Педагогикалық-психологиялық практика бойынша есеп



Дата02.01.2022
өлшемі15.82 Kb.
#454317
түріСабақ
есеп психологический


Педагогикалық-психологиялық практика бойынша есеп

Іс-тәжірибе кезінде 4-ші сыныптың сабақтарына қатысып, тәрбие сағаттарын жүргіздім. Аптаның әр жұма бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Оларды үзіліс кезінде және сабақ кезінде бақылап не әңгімелесіп оларды не қызықтыратынын білуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақ беру барысында, олардың сабаққа деген қызығушылығы қалай тез оянып тез сөнетінін көрдім сол үшін. Әр сабағыма аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым.

Маған бөлініп берген 4 «Б» сыныбымен өте тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынаста болдым. Жұмыс істеу барысында балалардың тез зерігетіндіктен оларға қызықты тапсырмалар іздеу қыйынырақ болды. Бұл сынып оқуларының орыс тілі пәніне деген қызығушылықтары жоғары, бір- біріне қол ұшын беріп, көмектесуге дайын тұрады екен. Маған осы іс-тәжірибе барысында бұл сыныппен жұмыс жасаған қатты ұнады.Іс-тәжірибе барысында алған жағымды әсерім: мектеп психологы мен, сынып оқушылыларымен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырыстым . Мен осы іс тәжірибенің арқасында көптеген қиындықтарды жеңіп, жұмыс жасаудың жаңа қырларынан сабақ алдым деп айта аламын. Сонымен мен осы іс-тәжірибені өте отырып ұстаз болып, балаларды тәрбиелеу ең қиын іс екеніне көзім жеттіп отыр.

Сабақты жаңа түрде өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытады. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектісін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал жасау, оқушының табиғи қасиеттерін, әр пән білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.

Іс-тәжірибемнің мақсаты – кәсіби құзіреттерді бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдысын және тәжірибесін меңгеру болып табылды.Практика барысында: Теориялық білімді бекіту және осы негізде кәсіби қабілеттерді, дағдыларды және құзіреттерді қалыптастыру; Ұйымдастырушылық және кәсіби тәжірибені алу;Ұжымдық жұмыс дағдыларын алу, басқарудың ұжымдық принциптерінің құзіретін алу; Өз қызметін өзіндік жоспарлау қабілетін меңгеру, ұжыммен пайдалы қарымқатынас орнату, рөлдік кәсіби позицияны анықтау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру сияқты көптеген дағдыларды меңгере алдым. Педагогикалық тәжірибе біздің болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындығымыздыңалғашқы күрделі тексеру құралы және дайындығымыздың бағалау өлшемі болып табылады. Педагог мамандарды кәсіби дайындау жүйесінде педагогикалық тәжірибе маңызды роль атқаратынын түсіндім. Ол оқу тәрбие процесінің бір бөлігі ретінде болашақ мұғалімдердің, яғни біздің, практикамен байланыстылығымыздықамтамасыз етеді.

Ұйымдастырылған оқу процесінде оқушылардың ойлау қабілеті кеңейеді және де оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады. Оқушы назарын аудару, оның ойына түрткі болатын әр түрлі қызықты мәліметпен таныстыру, ми жұмысын дамытатын жаттығулар, ойындар сабақ үстінде өзінің орнын алады. Оқушылардың білімдерін тексеру, шапшандыққа, бірлесіп жұмыс істеуге баулу, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сыныптан тыс өткізілетін тренингтердің маңызы зор деп ойлаймын. Оқушы тренинг біткен соң, ол тренингтен алған әсерін өзі айтып береді.

4 «Б» сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.

4 «Б» сыныбының диагностикалық қабілеттерімен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Психолог жұмысының ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Мектеп психологы Башикова Меруерт Жомартовна мектептегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің көрсеткен бағытын қызығушылықпен тыңдадым. тренинг жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым Өзімде тренингті солай жүргізуге тырыстым.



Жалпы өзіме бекітілген осы 4 «Б» сыныбымен жұмыс істеу барысында менде қиыншылық болған жоқ. Бұл сынып оқушыларының психологиялық тренингтерге деген қызығушылықтары жоғары, бір-біріне көмектеседі. Маған осы іс-тәжірибе барысында бұл сыныппен жұмыс жасаған қатты ұнады. Және де осы уақыт аралығында 4 «Б» сыныбында мектеп психологы Башикова Меруерт апайға көмекшілік қызметін атқардым. Көмекшілік қызмет атқару барысында сыныппен жоспар бойынша және жоспардан тыс тәрбие жұмыстар өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл табыса, сыныппен тығыз қарым-қатынаста бола білдім. Психологиялық тренинг әзірлеу барысында мектеп психологынан ақыл-кеңес алып, өзіме қажетті тәжірибені жинай алдым. Мектеп психологы тарапынан жақсы қолдау көрсетілді. Тренингті әзірлеу мен өткізу барысында оқушыларды қызықтыратын мәселелерді қозғап, сабақтардың қызықты әрі сапалы өтуіне ерекше мән бердім. Бұл педагогикалық іс-тәжірибе маған көп нәрсе үйретті. Онда мен өзімді оқушылар алдында еркін ұстауды және басқа да құжаттармен жұмыс істеуді үйрендім. Болашақта өз мамандығымды әрі қарай ұштап, мектепті көркейтіп, оқушыларға жақсы білім беремін деген мақсатым бар. Ұстаздық жұмысымның нәтижесіне қанағаттандым. Ұстаздық ету мен өз мамандығыма деген қызығушылық пен құрмет, осы мерзім аралығында өтілген педагогикалық іс-тәжрибенің арқасында арта түсті

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет