Пәні: Басқару есебі 2



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі45 Kb.
#486696
түріЛекция
  1   2
Лекция 1


Лекция № 1


Қазіргі жағдайдағы басқару есебі, функциялары мен ерекшелігі

Басқару есебінің мәні мен мағынасы, оның мақсаттары мен міндеттері.


Кез-келген кәсіпорын басшысының маңызды міндеттерінің бірі − XXI ғ. басында өзінің бақылауындағы ресурстарын мүмкіндігінше тиімді пайдалану. Ол үшін сол ресурстардың саны жөнінде ақпараттар қажет. Стандартты бухгалтерлік есеп ондай ақпараттармен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан XX ғасырдың басында индустриалды дамыған елдердегі нарықтық экономиканың дамуы бухгалтерлік есепке қосымша басқару есебінің қажеттілігін тудырды.
Осыған байланысты бухгалтерлік есептің біртұтас жүйесін қаржылық және басқару есебі деп бөлуге тура келді.
«Басқару есебі» терминінің мәнін ашуда екі қадам ұсынылады. Біріншісі management accounting-пен, екіншісі европалық «контроллингпен» байланысы.
Бірінші терминмен байланысты кез-келген есеп қызметінің негізгі міндетті-кәсіпорынның басқару персоналдарын (қызметкерлерін) басқару шешімдерін қабылдау үшін өз уақытында және толық ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл есеп жөніндегі қызметтің кәсіпорынды тұтас және жеке бөлімдерін басқарумен байланыстылығының ажырамайтындығын көрсетеді. Сондықтан басқару есебінің; талабынан шығып отырғандай, management accounting сөзін есепті ұйымдастыру деп аударуға болады. Осындай қадамда басқару есебі кәсіпорынның шығындары жөніндегі ақпараттарды талдайтын және жинақтайтын жүйе ғана емес, сонымен бірге қызмет бөлімшелерін бағалау және бюджеттеу жүйесі. Жалпы алғанда мұнда бухгалтерлік технологияға қарағанда басқару дәрежесі үлкен.
Екінші түсінікке сәйкес басқару есебі − өнімнің өзіндік кұны, шығыстар мен шығындар жөніндегі ақпараттарды ашып көрсететін және жинақтайтын жүйе ретінде қарастырылады, яғни ол кәсіпорын қызметіне бақылау жасау мақсатындағы ұйымдастырылған есептің кеңейтілген жүйесі.
Тар мағынада басқару есебін – кәсіпорын қызметімен байланысты шығындар мен табыстардың есебі және оларды бақылау деп түсінуге болады.
Қазақстанның тәжірибесінде басқару есебі көп жағдайда кең мағынада ұйымның қызметін бақылау, басқару және жоспарлау үшін пайдаланылатын, бір кәсіпорын шегінде басқару персоналын ақпараттармен қамтамасыз ететін жүйе ретінде қарастырылады.
Басқару есебінің объектілеріне – кәсіпорынның және оның жекелеген құрылымдық бөлімдерінің шығындары, жауапкершілік орталықтары; жауапкершілік орталықтарымен тұтас кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қорытындылары; ішкі бағаның құрылуы; бюджеттеу және ішкі есеп беру жатады.

Толық өзіндік құнның есебі

Қысқартылған өзіндік құнның есебі

Сурет 1 – Басқару есебінің ішкі жүйесі

Батыстың басқару есебінің тәжірибесінде басқару және қаржы бухгалтериялары байланысының екі варианты бар. Бұл байланыс қаржы бухгалтериясындағы шығыстар мен табыстар шоттарының жағдайын (қандай екендігін) бақылау шоттарының көмегімен жүзеге асырылады.


Басқару бухгалтериясындағы бақылау сұрақтарымен тікелей корреспонденциялардың бар болуы кәсіпорындағы есептің интегралдық (монистикалық) кіші жүйесінен орын алады. Егер басқару есебінің кіші жүйесі автономды, тұйық болса, онда аттас екі шот қолданылады, яғни көрсетілген шоттар немесе шот-экран.
Басқару есебінде пайдаланылатын әдістер әр түрлі:
- бухгалтерлік есеп (қаржы есебі) әдістерінің кейбір элементтері (шоттар, қосарлы жазу, түгелдеу, құжаттау, баланс, есеп беру);
- статистика мен экономикалық талдауда қолданылатын әдістер мен тәсілдер (индекстік әдіс, факторлық талдау және т.б.)
- математикалық әдістер (корреляция, сызықтық программалау, ең төменгі квадраттар әдісі және т.б.).
Басқару есебінің мақсаттары:
- басқарушыларға жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық көмектер көрсету;
- кәсіпорынның және жауапкершілік орталықтарының экономикалық қызметін жоспарлау, болжау және бақылау;
- баға құрылымы үшін базаларды қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның тиімді даму жолдарын таңдау.
Нарықтық экономика жағдайында толық шаруашылық және қаржылық дербестік берілген кәсіпорынды басқару процесі едәуір қиындады. Сондықтан, бухгалтерлік есеп жүйесі алдындағы тұрған міндеттер де күрделенді. Әкімшілік жүйенің бухгалтерлік жүйесі бүгінде қазіргі замандағы «ақпараттық» кәсіпорынның талаптарын қанағаттандыра алмаушы еді. Бухгалтерлік қызметтің дербес саласы жағдайында қаржылық және басқару делініп бөлінетін басқару есебі сөзсіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет