Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы



Дата23.02.2016
өлшемі34.5 Kb.
    Бұл бет үшін навигация:
  • 2-бап.


ЖОБА

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130-құжат, 132-құжат; № 24, 145-құжат, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, 3-құжат; № 2, ст.21, ст.25; № 4, ст.37; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

«23-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақысы);».

2. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат):

1) 18-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ашылған депозиттер бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бес миллион теңгеден аспайтын мөлшерде депозит бойынша қалдық сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.»;

2) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ашылған депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем кепілдік берілген бірнеше депозиттер жиынтық кепілдік берілген өтем болып ескерілмейді және осы Заңмен белгіленген шекте жеке төленеді.».

3. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 г., № 1, ст.2; № 2, ст.21; № 5, 43-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

8-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін және мемлекеттік емес білім беру кредиттерін дамыту үшін жағдайлар жасалады.».



2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті


Каталог: sites -> default -> files
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет