Повестка дня административной реформы: уроки международного опыта



бет1/4
Дата28.11.2023
өлшемі341.92 Kb.
#484672
түріПрезентация
  1   2   3   4
3т Экономика негіздері 1 курс Жакупова Б.А. 2023


«Экономика негіздері» пәнінен
Дәріс
3-тақырып. Жұмыссыздық және инфляция.
Әзірлеген: э.ғ.к., аға оқытушы Жакупова Б.А.

Дәріс презентациялаудың мақсаты: жұмыссыздық пен инфляцияның себептерімен, мәнімен, түрлерімен танысу және олардың байланысын анықтау. Дәріс жоспары: 1.Жұмыссыздық: мәні, себептері мен нысандары. 2.Жұмыссыздықтың ЖҰӨ мөлшеріне ықпалы. Оукен заңы. 3.Инфляция себептері, мәні және түрлері. 4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы

Жұмыссыздық

Жұмыс күшінің бір бөлігі өндірісте еңбекке араласпағандығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Жұмыссыздық

Халықаралық еңбек ұжымының анықтамасына сәйкес, жұмыссыздарға жұмыс орындарының жетіпеуінен жұмысқа орналаса алмай өз бетінше жұмыс іздеп жүрген адамдарды жатқызамыз.


Классикалық
Мальтустық
Жұмыссыздықты болдырмау
теориялары
Кейнстік

Жұмыссыздықты болдырмаудың Классикалық теориясы

Егер еңбек ақы өскен уақытта еңбекке деген сұраным төмендейді. Ал бұл жағдайда ұсыным керісінше өседі.

Яғни, еңбекке ұсынымның сұранымнан артып кетуі жұмыссыздықты білдіреді.

Сондықтан да еңбек ақыны төмендету арқылы жұмыссыздықты азайтуға болады.

Жұмыссыздықты болдырмаудың Мальтустық теориясы

Жұмыссыздықтың пайда болуына тұрғындардың өсуі әсер етеді.

Жұмыспен қамтудың тұрақтылығын адамдардың дүниеге келуін шектеу саясатын ұстанумен қамтамасыз етуге болады.

Жұмыссыздықты болдырмаудың Кейнстік теориясы

Жиынтық сұраным өнім көлемін анықтайды. Яғни, бұл жерде жұмыс күшіне сұранымды анықтайды.

Өндіріс және жұмыспен қамту мөлшері төлем қабілеті бар сұраным факторымен анықталады.

Жұмыссыздықты болдырмау үшін мемлекеттік шығындарды көбейтіп, салықтарды азайтып, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет