«Программа құрудың құрал-жабдықтары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



Дата23.02.2016
өлшемі297.09 Kb.
#3107


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК

«Программа құрудың құрал-жабдықтары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Баспа №1



    «ПРОГРАММА ҚҰРУДЫҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ»


ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

050704 «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету»



мамандығына арналған



    ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




Семей

2008
мазмұны

1.

Глоссарий

3-бет

2.

Дәрістер

4-14 беттер

3.

Практикалық және лабораториялық сабақтар

14-23 беттер

4.

Студенттің өздік жұмысы

24-бет



1. глоссарий


Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:

    1. Программалық құралды құратын және сүйемелдейтін құрал-жабдықтық орта – қандай да бір нақты пәндік облысқа бағдарланағн немесе белгілі бір программалық тілде программалық құралды құру және сүйемелдеуге арналған логикалық бір-бірімен байланысқан программалық және аппараттық құралдардың жиынтығы.

    2. Программалық құрал – басқа программалық құралдарды құруға арналған программалық құрал.

    3. Аппараттық құрал – программалық құралды құруға арналған арнайы компьютердің құрылғысы.

    4. Файлдық менеджер (ағыл. file manager) –файлдық жүйемен және файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютерлік программаның қлджанушы интерфейсы.

    5. Плагин (ағыл. Plug-in – қосылатын модуль) – программалардың мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған сырттан қосылатын модульдер(plugins).

    6. Ақпаратты қысу – файлда сақталынған ақпаратты жадыда аз орын алатындай етіп сақтау.

    7. Архивті файл - өзінің құрамында бінеше қысылған файлдері бар немесе файлдардың аты, олардың құрылған күні, уақыты немесе модификациясы, мөлшерлері туралы қызметтік ақпараты бар арнайы түрде ұйымдастырылған файл.

    8. Архивтеу – бастапқыдағы файлдарды қысылған немесе қысылмаған күйде авхивті файлдарға орналастыру.

    9. Архивтен алу – файлдарды архивке орналастырмастан бұрын қандай күйге болса, дәл сондай күйде архивтен қайта шығару.

    10. Архиватор-программалар - файлдарды архивтейтін прграммалар.

    11. Шаблон (Template) *.VST – қосымшаларға қатысты бейнелер сақталынатын арнайы файл.

    12. Трафарет (Stencil) *.VSS – белгілі бір ортақ идея бойынша немесе нақты қолданбалы облысқа бағдарланған мастер-шейптардың жиынтығы бар файл.

    13. Drawing, *.VSD (сурет) – Visio-да құрылатын суреті бар файл.

    14. Workspace, *.VSW (жұмыс кеңістігі) – жүктелген Stencils-тері және осы терезенің физикалық орналасуын есепке алатын орын.

    15. Отладка – қателерді анықтау және түзету процесі.

    16. Класс – бірдей қаситетерге ие объектілердің категориялары.


2. Дәрістер

Дәріс 1. Кіріспе.


    1. Программалық құралдарды жасауда және сүйемелдеуде компьютерлік демеу көрсету


Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Программалық құралдарды жасаудағы құрал-жабдықтар.

  2. Программалық құралдарды жасаудағы құрал-жабдықтық орта.

  3. Программалаудың құрал-жабдықтық ортасы.

  4. Программалық құралдарды компьютерлік технологиялар және оның жұмыс орындары.

  5. Программалаудың технологиясының құрал-жабдықтық жүйелері.

1. Программалық құралдарды жасаудағы жабдықтарды атқаратын қызметіне қарай 4 топқа бөледі:



    1. редакторлар;

    2. анализаторлар;

    3. түрлендірушілер;

    4. программаның орындалуы процесіне демеу көрсететін жабдықтар.

Программалаудың құрал-жабдықтық ортасында ең алдымен текстік редактор, құрал-жабдыөқтар бар. Текстік редактор белгілі бір программалау тілінде программаларды құрастыруға мүмкіндік береді, ал құрал-жабдықтар осы программалық тілде программаларды компиляциялауға және құрылған программаларды тестілеуге мүмкіндік береді.

Программалаудың құрал-жабдықтық орталары келесі топтарға бөлуге болады:



  1. жалпыға бірдей орталар;

  2. тілдік-бағдарланған орталар.




    1. Программылқ құралдарды жасаудың жалпы принциптері.

      1. Программалық құралдарды жасаудың ерекшеліктері.

Программалық құралдарды жасауға біренше спецификалық ерекшеліктер тән. Ең алдымен мынадай қарама-қайшылықты атау қажет: программалық құралдарға деген талаптардың формальді емес сипаттамасы және ондағы қателікті түсіну, бірақ программаны жасау - формалданған негізгі объект. Осылай программалық құралды жасау белгілі бір формалданған кезеңдерден тұрады, ал формалды еместен формалдыға өту формалды емес жағдай болып табылады.

      1. Программалық өнімнің өмірлік циклі.

Программалық құралдың өмірлік циклі дегеніміз осы программалық өнімді жасаудан бастап, оны пайдалануға жіберу периоды, яғни осы программалық өнімді жасау идеясы туындағаннан бастап, оны пайдалудың аяқталғанына дейінгі кезең. Өмірлік цикл программалық құралды жасаудың және пайдаланудың барлық процестерін қамтиды.


      1. Программалық құралдың сапасы туралы түсінік.

Әрбір программалық құрал белгілі бір функцияларды орындайды. Жақсы жасалған программалық құрал оны ұзақ уақытқа дейін пайдалануға мүмкіндік беретін сапаға ие болу керек. Программалық құралдың сапасы – программалық ққралды пайдаланушылардың қоятын талаптарын қанағаттандыратын мүмкіншілігіне әсер ететін қасиеттер мен сипаттмалардың жиынтығы.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Программалық құралдарды жасаудың құрал-жабдықтар деген не?

  2. Программалық құралдарды жасаудың құрал-жабдықтықтардың түрлері.

  3. Программалық құралдарды жасау және сүйемелдеудің құрал-жабдықтық орталарының негізгі кластары.

  4. Программалау ортасы деген не?

  5. Программалаудың құрал-жабдықтық ортасының қандай түрлері бар?

  6. Программалық құралдарды жасаудың ерекшеліктері.

  7. Программалық құралдың өмірлік циклі деген не?

  8. Программалық құралдың сапасы деген не?



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.

2-дәріс. Файл-менеджерлер.



Дәріс сабағының құрылымы:
  1. Анықтама. Файл-менеджерлердің түрі.


  2. Файл-менеджерлердің маөмұны.

  3. FAR Manager – файлдық және архивтік менеджер. Жалпы түрі, функционалдық мүмкіншіліктері.

  4. Файлдық және архиввтік FAR Manager –дің қосылатын модульдерінің мүмкіншіліктері.

  5. Стандартты плагиндер. Олардың қолданылуы.

Файл-менеджер дегеніміз – қолданушыға файл және файлдық жүйемен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін қолданушы интерфейсы бар компьютерлік программа. Файл – менеджер файлдармен жиі жасалатын оперцияларды орындауға мүмкіндік береді – құру, ашу, көріп шығу, өңдеу, орын ауыстыру, атын өзгерту, көшіру, өшіру, атрибуттары мен қасиеттерін өзгерту, файлдарды іздеу және т.б.

Ең кең таратған ортодоксальді файлдық менеджерлер:

DOS

Norton Commander

Dos Navigator

Volkov Commander

Windows

FAR Manager

Total Commander [1]

Dos Navigator Open Source [2]

POSIX (Linux, BSD и т.д.)

Midnight Commander

krusader

Навигациялық файлдық менеджерлер:



Windows

Windows –тың проводнигі (ағыл.. Windows Explorer) —Windows-қа кірістірілген



POSIX (Linux, BSD және т.б.)

Konqueror - KDE-мен бірге қойылады

Thunar - Xfce-мен бірге беріледі.
Advanced Compare – каталогтарды салыстырудың мүмкіндіктерін кеңйтетін плагин.

Editor\Align – кірістірілген редакторда блоктарды форматтауға арналған плагин.

Editor\AutoWrap – енгізу кезінде жолды автоматты түрде келесі жолга тасымалдайтын плагин.

Editor\Brackets - редактордағы жақшалар арасындағы автоматты түрде көшуге арналған плагин.

Editor\DrawLine – редакторда сызықты салуға арналған плагин.

Editor\EditCase – жазылған сөздердің регистірін өзгертуге арналған плагин.

FileCase – EditCase-ке ұқсас, файлдардың атауларымен сондай операцияларды орындайды.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Файлдық менеджерлердің түрін ата.

  2. FAR Manager деген не:

  3. FAR Manager-дің функционалды мүмкіншіліктері.

  4. Стандартты плагиндер.


Ұсынылатын әдебиет:

  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.




3-дәріс.Архиваторлар.



Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Ақпаратты қысу ұғымы.

  2. Файлдерді архивтеу процесі.

  3. Архивтеудің базалық алгоритмдері.

  4. Архивтік-программалардың негізгі түрлері.

  5. Архивтік – программаларды басқару тәсілдері.

1. Ақпаратты қысу – жадыда аз орын алатындай файлда сақталынған ақпаратты түрлендіру процесі. Файлдардың біреуін немесе бірнешеуін де сығуға болады, оларды қысылған күйде архивтік файл немесе архив деп аталатын файлда сақтайды.

Архивтік файл - өзінің құрамында бінеше қысылған файлдері бар немесе файлдардың аты, олардың құрылған күні, уақыты немесе модификациясы, мөлшерлері туралы қызметтік ақпараты бар арнайы түрде ұйымдастырылған файл.

Архивтеу – бастапқыдағы файлдарды қысылған немесе қысылмаған күйде авхивті файлдарға орналастыру.

Архивтен алу – файлдарды архивке орналастырмастан бұрын қандай күйге болса, дәл сондай күйде архивтен қайта шығару.

Архиватор-программалар - файлдарды архивтейтін прграммалар.

Архивтік программамен жұмысын басқару мынадай 2 тәсілдің бірімен жүзеге асады:

1) MS DOS командалық жолының көмегімен архивтік программаны іске қосатын командасын орындауға, басқару командасын орындауға мүмкіндік бар. Мұндай басқару түрлері ARJ, AIN, ZIP, РАК, LHA және т.б. архивтік программаларда кездеседі.

2) Кірістірілген программалық қабықшаның және диалогтік қабықшаның көмегімен, яғни программаның іске қосылғанынан кейін басқаруды мәзір немесе функционалды пернелер арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай басқару түрі RAR архиваторында қолданылады.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Ақпаратты қысу деген не?

  2. Файлдерді архивтеу процесі қандай процесс?

  3. Архивтеудің базалық алгоритмдері.

  4. Архивтік программалардың негізгі түрлері.

  5. Архивтік программаларды басқару тәсілдері.


Ұсынылатын әдебиет:

  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.



4-дәріс. Бағдарлама жазатын модельдерді ұйымдастыру (процедуралық, оқиғалық).
Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Программалау негіздері.

  2. Программа құрудың кезеңдері.

1. Белгілі бір программаалу тілінде жазылған алгоритмді программа деп атайды.

Программа жазу деген жалпы программалау процесінінң бір ғана кезеңі, яғни программа құрушы командаларды текстік редакторда немесе қағаз бетіне жазатын кезең ғана.

Программалау дегеніміз – программаны құру процесі. Программалау мынадай кезеңдерден тұрады:

1) Ерекшелік (программаға қойылатын талаптарды анықтау);

2) Алгоритмді жасау;

3) Кодтау;

4) Отладка;

5) Тестілеу;

6) Анықтамалық жүйе құру;

7) Программаны орнататын диск құру.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Программа деген не?

  2. Программалау деген не?

  3. Программалау кезеңдерін ата.


Ұсынылатын әдебиет:

  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.




5-дәріс. Бағдарлама мәтінін ұйымдастыру.

Delphi 7 программа құрудың интегралданған визуалды ортасымен танысу.
Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Delphi 7 программалу ортасына кіріспе.

  2. Delphi 7 ортасының интерфейсы.

  3. Компоненттер түрі.

1. Delphi 7 – программа құрудың визуалды ортасы. Delphi 7 деген грекиялық қала, бұл қалада дельфиялық оракул өмір сүрген. Осы қаланың атымен феноменалды сипаттамалары бар программалық өнім де аталды.

Delphi 7 – бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:


  • Машиналық кодқа жылдам ауыстыратын компилятор;

  • Нысанды-бағытталған модель;

  • Қосымшалардың программалық прототиптерден визуалды құрылуы;

  • Мәліметтер базасын құруға арналған масшатбталған құрал.

2. Delphi 7 ортасының интерфейсы басқа программалық орталардан ерекшелінеді.

Төменде Delphi 7 ортасының негізгі бөліктері көрсетілген:


  • Формалар Дизайнері;

  • Мәтінді редакторлеу терезесі;

  • Компоненттердің палитрасы;

  • Объектілердің инспекторы;

  • Анықтама.



1-сурет. Delphi7 ортасының сыртқы түрі.
Формалар Дизайнері бастапқыда бос терезеден тұрады, осы терезені программалау барысында компоненттремен толтырады.

2- сурет. Формалар Дизайнері

Мәтінді редакторлеу терезесінде сәйкес компонентке программалық модуль жазылады:




3-сурет. Мәтінді редакторлеу терезесі
Компоненттер палитрасы Формалар Дизайнеріне орналастыратын компоненттерді таңдауға мүмкіндік береді.

4-сурет. Компоненттер палитрасы.
Объектілер инспекторы 2 беттен тұрады және ол компоненттердің қасиетін және іс-әрекетін өзгертеді.




Рисунок 5. Инспектор Объектов вкладка список свойств



Рисунок 6. Инспектор Объектов вкладка список событий

5-сурет. Объектілер инспекторы.


3. Программаларды жасау барысында қажет болатын компоненттер компоненттредің палитрасында орналасады. Компоненттер палитрасында компоненттер түрі және қасиеттері болады. Компоненттердің тәртібін және санын өзгертіп отыруға болады.

6-сурет. Компоненттер палитрасы.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Дельфидің негізгі терезелерін ата.

  2. Объектілер инстпектор не үшін қажет?

  3. Компоненттер палитрасы не үшін қажет?

  4. Компоненттер палитрасында қандай объектілер орналасады?


Ұсынылатын әдебиет:

  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.


6-дәріс. Компиляция және бағдарламаларды байланыстыру
Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Берілгендер типі.

  2. Айнымалылар мен тұрақтылар.

  3. Стандартты функциялар.

  4. Басқарушы құрылымдар.

  5. Процедуралар мен функциялар.

Delphi программалау ортасында программа жазу үшін Object Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi-дегі программма инструкциялардың тізбегі ретінде болады, оларды операторлар деп атайды. Бір оператор екіншісінен утірлі нүктемен ажыратылады.

Әрбір инструкция идентификаторлардан тұрады. Идентификатор мыналарды білдіруі мүмкін:


  • Тілдің инструкциясы (:=, if, while, for);

  • айнымалыны;

  • константаны (бүтін немесе бөлшек сан);

  • арифметикалық (+, -,*,/) немесе логикалық (and, or, not) операциялар;

  • ішкіпрограмма (процедура немесе функция);

  • блоктың немесе ішкіпрограмманың (procedure, function) басын немесе соңын (begin, end).

Айнымалылардың бүтір сандар, бөлшек сандар, символда жолы, логикалық шамалар деген түрлері болады.

Айнымалы дегеніміз – программа барысында қолданылатын мәліметтер орналасатын жадының бір облысы. Программа мәліметтерді басқарғанда, ол жадының құрамын, яғни айнымалыларды басқарады.


Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Компилятор деген не?

  2. Компиляция деген қандай процесс?

  3. Инструкция деген не?

  4. Операторлар мен операнда деген не?


Ұсынылатын әдебиет:


  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.


7-дәріс. Программалардың отладкасы – DEBUGGER (отладчик). Программалық құрал-жабдықтық құралдар – еомпилятор және отладчик.
Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Программалардың компиляциясы.

  2. Программалық құралды тестілеу және отладкасы.

1. Программалау тілінің инструкциялары арқылы берілген программаны бастапқы программа деп атайды. Ол қолданушыға түсінікті, ал компьютердің процессорына түсініксіз инструкциялардан тұрады. Бастапқы программадағы инструкциялар бойынша компьютер тапсырманы орындау үшін бастапқы программа машиналық тілге, яғни процессордың командалар тіліне ауысу керек. Бастапқы программаның машиналық кодқа айналдыратын арнайы программа компилятор.

Компилятордың жұмыс істеу принципі төмендегі сұлбада көрсетілген:

7-сурет. Компилятордың жұмыс істеу принципі.
Компилятор мынадай 2 амалды орындайды:


  1. Бастапқы программаны синтаксистік жағынан тексереді;

  2. Орындаушы программаны – машиналық кодты жасайды.


Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Отладка деген не?

  2. Программаны тестілеу деген не?

  3. Программаны тестілеудің отладкадан айырмашылығы не?

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.




3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ сабақтар



1-зертханалық жұмыс. Visio – программалардың графикалық модельдерін құру.
Жұмыстың мақсаты: Visio ортасында программалардың графикалық модельдерін құруға дағдылану.
Есеп берудің мазмұны

  1. Жұмыстың аты және мақсаты

  2. Программаның листингі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Visio сурет салуға қажетті құралдардың жиынтығымен беріледі. Сызықты немесе доғаны салу үшін қарындашты қолдануға болады. Қарындашпен сурет салуды бастаған кезде, егер түзу сызық салу керек болса, онда Visio автоматты түрде сызықтың траекториясын анықтайды, ал егенр доға салу керек болса, онда ол бұрылады.

Сонымен қатар Visio ортасында сызық, доға, эллипс, төртбұрыш немесе қисық сияқты құралдар да бар. Күрделі формаларды салу кезінде қосу (Union), біріктіру (Combine), фрагменттеу (Fragment), қиыстыру (Intersect), алып тастау (Subtract) деген командалар орындалады.
Тапсырма.

Шейп шеберін тасып орналастыру.

Сурет салудың ең қарапайым әдістерінің бірі болып шейп шеберін трафареттен суретке тасып орналастыру болып табылады.

Шейп шеберін суретте орналастыру:



  1. Саймандар көмегімен сайман сілтемесін тандаңыз

  2. Трафарет терезесінен шейп шеберінің бейнесін көрсетіңіз.

  3. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, трафареттен шейп шеберін сурет бетіне орналастырыңыз.

  4. Шейпті суретке түсіру үшін тышқан батырмасын босатыңыз.

Шейп өлшемдерін өзгерту үшін сіз:

    • бірлік шейп өлшемдерін қысқа, ұзын немесе жоғары

    • екілік шейптердің биіктігін, енін өзгерте

    • шейп сегменттерін қосып, өшіре

    • қарандаш көмегімен доғаны редакторлай аласыз.

Бірлікшейптердің өлшемдерін өзгерту

1-Д шейп өлшемін өзгерткен кезде сіз соңғы нүктелерінің бірінен соза аласыз. Түзу сызықты емес 1-Д шейп селекция нүктелері бар болып өлшемін өзгерту үшін қолданады.

Бірлік шейпті ұзын немесе қысқа жасау үшін:


  1. сілтеме сайманымен шейпті тандаңыз

  2. сілтемені ең соңғы нүктеге орналастырып, төрт бағытты болмас үшін шейпті ұзартып немесе қысқартып тарту керек

  3. тышқан батырмасын жіберіңіз

Бірлік шейпті жуан немесе жіңішке етіп өзгерті\у үшін:

  1. сілтеме сайманымен шейпті тандаңыз

  2. сілтемені ең соңғы нүктеге орналастырып, екі бағытты болмас болмас үшін шейпті жіңішкелеп немесе жуандатып тарту керек

  3. тышқан батырмасын жіберіңіз

Екілік шейп өлшемін өзгерту

Екілік шейптің өлшемін өзгерте отырып, сіз оның биіктігі мен енін селекция нүктесінің орнын ауыстырып өзгерте аласыз. Және де оның пропорциясын сақтай отырып, бір және екі бағытта өзгертесіз.


Бақылау сұрақтары:

  1. Бірөлшемді шейп өлшемдерін қалай өзгерту керек ?

  2. Екіөлшемді шейп өлшемдерін қалай өзгерту керек ?

  3. Бірөлшемді шейптер үшін Size & Position командасы қандай мүмкіндіктер ұсынады ?

  4. Екіөлшемді шейптер үшін Size & Position командасы қандай мүмкіндіктер ұсынады ?

  5. Шейптерді қалай көшіруге және дубликаттауға болады ?

  6. Шейптерді келесі суретке қалай көшіруге болады ?

  7. Шейптерді келесі суретке қалай тасуға болады ?

  8. Шейпті қалай өшіруге болады ?

  9. Шейп тәртібін қалай өзгертуге болады ?

  10. Баспаға шығарылмаған шейпті қалай құруға болады ?

  11. Шейп ретін қалай өзгертуге болады ?



Ұсынылатын әдебиет:


  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.



2-зертханалық жұмыс. FAR. Плагиндерді ұйымдастыру және компиляциялау. FAR-да плагиндерді қосу

Жұмыстың мақсаты: Студенттерге плагин туралы түсінік беру, оларды ұйымдастыруды және компиляциялауды үйрету.

Есеп берудің мазмұны

  1. Жұмыстың аты және мақсаты

  2. Программаның листингі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Эксперименттік деректерді өңдеу мен жұмысты жүргізуден методикалық кепілдеме.

FAR Manager стандартты плагиндер

Advanced Compare- тізбе салыстырма мүмкіндіктерін кеңейтетін плагин

Editor\ Align- редакторға қосылған блонтарды форматтауға арналған плагин

Editor\ Auto Wrap- енгізу кезіндегі автотасуға арналған плагин

Editor\ Brackets- редакторда жакшалардың ортасынан автокөшуге арналған плагин

Editor\ Draw line- редакторда сызық салуға арналған плагин

Editor\ EditCase- теріліп алынған сөздіңрегистрін өзгертетін плагин. Бәрін істей алады- «Бас әріптен бастау», «БАРЛЫҒЫН БАС ӘРІПТЕРМЕН ЖАЗУ», «Регистрді өЗГЕРТУ», «Циклдық өзгеру».

FARCmds-өте қуатты және көпсалалы плагин

FTP- стандартты FTP client

Hlfviewer- плагиндерді өндейтін плагин. FAR’а көмекші файл- hlf файлын көру үшін қолданылады.

MultiArc- архивтермен жұмыс істеуге арналған ең қуатты плагин
Тапсырма.

FAR Manager стандартты плагиннің бірін таңдаңыз. Өз бетімен тңдалған плагиннің мағынасын, негізгі мүмкіндіктерін, жұмыс істеу принципі мен икемдеуін қарастырыңыздар. Атқарылған жұмыс бойынша есеп беруді дайындаңыздар.

Advanced Compare- тізбе салыстырма мүмкіндіктерін кеңейтетін плагин

Editor\ EditCase- теріліп алынған сөздіңрегистрін өзгертетін плагин.

FARCmds-өте қуатты және көпсалалы плагин

FTP- стандартты FTP client

Hlfviewer-FAR’а көмекші файл- hlf файлын көру үшін қолданылады.

MultiArc- архивтермен жұмыс істеуге арналған ең қуатты плагин

Network- Жүйемен жұмыс істеуге арналған

PrintMan- жаңа плагин

ProcList-процессорлар тізімі.

TmpPanel- уақытша панель.


Бақылау сұрақтары:

  1. Файлдық менеджер дегенді қалай түсінесін ? Қандай файлдық менеджерлерді білесің ?

  2. FAR Manager басқа файлдық менеджерлер айырмашылығы қандай ? Пакеттің функционалдық мүмкіндіктері ?

  3. Қандай стандартты плагиндерді білесіз және олардың мәні қандай ?

  4. plug-in қосылу/өшіру/жаңарту прициптері



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.




3-зертханалық жұмыс. Архиваторлар. ARJ, PKZIP
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді архиватор түрлерімен таныстыру, олармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Есеп берудің мазмұны

  1. Жұмыстың аты және мақсаты

  2. Программаның листингі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Эксперименттік деректерді өңдеу мен жұмысты жүргізуден методикалық кепілдеме.

Көптеген программалырдың басқару принциптерінің ұқсастықтарын ескере отырып, архиваторлық PKZIP/PKUNZIP және ARJ программалардың басты ерекшеліктерін қарастырамыз. Жұмыс бойынша қысқаша көмек алғыңыз келсе, командалық жолда программа атын енгізу керек: ARJ . Ал егер де сіз толығырақ мағмұмат алғыңыз келсе, онда ARJ -? немесе ARJ/? енгізу керек

Архивті файл

Жалғыз бір файлға сығылып салынған, бірақ алғашқы күйіндегідей қайта шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдардан тұратын құраманы- Архивті файл деп атаймыз. Архивті файл тақырып атауларынан тұрады солар арқылы сіздер архивте қандай файлдар сақталғанын біле аласыздар.Әрбір архивтің тақырып атауында келесі ақпарат сақталады:


  • файл аты

  • файл тұрған каталог жайында мағлұмат

  • ақырғы мофикацияланған файл уақыты мен мезгілі

  • архивтегі және дискідегі көлемі

Архивті файлдар атаулары

Әдетте архивті файлдар атаулары PKZIP/PKUNZIP және ARJ программалары келесі кеңейтулерге ие болады:



  • ZIP- PKZIP/PKUNZIP программалары архивті файл үшін

  • ARJ- ARJ программалары архивті файл үшін


Тапсырма.

Программаларды архивациялау режимі

PKZIP/PKUNZIP және ARJ программаларда өте көп функциялар бар, керекті функцияларды орындау программаны шақырған кезде командалық жолда іске асырылады. ARJ программа функциясының тапсырмасы команда кодын немесе режимдер арқылы орындалады. Команда коды бұл- бір әріп, ол командалық жолда программа атынан кейін орналасады. Мысалға:

А- архивке файлды орналастыру

Т- архивті тексеру

Е- файлдарды архивтен шығару


Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпаратты қысу деген не?

  2. Файлдерді архивтеу процесі қандай процесс?

  3. Архивтеудің базалық алгоритмдері.

  4. Архивтік программалардың негізгі түрлері.

  5. Архивтік программаларды басқару тәсілдері.


Ұсынылатын әдебиет:


  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.



4-зертханалық жұмыс. Object Pascal тіліне кіріспе. Берілгендердің қарапайым және құрылымдық түрлері. Ішкі программалар, модульдер
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді Object Pascal тілімен таныстыру, Object Pascal тілінде программа құрудың негіздерімен таныстыру.
Есеп берудің мазмұны

  1. Жұмыстың аты және мақсаты

  2. Программаның листингі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Delphi программалау ортасында бағдарламаны жазу үшін Object Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi-дегі бағдрламма нұсқаулардың тізбегінен тұрады және олар көбіне операторлар деп аталады.

Нұсқау идентификатордан (атаудан) тұрады.Идентификатор мыналарды көрсетуі мүмкін:


  • Тілдің нұсқаулары (:=,if,while,for);

  • Айнымалылар;

  • Тұрақтылар(бүтін және бөлшек сан );

  • Арифметикалық(+,-,*,/);

  • Ішкі програмалар (процедуралар немесе функциялар );

  • Ішкі программаның басталуы(Procedure, function) немесе аяқталуын (end) немесе блоктың (begin,end).


Тапсырма.

f(x)=0 түріндегі алгебралық теңдеудің түбірін келесі тәсілдермен анықтаңыз:

а) итерация әдісі;

б) Ньютон әдісі;

в) орта бөлу әдісі бойынша.
Бақылау сұрақтары:


  1. Тіл алфавиті.

  2. Программа құрылымы бойынша қысқаша мәліметтер.

  3. Тілдің лексикалық құрылымы.

  4. Тілде қолданылатын негізгі ұғымдар.


Ұсынылатын әдебиет:


  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.



5-зертханалық жұмыс. TOOLS. Delphi ұйымдастырудың тәсілдері (4 сағ).
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді Delphi ұйымдастырудың тәсілдерімен таныстыру.

Есеп берудің мазмұны

  1. Жұмыстың аты және мақсаты

  2. Программаның листингі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Өрнек операнда мен операторлардан туады. Оператор операндалар арасында орналасады, олардың әрекетін анықтайды. Операндалар ретінде: айнымаларды, тұрақтыларды, функцияны және т.б. өрнектер қолданылады.алгебралық операторлар негізгі таблицада көрсетіледі.




Оператор Әсері

+ Қосу

- азайту


* көбейту

/ бөлу


Div бүтін бөлігін алу

MOD бөлшек бөлігін алу


Div опероторы бір санды бір санға білгендегі бүтін болігін алады.

Мысалы: 15-Div7=2.

МОD пероторы бір санды бір санға білгендегібөлшек бөлігін алады.

Мысалы; 15 МОD7=1

өрнекті есептеу кезінде операторлық үстемдіктері әр түрлі.*,/, Div, МОD, операторларының үсемдігі, + және - операторынан жоғары.


Тапсырма.

Консольді қосымшалы жоба құру: Prg 1 1. Бұл жоба экранға мынадай сөзді шығаруы қажет: «Hello, World & Казахстан!».



Бақылау сұрақтары:

  1. DELPHI 7 программалау ортасы қандай терезелерден тұрады?

  2. Объектілер инспекторы не үшін қажет?

  3. Формалар конструкторының қызметі.

  4. Объектілер ағашының атқаратын ролі қандай?

  5. Код редакторының атқаратын қызметі.

  6. Компоненттер палитрасы не үшін қажет?


Ұсынылатын әдебиет:


  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.



6-зертханалық жұмыс. TOOLS. Delphi ұйымдастырудың тәсілдері
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді Delphi ұйымдастырудың тәсілдерімен таныстыру.

Есеп берудің мазмұны

  1. Жұмыстың аты және мақсаты

  2. Программаның листингі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Ішкі программа мына екі жағдайда процедура түрінде болады:

1) Ішкі программа негізгі программаға ешқандай мәліметтерді қайтармаған жағдайда процедура түрінде болады.

2) Ішкі программа оны шақырған программаға бірден артық мән қайтарғанда процедура түрінде болады.

Жалпы түрде процедураны сипаттау:

Procedure аты (var 1-параметр: 1-тип; . . . , var k-параметр: k-тип);

Var

// жергілікті айнымалыны сипаттау;

Begin

// процедура инструкциясына жазылады;

End;

k-параметрформальды параметр, ол процедура ішінде қолданылады. Процедураны шақыру.

Аты(параметрлер тізімі);

Аты – шақырылатын процедура аты.

Параметр тізімі – үтірмен ажыралатын нақты параметрлер.
Тапсырма.

Үш бүтін санның көбейтіндісін есептейтін процедура жазып, оны негізгі программада шақырып, нәтижесін экранға шығару.



Бақылау сұрақтары:


  1. Дельфидің негізгі терезелерін ата.

  2. Объектілер инстпектор не үшін қажет?

  3. Компоненттер палитрасы не үшін қажет?

  4. Компоненттер палитрасында қандай объектілер орналасады?



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.



7-зертханалық жұмыс. DEBUGGER. Критикалық қателіктерді түзету
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді критикалық қателіктерді түзетуді үйрету.
Есеп берудің мазмұны

  1. Жұмыстың аты және мақсаты

  2. Программаның листингі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Идентификаторлар (атаулар) тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың типтерін, бағдарламаларды, процедураларды, функцияларды, файлдарды және т.б. бағдарлама объектілерін белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталатын цифрлар мен әріптердің тізбегі. Атаудың ұзындығы 63 символдан артпауы тиіс. Мысалы: Х, Х1, CYMMA, OMEGA2 және т.с.с.

Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзіміз берген атау) болып екі топқа бөлінеді. Стандартты атаулар тілдің объектілерін белгілеу үшін қолданылады, олар тек сол өз мағынасында қолдануды қажет етеді: TRUE, FALSE, CHAR, SIN, COS, EXP, INTEGER және т.б. Object Pascal тілінде бағдарламаны жазуда қолданылатын түйінді сөздер де жәй атаулар ретінде қолданылмайтын стандартты идентификаторлар болып есептеледі, олар: AND, ARRAY BEGIN, END, CASE, CONST, VAR, PROGRAM, IF және т.б. Object Pascal тіліндегі атауларда қолданылатын бас немесе кіші әріптердің айырмашылығы жоқ.

Атауларда келесі символдар қолданылады:


  1. А дан Z дейінгі және а дан z дейінгі латын әріптері;

  2. 0 ден 9 дейінгі араб цифрлары;

  3. ‘’ - ’’ сызықша таңбасы.

Бос және арнаулы символдар атауларда қолданылмайды.
Тапсырма.

Екі бүтін санның қосындасынан табуға процедура жазып, негізгі программада процедураны шақырып нәтижені экранға шығару.



Бақылау сұрақтары:

  1. Отладка деген не?

  2. Программаны тестілеу деген не?

  3. Программаны тестілеудің отладкадан айырмашылығы не?

  4. Компилятор деген не?

  5. Компиляция деген қандай процесс?

  6. Инструкция деген не?

  7. Операторлар мен операнда деген не?



Ұсынылатын әдебиет:


  1. Е.А. Жоголев. Введение в технологию программирования (конспект лекций). - М.: "ДИАЛОГ-МГУ", 1994
  2. А.Н.Вальвачев, К.А. Сурков , Д.А. Сурков , Ю.М. Четырько Программирование на языке Delphi 7. – 2005г.

  3. Информатика. Базовый курс/Симонович С.В. и др. – СПб: Питер, 2001. – 640с.:ил.




  1. студенттің өздік жұмысы


4.1 Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.

Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:

– жасалған жұмысты көрсету;

– өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;

– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;

– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.

Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді.



Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады.
4.2 Рефераттар тақырыбы

  1. Delphi ортасында программалау негіздері

  2. Delphi интегралданған құру ортасының құралдары

  3. Delphi. Типтер туралы динамикалық ақпарат. Визуалды компоненттердің кітапханасы.

  4. Delphi. Басқару элементтерінің бірігуі. Фреймдер.

  5. Delphi. Жүйелік мәзірдің модификациясы.

  6. Delphi. Сирек кездесетін жағдайларды өңдеу.

  7. Delphi. Интерфейстің дамыған элементтері. ToolBar және ColorBar элементтері. Қалып-күй қатары.

  8. Delphi. Ақпараттық терезе. Басқа қосымшаларды іске қосу.

  9. Delphi. Диаграммаларды құру.

  10. Delphi. Баспаға жіберу.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет