады. Олардың көлемдері жол белгісіне байланысты. Көбінесе ол жарнама жүргізушілерге арналған.



12 – дәріс
Тақырып: Полиграфия өнімі

Полиграфия өнімі: визиткалар, кітапша, үндеухат, флаерлер, воблерлер, стикерлер, папкалар, плакаттар, қалта күнтізбелер, алмалы – салмалы күнтізбелер және т.б.

Визитка – ол полиграфия өнімнің ең белгілі түрі. Олар іскерлік қарым - қатынаста керекті нәрсе.

Кітапша – фирманың беті. 115 г/м² қағазда басылып шығарылады, ішкі блок 300 г/м² дейін. Сырт қабын міндетті түрде лактайды.

Үндеухат – презентацияға және көрмелерге арналған полиграфиялық өнім Олар фирманың өндейтін өнімін немесе қызметтерін жақсы көрсетеді.

Флаерлер – жұқа қағазда басып шығарылады, ол тез өтетін жарнама компанияларға арналған.

Воблер – сату орындарда таратуға арналған.

Стикер - өзі жабысатын винил плакаты.





13- дәріс

Тақырып: Плакат

Плакаттың мақсаты – үндеу және көз жеткізу. Сондықтан ол өзіне бірден көңіл аударатындай, өте аңық та тұжырымды болуы керек.

Суреттерді көру үшін адамдар көрмеге, мұражайларға арнайы барып, өздерінің көп уақытын, кейде ұзақты күнін сонда өткізеді. Суреттің түрлі бөліктері мен әр бөлшектеріне көз жүгірте қарап, оның терең мазмұнына ой салсақ оны ұзақ көруге болады.

Плакат та бейнелеу өнерінің шығармасы, бірақ оның өзіндік ерекшелігі бар. Аланға ілінген плакат үшін ешкім арнайы бармайды. Плакат өз көрерменін өзі тауып, оның көңілін өзіне аңдаусызда аударатындай, керек десеңіз адам жүріп бара жатып плакатқа бір рет көз тастағанда – ақ оған белгілі бір ойды сіңіріп үлгіретіндей болуға тиіс.

Плакаттың өмірі қысқа – бірнеше күн ғана, көп болғанда ашық аспан астында жарнама стендінде бірнеше апта ғана тұрады.

Кітаптың жүздеген беті болады, фильмде мыңдаған кадрлер, кескіндемелік шығармасында көптеген фигуралар мен заттар өте нәзік түстік нюанстармен беріледі. Ал, плакатта болса бар болғаны бір – ақ беттен тұратың әрі ол қысқа уақыт ішінде жай қарапайым бейнелеуімен көп нәрсе айтатындай, өте терең мазмұнға құралады.

Плакатта жазу үлкен роль атқарады. Мағыналық және композициялық жағынан жазу плакаттың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болуға, онымен табиғи байланысып, бейнеленген нәрсемен тұтаса жұмдасп тұруға тиіс. Ол мүмкіндігінше қысқа да тұжырымды, тез есте қалатындай болуы керек. Сонда ғана мұндай текстер плакаттың «екпінді» күшін, оның эмоциялық ықталын арттыра түседі.

Көркем шығарма ретінде осы заманға плакаттың түп тамыры бейнелеу өнерінің бірнеше тармағымен ұштасады. Олар ескіліктегі әшекей сурет, сауда жарнамалары театр хабарламасы және саяси мағыналы гравюра. Бұлар 16-17 ғасырлардағы қоғамдық өмірде қазіргі қоғамдағы плакатқа ұқсас міндет атқарады. Олардың да өзіндік басты белгісі плакаттпғыдай болды.

Плакаттардың түрлері: әлеуметтік-ой, шрифттік, көркем-сәулеттік, көркем-композициялық, көркем-әлеуметтік және т. б.



14- дәріс

Тақырып: Плакатты безендіру кезінде композицияның тұтастылығына, шрифттік мәтіндерді пайдалана білу

Батыс Еуропада саяси плакат тек бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бастап қана жая бастады.

Алғашқы совет плакаттарының символикалық-аллегориялық сипатта болды. Соғыс кезінде плакаттың үгітшілік ролі арасан зор болды. Әрі олар өте көп тиражбен шығарылып тұрды.

Өнердің басқа да шығармаларының жасау сияқты, плакат авторы да алдымен оның композициясын шешуі, яғни бейнелейтің жеке, батыранқы заттарды біріктіріп, бір-бірінен ажырамайтындай етуі тиіс.

Егер плакаттың бөліктері бір-бірімен сәйкес келіп, басты нәрсеге бағынса, осы басты нәрсеніаңықтап, баса көрсетсе, көрерменнің бәрін тұтас қабылдауын реттесе, плакатты композициялық жағынандұрыс шешілген деп есептеуге болады. Плакат көптеген құрастырмалардан тұрады.

Плакаттағы симметриялық композицияның әдетте мынандай сипатты белгілері болады: негізгі орталық фигура, көріністің ерекше мәнділігі, бейненің белгілі дәрежеде монументтілігі. Симметрия тұтастық аяқталғандық, тұрақтылық идеясын білдіреді, ал асимметриялық композиция, керісінше, әлде бір тұтас үлкен нәрсенің «кадр сыртында» қалған белгілі іспеттес. Ол көрерменнің назарын қозғалысқа баса аударады.

Композицияда жекелеген бөліктердің тепе-теңдігіне тек сызықтық суреттермен ғана емес, сонымен қатар түс пен дақтардың өзара әсерімен де жетуге болады. Қайсы бір түстік дағдардың күштілігі, көлемі және олардың орналасуы тұрақтылық пен тұтастыққа жетуге мүмкіндік береді.

Плакаттың жалпы композициясында жазу және шрифт үлкен роль атқарады. Мұнда ол бейнелеудің кез келген бөлігі сияқты, толық дәрежелі компонент бола алады. Плакаттағы жазу тек қысқа, есте тез сақталатындай болып қана емес, сонымен қатар ол бейнелеумен тығыз қарым қатынаста, композициялық тұтастықта болуы тиіс. Бейнелеу толық біткеннен кейін оған жазуды үстемелеп қосудың қажеті жоқ.

Плакатты жасаған кезде ең негізгі мәселелердің бірі түс болып табылады. Бұл жерде оның ролі ерекше. Плакат өнеріндегі ең бастысы – тосындық және де ол бәрінде: сюжетте де, жалпы композиция да, тіпті плакаттың түстік гаммасында да көрінуі тиіс.

Плакат – кескіндеме емес, мұнда түстік нюанстарды беру және аса ұзақ детальдарды бейнелеу әрдайым қажет бола бермейді. Бейнелейтін заттың табиғи түсін беру қажет емес. Мүмкіндігінше бояулардың аз түрімен-ақ әсерлі түстік гамма жасауға болады.



15- дәріс

Тақырып: Кең форматты басылым

Сыртқы жарнамадағы көп бейнелер кең форматты басылым арқылы басылып шығарылады. Жарнама кампаниялардың мақсатына қарай бейне банерлік матада, өзі жабысатын пленкада немесе қағазда басып щығарылады. Ол мынандай баспа машиналар арқылы шығарылады: Idant, Vutek/Scitex, Svecia және т.б.

Қағазда басып шығару – бұл тәсіл тек қана аз уақытқа жетеді. Мысалы: көрмеге немесе концерттерге арналған плакаттар. Оны пайдалану уақыты 1 ай.

Банер матасындағы басылым – бұл тәсілді көп уақытқа жететіндей қолданады. Оларды бірнеше жарнама кампанияларда қолдануы мүмкін. Оны пайдалану уақыты 1 - 3 жыл.

Өзі жабысатын пленкада – ол тәсіл призматонға орналастыру үшін арналған басылым. Оны пайдалану уақыты 0,5 ай – 1 жыл.



2. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

2.1. Тәжірибелік сабақтар
1 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Жарнама түрлері

Керекті материалдар: дәптер

Тапсырма:

1. Жарнама дегеніміз не?

2. Жарнаманың түрлері
2 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Әлеуметтік жарнаманы жасауға арналған суреттерді іздеу

Керекті материалдар: Internet, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Әлеуметтік жарнаманы жасауға арналған суреттерді іздеу


3 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Әлеуметтік жарнаманың дизайн жобасын жасау

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Әлеуметтік жарнаманың дизайн жобасын жасау


4 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Жаңа шрифтті еңгізу

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Шрифтті табу


5 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Сувенирлердің дизайн жобасын жасау

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Сувенирлердің дизайн жобасын жасау


6 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Жарнама тақтасының дизайн жобасын жасау

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Жарнама тақтасының дизайн жобасын жасау


7 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Суперсайт және сити форматтардың дизайн жобасын жасау

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Суперсайт және сити форматтардың дизайн жобасын жасау


8 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Брандмаэрдың дизайн жобасын жасау

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Брандмаэрдың дизайн жобасын жасау


9 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Шатыр орналастырулардың дизайн жобасын жасау

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Шатыр орналастырулардың дизайн жобасын жасау


10 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Аркалар, призматрондардың дизайн жобасын жасау

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Аркалар, призматрондардың дизайн жобасын жасау


11 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Видеопанельдер және бағдарнаманың дизайн жобасын жасау

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Видеопанельдер және бағдарнаманың дизайн жобасын жасау


12 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Полиграфия өнімдерінің дизайн жобасын жасау

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Полиграфия өнімдерінің дизайн жобасын жасау


13 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Плакат дизайн жобасын жасау

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Плакат дизайн жобасын жасау


14 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Плакатты безендіру кезінде жаңа табылған шрифтті еңгізу

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. Плакатты безендіру кезінде жаңа табылған шрифтті еңгізу


15 тәжірибелік сабақ

Тақырып: «Кең форматты басылым» атты планшет жасау

Керекті материалдар: қағаз А4, қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop.

Тапсырма:

1. «Кең форматты басылым» атты планшет жасау




  1. СТУДЕНТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ




    1. ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ТАПСЫРМАЛАР

1 кесте Өздік жұмыстарды орындауға тапсырма





СӨЖ

Сағат саны

СОӨЖ

Сағат саны

1

Жарнаманың басты принциптері

1,5

Жарнаманың түрлері

1,5

2

Әлеуметтік жарнама

1,5

Әлеуметтік жарнаманың мақсаты

1,5

3

Дизайн бағдарламалар

1,5

Жүйелі жобалаудың теориясы

1,5

4

Шрифт

1,5

Шрифттің түрлері

1,5

5

Сувенирлер

1,5

Дизайнерлер және құрушылар

1,5

6

Жарнама тақтасы

1,5

Жарнама тақтасының түрлері

1,5

7

Суперсайт

1,5

Сити формат

1,5

8

Брандмаэр

1,5

Брандмаэр түрлері

1,5

9

Шатыр орналастырулар

1,5

Шатыр орналастырулардың стандарт көлімі

1,5

10

Арка

1,5

Призматрон

1,5

11

Видеопанель

1,5

Бағдарнама

1,5

12

Полиграфия өнімінің түрлері

1,5

Полиграфия өнім

1,5

13

Плакат

1,5

Плакат түрлері

1,5

14

Плакаттардың тарихы

1,5

Плакатты безендіру кезінде композицияның тұтастылығына, шрифттік мәтіндерді пайдалана білу

1,5

15

Кең форматты басылымның түрлері

1,5

Баспа машиналар

1,5

  1. СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА




    1. Өзін тексеруге арналған сұрақтар




  1. Жарнама дегеніміз не?

  2. Жарнаманың басты принциптері

  3. Әлеуметтік жарнама

  4. Әлеуметтік қандай 3 категориядан тұрады?

  5. Әлеуметтік жарнаманың мақсаты

  6. Жүйелі жобалаудың теориясы

  7. Дизайн – бағдарламалар

  8. Дизайн – бағдарламалар структурасы 4 блоктан тұрады қандай?

  9. Шрифт

  10. Шрифт түрлері

  11. Сувенирлер

  12. Жарнама тақтасы

  13. Тақтайшаның екі жағының айырмашылығы

  14. Суперсайт

  15. Сити форматтар

  16. Брандмауэр

  17. Шатыр ораналастырулар

  18. Арка

  19. Призматрон

  20. Видеопанель

  21. Бағдарнама

  22. Полиграфия өнімдерінің түрлері

  23. Полиграфия өнімі

  24. Плакат

  25. Плакаттардың түрлері

  26. Плакаттағы симметриялық композицияның әдетте қандай сипатты белгілер болады?

  27. Кең форматты басылым

  28. Қағазда басып шығару

  29. Банер матасындағы басылым

  30. Өзі жабысатын пленкада














Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет