Педагогика және психология институтының директоры, ЖӨК төрайымы



бет1/13
Дата03.03.2023
өлшемі274.28 Kb.
#470307
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
хаттама 5 «ә» (копия)


«Бекітемін»
Педагогика және психология 
институтының директоры, 
ЖӨК төрайымы _Абаева Ғ.А.
________________________
«______»________20_____ж. 

«Келісілді»
№206 мектеп-гимназия
директоры Алиакбарова Ф.М
«______» ____________ 20_____ж.

Педагогикалық практиканың жұмыс жоспар-кестесі


6В03105-Практик психологтарды даярлау мамандығы бойынша
Білім алушы Әбділда Аружан Бақытжанқызы
курс
Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, 
Әлеуметтік ғылымдар (Психология) білім беру бағдарламасы 



р/с


Өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес орындауға (оқытуға) жататын жұмыстар тізбесі

Жұмыстың орындалу мерзімі



басталуы

аяқталуы

1.

Мектеп психологының іс – құжаттарымен танысу.

05.09.2022

05.09.2022

2.

Оқушылармен және олардың жеке іс –қағаздарымен таныс

07.09.2022

08.09.2022

3.

«Танысу» тренингі.

09.09.2022

09.09.2022

4.

5 – сынып оқушыларына орта буында оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо – педагогикалық қолдау көрсетуге байланысты тренинг.

10.09.2022

10.09.2022

5.

Әр сабақтағы оқушылардың психологиялық жайлылығын анықтау мақсатында «Түрлі – түсті хаттар» әдістемесі.

12.09.2022

12.09.2022

6.

Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін бағалауына арналған тест жұмыстары және ойындар.

13.09.2022

15.09.2022

7.

Проективті әдіс «Адам Ағаш Үй»

16.09.2022

16.09.2022

8.

Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған әдістемесі.

19.09.2022

19.09.2022

9.

«Темпераментті анықтау» тесті

20.09.2022

20.09.202

10.

Проективті әдіс «Автопортрет»

21.09.2022

21.09.2022

11.

Ата – ана мен баланың арасындағы қарым – қатынасқа байланысты тренинг (жиналыс)

22.09.2022

22.09.2022

12.

Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты зерттеу.«Социометрия» әдістемесі 

23.09.2022

23.09.2022

13.

Әдістемелерді қорытындылау

26.09.2022

30.09.2022

14.

Сыныпқа мінездеме жасау

03.10.22

03.10.22

15.

Қорытынды есеп дайындау

04.10.2022

05.10.2022

Қолы __________________________Жігітбекова Б.Д
(оқу орнынан педагогикалық практиканың жетекшісі)
20___ж. «______» __________________
Хаттама
Жұмыс түрі: Тренинг
Тақырыбы: «Танысу»
Мақсаты: Оқушылармен тренинг арқылы танысу, әрқайсысымен тіл табысып, оларлы байқау. Оқушыларды әдептілікке, тәрбиелікке үйрету.
Сынып: 5 «Ә»
Қатысушылар саны: 24
Өткізу уақыты: 40 – 45 мин
Жоспары: 
1. Танысу

  1. Мен өзімді жақсы білемін

  2. Менің алдыға қойған мақсатым

  3. гимнастика «КЕЗДЕСУ»

  4. Сауалнама

  5. Әдепті бала

  6. Қорытынды

Керекті құралдар: қалам, А4 беттері, доп
Жаттығу «Танысу»
Шарты: Келген қатысушылар дөңгелек болып отырады. Әр қатысушы өзін таныстырады. (аты- жөні, қай жылы келгенін, сыныбын, үлгерімін) және бір- бірлеріне тілектер айтады.
Жаттығу «Мен өзімді жақсы білемін» 
Шарты: Бұл жаттығуда А4 беттеріне жағымды, жағымсыз қасиеттері деп кесте сызады. Уақыт 5 мин. беріледі. Өзінің қасиеттерін жазып, ортаға айтады. Қалған қатысушылар айтқан қасиеттері бойында бар екенін, өз ойларын ортаға салады.
Жаттығу «Менің алдыға қойған мақсатым»
Шарты: Қатысушылар өздерінің алдыға қойған мақсаттарын айтып, сол мақсатқа қалай жету үшін не істеу керек екенін айтады. Уақыт 3 мин. беріледі.
Жаттығу гимнастика «КЕЗДЕСУ»
Шарты: Екі дос көптен бері көріскен жоқ. Екі достың кездесу арманы болған. Ал, енді сендерге тапсырма, мына екі достың кездесуін , елестетіп көрсетулеріңізді сұраймын.
«Сауалнама»
Шарты: Қатысушылар берілген сауалнаманың сұрағына жауап жазу керек.

  1. Аты-жөні:

  2. Туған күні

  3. Жанұя туралы мәлімет

  4. Ата- анаңды тыңдайсын ба?

  5. Сенің арманың?

  6. Сен кімге ұқсағың келеді?

  7. Бос уақытты қалай өткізесің?

  8. Мектепішілік іс-шараларға қатысасың ба?

  9. Сенің досың бар ма?

  10. Өз сыныбың саған ұнай ма?

  11. Өз сыныбынан туған күнге кімді шақырғың келеді?

  12. Қандай іспен шұғылданғанды ұнатасың?

  13. Қандай іс- әрекетке бейімділігін бар?

Жаттығу «Әдепті сөздер»
Шарты: Сендер бір- бірлеріне допты лақтырып, әдепті сөздер айтуларың керек. (кешіру, рахмет айту, т.с.с)
Содан кейін қатысушылар мағынасын түсіндіреді.
Қорытынды:Тренинг өте жақсы өтті,балалармен таныстық.Өз ойларын ұялмай жақсы жеткізді.Жаңадан құрылған сынып болған соң,оқушыларға да өте қызық болды.
Хаттама
Жұмыс түрі: Тренинг
Тақырыбы: «Алақай,мен 5 - сыныпта оқимын»
Мақсаты: 5 - сынып оқушыларына орта буында (орта мектепте) оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо - педагогикалық қолдау көрсету.
Сынып: 5 «Ә»
Қатысушылар саны: 26
Өткізу уақыты: 45 – 50 мин


Жұмыс жоспары:
1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
2. Жаттығу «Орнымызды ауыстырамыз».
3. Топтық ереже қабылдау.
4. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
5. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.
6. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?».
7. «Дос іздеймін» жаттығуы.
8. Кері байланыс. Қорытындылау.
9. Үйге тапсырма.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет