Педагог пен студент арасындағы қарым-қатынас әдептілік айнасы



Дата10.06.2022
өлшемі20.23 Kb.
#459063
Пед этика мақалам


Педагог пен студент арасындағы қарым-қатынас - әдептілік айнасы


Арал көпсалалы колледжінің физика және информатика
пәні оқытушысы Г.Ж.Жансугирова

Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. Ұстаз деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін-мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғарғы саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.


Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы деп бекер айтылмаса керек, кім болсада ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.
Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмасфера тудыра біледі. Ал ең бастысы, алдында отырған 25 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл-күйін айтқызбай ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер- мұғалім үшін аса маңызды дүние.
Педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін- педагогикалық техника дейміз.
Педагогикалық техника:
Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды;
Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды;
Қол айқастыруға мүлдем болмайды;
Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек.
Ал енді оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасындағы педагогикалық этикаға келетін болсақ, мұғалім оқушы атаулыға үлгі болатын, өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде әрбір мамандық иесінің сөйлеу шеберлігімен тіл мәдениеті туралы айтпай кетуге болмайды. Мәдениеттілік, ой –өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады.
Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше ақыл -ой мәдениетіне жету қиын. Ұлы педагог А.С Макаренко айтады: Оқушы сіздің еркіңізде, мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек. Сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеттері, ерік-жігері мен қажыр-қайраты немесе жалтақтық, жағымпаздығы да айқын аңғарылып тұрады. Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді. Сондықтан мұғалім сөзін оқушылырды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс. Өз сабағына жан тәнімен берілген мұғалім шын жүректен шыққан жалынды сөз арқылы оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер ол өз сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар мұны байқап қояды.
Сабақ бергенде мұғалімнің дауысы оқушылардың бас миына жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығу керек. Кейбір мұғалімдердің сабақ түсіндіргенде сөздері естілер естілмес жай, бір сазды болып естіледі. Оның өзі оқушыларға гипноздық түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы жағдайына келтіреді. Осыдан кейін мұғалім мен оқушы арасында реніш туындайды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қатынастар алуан түрлі болып келеді. Сондықтан мұғалім оқушыға қатынасын әр уақытта да өзгертіп отыруы тиіс. Бір жағдайда қатаң талап қоюы, екінші жағдайда тілек өтініш ретінде болып келуі, үшінші бір жағдайда сендіру мен көз жеткізу, мойындату, төртінші бір жағдайда үгіттеу, ақыл кеңес беру, бесінші бір жағдайда түсіндіру, жәрдемдесу, қамқорлық жасауы, алтыншы бір жағдайда ұялту, бетіне басу не ұрсу керек болатын жағдайлар кездессе, жетінші бір жағдай мақтау немесе жазалау жұмысына ұласады.
Мұғалім өне бойы өзін сергек, көңілді ұстау керек. Балаға сіздің шаршағаныңыз, көңіл-күйіңіздің жоқтығы сезіліп отырады. Сол сияқты мұғалім оқушының ата-анасы, туыстарымен нашар қарым-қатынасының, өкпе –арызының есесін оқушыдан қайтаруға әдеттену педагогикалық этикаға жатпайды.
Оқушының әлсіздігіне, тіл алмауына, кейде мұғалімге қарсы келуіне сыйламау әдетіне өшігіп оқушыдан кек алу, жек көру әдетінен де аулақ болуымыз керек. Кейбір ұстаздар тарапынан оқушының тәртіпсіздігінің есесін үлгерім бағасына ауыстыру әдеті де кездесіп қалады. Бұл әдеттің тиімсіздігі педагогикалық этикаға қайшы келуі тұрмақ, оқушыны өшіктіріп, қырсықтырып, мұғалімге қарсы қоюға, сыйламаушылыққа әкеліп соқтыратынын аңғармаймыз.
Мұғалім біріншіден өте әділетті шыншыл болуы тиіс. Педагог шәкіртіне өте мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуы керек. Бұл жерде мен Л.Толстойдың «Егер мұғалім өз ісіне сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алса, онда ол шын мәніндегі мұғалім болғаны» деген сөзін естеріңізге салғанды жөн деймін.
Мұғалімнің мінезі жайдары, кең пейілді , сабырлы, ашу дегенді білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін болуы керек. Бұл туралы Чеховтың «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды» деген нақыл сөзін ескеру біздерге (ұстаздарға) өте лайықты.
Кейде сабақты нашар оқитын оқушының тағдырын алдын ала шешіп қоюымыз кездеседі. Мысалы: Асанова тез тақтаға шықшы, сен бүгін де ештеңеге жауап беріп жарытпассың, сен Асанова ең болмағанда мынаған жауап берші… Бұл сияқты күдікті сөз ұнамсыз қылықты көрген оқушының өзіне деген сенімі жойылады, ұнжырғасы түсіп, не намыстанып, кектеніп ұзтазына да біліп тұрса да жауап бергісі келмейді. Сол сияқты сабақты өте салғырт, нашар оқитын не салақ, олақ, жалқау оқушылардан күдер үзіп, көңіл бөлінбей, ескерусіз қалдырған жағдайлары да кездесіп тұрады. Бұл сияқты қылықтар педагогикалық этикаға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жаман әдет.
Оқушы әрқашан сенің айнаң іспеттес. Сол оқушының алдындағы қадір –қасиетіңді жойып алмас үшін мұғалімнің бой басы жинақы, көрікті, киген киімдері қарапайым, тап-таза бойына лайық, шақ сәнді болуы тиіс.
А.П. Чеховтың «Адамда барлық нәрсе жүзі де, киімі де , жаны да, ойы да көркем болуы тиіс» деген ұлағатты сөз ұстаздарға айтылған сиқты. Орынсыз бояну, шектен асқан сәнді , жасанды киіну, табиғи өңін өзгертуге әуестену немесе өте салақтық, бой басын күтінбей жүру мұғалімдік этикаға үлеспейді.
Мұғалім сыныбында болмас нәрсеге ашу шақырып, осындай кемшіліктен бір өзі жапа шекпей, төңірегінің алдында да айыпты болып саналуы. Оқушының кінәсіне, тәртіп бұзғандығына ренжіген, ашуланған, ұрысқан мұғалім артынша не тиісті уақытты сақтамай кінәлі оқушыға жылы сөз, жылы қабақ көрсетудің керегі болмайды. Оқушының майда кінәләрін термелей берудің қажеті жоқ. Кінәлі болып қалған оқушының өткендегі кінәләрін қайталап, бетіне баса беруден аулақ болу керек. Ауыр сөздерді зиялы кісі аузынан есту бала жүрегіне әсер етеді. Дегенмен, менің пікірімше, тым аса тәртіпсіз, бұзақы балаларды біз тәрбиелеп жатқан жоқпыз деген ойдамын. Өскелең өсіп келе жатқан біздің балаларға жылы сөздің артықтығы болмайды.
Педагог бала үшін жақсы да үлгілі өнеге беруі тиіс. Мейірімі мол адамның келбетінің өзі кез келген оқушыны еріксіз бас идіреді, оған шабыт бере отырып, батылдық, адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық және игілік арқалаған ұлағатты нәрселерімен еліктіре түседі. Тәрбиелеп отырған оқушымыз- біздің айнамыз, ал олардың этикасы- біздің этикамыздың айнасы. Сондықтан да этикасы мен эстетикасы мінсіз, нағыз мұғалім болу- барша педагогтардың міндеті деп білемін

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет