Пәні: Биология Сабақтың тақырыбы



Дата28.03.2024
өлшемі160.33 Kb.
#496852
түріСабақ
e3f4a136-cdc3-42e2-87ac-f2268ebff88d


Пәні:Биология
Сабақтың тақырыбы: Рибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысы мен қызметтері. Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жоспар:

  1. Рибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысы мен қызметтері.

  2. Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.
Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады. Организмде РНҚ ақуыздармен кешенді байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады. РНҚ генетикалық ақпараттың жүзеге асуы мен ақуыз синтезіне қатысып, барлық тірі организмдерде аса маңызды биологиялық рөл атқарады. Көптеген вирустарда РНҚ-н жалғыз нуклеинді компонент (құраушы) құрайды. Осындай РНҚ вирустарда РНҚ биосинтезімен қатар ДНҚ биосинтезінде де матрица рөлін атқара алады (кері транскриптаза). Бактериялар, өсімдіктер және жануарлар жасушаларында құрылымы, метаболизмі және биол. қызметтері әр түрлі РНҚ типтері кездеседі. Мысалы, рРНҚ рибосоманың құрамына еніп, жасушадағы РНҚ-ның негізгі массасын құрайды және көлемі, құрылымы түрлі организмдерде әр түрлі болады. Клеткада негізінен рРНҚ-да ақуыздың биосинтезі жүреді; тРНҚ жасушада амин қышқылдары қалдықтарын жалғастырып алып, оны ақуыз синтезі өтіп жатқан жерге тасымалдайды. Әрбір амин қышқылының өзіне сай арнайы тРНҚ (әдетте бірнеше) болады. Барлық тРНҚ жоңышқа жапырағына ұқсас макромолекулалы құрылымға ие. Олардың рибосомаға және аРНҚ-на жабысатын, үш нуклеотидтен тұратын (антикодон) және амин қышқылы қалдығын жалғастыратын аймақтары бар. РНҚ-ның барлық түрлері жасушада ДНІ матрицасында синтезделеді, соның нәтижесінде ДНҚ-ндағы дезоксирибонуклеотидтер тізбегінде комплементарлы рибонуклеотидтер тізбегі құрастырылады, мұны транскрипция процесі деп атайды. Клетка ядросында матриц. РНҚ-ның (мРНҚ) бастамасы болып келетін алып молекулалар табылған, олардың көп бөлігі ядрода ыдырайды да, аз бөлігі цитоплазмаға өтіп, нағыз мРНҚ-ын құрайды.

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) – бұл сызықты тарамдалмаған полирибонуклеотидтер, рибонуклеозид монофосфатрибонуклеин қышқылының (РНҚ-ның) құрылым бiрлiгi болып табылады.
Рибонуклеозидмонофосфат РНМФ – бұл ( H3PO4) фосфор қышқылының бiр қалдығынан және рибозаның пуриндi және пиримидиндi азотты негiздерiнен тұратын қосылыстар.
Рибонуклеин қышқылдары құрамы жағынан ДНҚ-ға ұқсайды, тек РНҚ молекуласында дезоксирибоза орнына рибоза болады, ал тимин урацилмен алмастырылған.
Сонымен рибонуклеин қышқылдарының құрамына азотты негiздерден аденин, гуанин, цитозин және урацил кiредi. РНҚ-ның құрамындағы гидроксил туындылары (кето- тѕрiнде) лактамдар түрiнде кездеседi.
РНҚ-ның құрамында көрсетiлген рибонуклео зидмонофосфаттардан басқа аз мөлшерде минорлы негiздер және минорлы нуклеозидтер де кездеседi. Минорлы азотты негiздер – бұл процессинг (РНҚ-ның пiсiп жетiлуi) кезiнде полирибонуклеотид құрамындағы басты негiздердiң түрленуi нәтижесiнде түзiлген метил және гидроксил туындылары.
РНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы.
РНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы коваленттi құрылым болып табылады,өйткенi РНМФ қалдығы полирибонуклеотидтi тiзбекте бiрiмен-бiрi 3, 5 фосфодиэфирлi байланыспен бiрiгедi.
РНМФ-тың бiрiншi реттiк құрылымы –бұл полирибонуклеотидтi тiзбекте РНМФ қалдықтарының тiзбектесiп берiлуi.
Скелет монотонды қайталанып келетiн рибоха мен нуклеин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.
Азотты негiздер бiр-бiрiнен бiрдей ара қашықтықта орналасқан бүйiр топтары түрiнде қарастыруға болады. Полирибонуклеотидтi тiзбекке векторлық тән , тiзбек бақыты 5->3. РНҚ-ның әрбiр түрлерiнiң поликонденсациялық коэффициентi бiрнеше оннан бiрнеше мыңға дейiн созылады. Молекулалық массасы 250 мыңнан млн. Дальтонға дейiн.
РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы оның реттелген екiншi реттiк құрылымы жоқ.
Транскрипция 3фазада жүредi:
Транкрипцияның инициясы – РНҚ-а полимеразамен бiрге промотордың байланысуымен бiтедi және ДНҚ бөлiмiнiң денатурациясын тудырады.
Тiзбектiң элонгациясы – РНҚ-ның бiрiншi реттiк тiзбегiнiң синтезiн өсiрумен аяқталады.
Терминация (аяқталуы) терминатор деңгейiнде жүзеге асады. Бұл т-РНҚа, м-РНҚа жолында т-РНҚа, м-РНҚа, р-РНҚа функционалды молекулаларға айналып, РНҚ-ның әртүрлi типтерiнiң пiсiп жетiлуi. Бұл процесс мынадай жолдармен жүзеге асады:
Реттiк транскриптi бiрнеше жекелеген РНҚ-ға бөлу (егер, бiрiншi реттiк транскрипт бiрнеше РНҚа-дан тұрса).
Екi соңғы жағынан ретiмен “артық” нуклеотидтi алып тастау. 5, 3 соңдарын түрлендiру.
Минорлы негiз түзетiн нуклеотидтердiң қалдықтарын түрлендiру.
Ядродан цитоплазмаға рибонуклеотидтi тасымалдау.
Бақылау тапсырмалары:

  1. Рибонуклеин қышқылы

  2. Транскрипцияның 3фазасы

  3. РНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы.

  4. Терминация ұғымы



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет