Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениет компоненттерінің мәні мен мазмұны



бет1/2
Дата23.09.2023
өлшемі19.63 Kb.
#478379
  1   2
Педагогикалық


  1. Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениет компоненттерінің мәні мен мазмұны

Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:

  • педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;

  • педагогикалық кәсіби білгірлігі;

  • педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі;

  • педагогикалық техникасы.

Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми-зерттеу пайымдаулар мыналар:

  • педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;

  • тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;

  • әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;

  • іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.

Сонымен қатар әлеуметтік-қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері:

  1. Педагогикалық білім бірлігі.

  2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі.

  3. Ситуацияларды меңгеру.

  4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.

Мұғалім шеберлігі - бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері.
Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі - ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен тендей қадам басамын деген әрбір адам өте көп акпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры - шәкіртпен қарым-қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ыкпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.
Педагогикалық шеберлік - мұғалімге оқу-әрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің негізі жоғары оқу орнында қалыптасады. Оның мазмұнына:

  1. Кәсіби педагогикалық білім;

  2. Педагогикалық тәжірибе;

  3. Шығармашылық тәжірибе;

  4. Тұлғалық қасиеттері;

  5. Кәсіби педагогикалық бағыты енеді.

Мысалы, педагогикалықтәжірибе - біріншіден, мұғалімнің нақты жағдайларды, балалардың, балалар ұжымының ерекшеліктерін және өзінің жеке ерекшелігін есепке ала отырып, педагогиканың практикадағы заңдарын және принциптерін шығармашылықпен, белсенді меңгеру мен іске асыруы.
Ал, педагогикалық шеберлікті меңгеру екі деңгейде жүргізіледі:

  1. Кәсіби педагогикалық қызметке дайындық кезінде алынған білім, білік, дағды.

  2. Кәсіби педагогикалық қызмет барысында алынған білім, білік, дағды.

Шебер педагог - бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.
Педагогикалық шеберлік - балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер.
Педагогикалық үрдістің ерекшелігі, оның құрылымы және мазмұны дамыту, окыту, тәрбиелеу функцияларын тәжірибе бары­сында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табылады.
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің маңызды кұрамдас бөлігі бола отырып, мынадай төрт жүйені қамтитын күрделі құрылымды қамтиды:

  1. Педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет