Пневмония мен плевриттің диагностикасы, дифференциалды диагностикасы, емі, алдын алу. Реабилитация



бет1/5
Дата08.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#466861
  1   2   3   4   5
срс 1

  • Орындаған: Ғұлямасхы Ә
  • Тобы:ЖТД-744

Жоспар:

  • Плеврит анықтамасы, этиологиясы
  • Классификация
  • Клиника
  • Диагностика
  • Емі

Плеврит — плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы немесе плевра беттерінің қабынуы.

  • Плеврит — плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы немесе плевра беттерінің қабынуы.

Этиологиясы

  • Плевриттің жұқпалы түрінің қоздырғыштары: стафилококк, пневмококк, туберкулез таяқшалары, эхинококк, т.б
  • Сонымен қатар плевриттің пайда болуына өкпе қабынуының және лимфа бездерінің асқынуы, ревматизм, әр түрлі ісік және аллергиялық аурулар немесе көкірек қуысының жарақаттары әсер етеді.

Классификация:

  • Сұйықтықтың орналасуы бойынша:
  • -Диффузды;
  • -Қалталанған
  • ұшындағы немесе апикальды;
  • қабырға аралық;
  • сүйек-көкеттік;
  • көкеттік (базальды);
  • парамедиастинальды;
  • үлесаралық;

Құрғақ плеврит(клиникасы)

  • Аурудың негізгі шағымы-демді терең алғанда және жөтелгенде күшейетін кеуденің шаншып ауыруы,құрғақ жөтел,жалпы әлсіздік және ұзаққа созылатын субфебрильді температура.Науқастар ауырсыну сезімін азайту үшін бір жанына қарай(плевра зақымдалған) жатады.Диафрагмальды плеврит кезінде ауырсыну іштің жоғарғы бөлігіне және көкеттік нерв бойымен- мойын аймағына беріледі.Апикальды плеврит кезінде кеуденің трапеция тәрізді және үлкен бұлшықеттерінде ауырсыну (Штернберг және Поттенджер симптомы) болады.Аускультацияда-плевра үйкеліс шуы.

Экссудативті плеврит

  • Жалпы әлсіздік, ентікпе, қалтыраумен жүретін дене температурасының жоғарылауы, тершеңдік,т әбеттің төмендеуі. Қалталанған медиастинальды плеврит кезінде-дисфагия, беттің, мойынның ісінуі және дауыстың қырылдауы болады.Тыныс жетіспеушілігінің дәрежесі акроцианоздан (еріннің, саусақтардың көгеруі) тері жабындысының тотальды цианозына дейін ұласады.Жалпы қарауда-кеуденің ауру жағы тыныс алғанда қалыңқы болады,не тыныс алуға қатынаспайды (өкпенің қысылып қалатынынан).Кеуденің төменгі бөлігіндегі қабырға аралықтардың ісініп, шығыңқы болатынын көруге болады. Перкуссия кезінде-массивті тұйық дыбыс. Аускультацияда-тыныстың болмауы, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет