Презентация Орындаған: Усенбаева Ақмарал Серикбаева Ақмарал Тобы: 1901-22 Қабылдаған: Бақбергенова А. С жоспар: Кіріспе



Дата28.03.2023
өлшемі1.49 Mb.
#471308
түріПрезентация
Есту көру презентация 2 (копия) (копия)

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Тақырыбы: Көрудің туа біткен бұзылыстарының этиологиясы


Презентация
Орындаған:Усенбаева Ақмарал
Серикбаева Ақмарал
Тобы:1901-22
Қабылдаған: Бақбергенова А.С

Жоспар:

  • Кіріспе
  • Көру мүшесіне сипаттама

  • Негізгі бөлім
  • Көз аурулары:

    1.1 Кератит

    1.2 Катаракта

    1.3 Глаукома

    1.4 Миопия

  • Қорытынды

Көру жүйесіне сипаттама

  • Көз-оптикалық жүйе.
  • Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі.
  • Көз ағзасы қорғаныс аппаратынан (қабақтар мен көз ұясы), қосалқы аппараттан (жас ағзалары, бұлшық еттер, қан тамырлыры, нервтер) және көз алмасынан тұрады. Көз алмасында көру-нерв аппараты (тор қабық пен көру нервісі) және диоптрилік аппаратты (көз ішілік сұйық, қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәрізді дене) ажыратады.

Кіріспе:

Кератит


Кератит - көздің қасаң қабығының қабынуы, жарақаттар, инфекция немесе аллергия салдарынан пайда болып, қасаң қабықтың бұлдырауымен және көру өткірлігінің төмендеуімен сипатталады.

Кератит себебі

  • Кератит, көздің қабығының инфекциясы, әдетте контактілі линзаларды киюмен байланысты. Одан кейін инфекция линзаның гигиенасын ескермеу немесе нашар бейімделу немесе тіпті түнде линзаларды киюге байланысты.
  • Сирек жағдайларда бұл инфекция көзге түскен сызаттар немесе заттардың салдары болуы мүмкін.

Катаракта


Катаракта– көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы.

Катаракта белгілері

  • Катаракта-көз бұршағының (көз ішіндегі линза) бұлыңғырлануы, көздің үдемелі ауруы. Нәтижесінде жарық сәулелері көз торына жетпейді.
  • Белгілері
  • көру қабілетінің біртіндеп төмендеуі, соқырлыққа жету;
  • бұлыңғыр нысандар пайда болады;
  • түстердің ашықтығы мен контрастының төмендеуі;
  • бұлыңғыр көру;
  • қашықтықта және жақын жерде көру қабілетінің бұзылуы, кейде уақытша жақсарту;
  • қарашықтың түсі өзгереді, ол ақ болады;
  • ашық түстер айналасында көріністердің көрінбеуі.

Туа және Жүре пайда болған катаракта

  •  Кейде 50 жастан кейін пайда болып, бірте-бірте үдейді. Қант диабеті, экзема, зат алмасудың бұзылуы, ұзаққа созылған көз аурулары көздің жарақаттануы жүре пайда болған Катарактаға әкеледі. Іштен туа біткен Катаракта құрсақтағы ұрықтың дамуы кезінде пайда болады. Бұған екіқабат әйелдің жұқпалы аурулармен (тұмау, қызамық, тағы басқа) ауруы себепші болады.

Глаукома
Глаукома – ұзақ уақыт бойы көз ішілік қысымның артуы есебінен көру нервісінің зақымдануынан орын алады. Глаукома тұқым қуалау бойынша берілуі мүмкін, бірақ, ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін.
Бірінші рет глаукома термині Гиппократпен еңгізілген. Бірінші рет глаукоманың клиникалық белгілеріне арнап дәрігері Самсэт-ды 1348 жылы сипаттама берді. Клиникасында келесі белгілерді көрсеткен: көз ұясында ауырсыну, сол жақ басының ауырсынуы, көру өткірлігі төмендеген, қарашықтың кеңейуі, жарыққа реакцияның болмауы, қарашық жасыл-сары түсті жорықтанады. 

Туа біткен Глаукома

  • Туа біткен глаукома - глаукоманың ең сиректүрі және тұқым қуалайтын болуы ықтимал.Бұл глаукома нәрестелер мен жасбалаларда дамиды. Глаукоманың басқатүрлерінен айырмашылығы, глаукоманыңбұл түрі көбінесе толық соқырлыққа әкеледі.

Миопия

  • Жақыннан көргіштік немесе Миопия — бұзылысы, мұндайда адам алыстан жөнді көре алмайды. Бұл бұзылыс бөлмеле жарықтық жеткіліксіздігінен, затқа көзді тым тақап жұмыс істеуден (оқу, жазу, кейбір қолөнері кәсібімен шұғылдану) т. б. болады.

Қорытынды:

  • Денсаулық- бұл біз үлкен байлық. Сондықтанда денсаулыққа бірінші орында мән беру керек деп ойлаймын. Себебі дені сау адам болу бірінші өзіңе сосын басқаларға пайдалы. Ал сенің ауырып жүргенің өзіңе және айналағада зиян. Сондықтанда өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығымызға баса назар ауларайық!

Пайдаланылған адебиеттер

  • Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы Р.П.Самусев, Ю.М.Селин “Анатомия” Л.Ф.Гаврилов, В.Г.Татаринов “Анатомия”
  • https://kazmedic.org/archives/692
  • https://ppt-online.org/553772


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет