Психология менің өмірімде және кәсібімде



Дата27.03.2024
өлшемі16.98 Kb.
#496630
Психология


Эссе
Психология менің өмірімде және кәсібімде

Психология,жеңіл сөзбен айтқанда,ол-адамның ойлау қабілеті,сана сезімі,өз көз қарасы және де ортамен байланысты.Психология бүгінгі таңда өте кең таралған,зерттелген алып ғылымдардың бірі.Бұл ғылым жалпы адамның рухани ішкі жан дүниесін зерттеумен қатар сол жан дүниенің есігін ашатын «кілтті»іздейді.Жалпы «психология» біздің өмірімізде мектеп шағынан бастау алады.Мектептегі психолог апайлардың бізден келіп,тест алып,тәрбие сағаттарын өткізе бастағаннан «психологияны» тани бастадық десек қателеспейміз..Мектептің психологиялық қызметінің негізгі мақсаты:мектеп оқушыларының қабілеттілігін зерттеп,ақыл ой қабілеттілігінің терең дамуына мектепте оқушы мен ата-ана,оқушы мен оқытушы тиімді,тығыз қарым-қатын құра отырып,әрбәр оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау және жоспарда көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстар тізбегін жүргізуден құралады. Ал қазір мен оны жеке пән ретінде оқып жатырмын.Ал енді,тақырыбымызға оралатын болсақ


Бірінші «психология менің өмірімде» тақырыбын қарастырайық.
Мысалы мен отбасыммен,құрбыларыммен,жалпы адаммен әңгіме кезі болсын,пікірталас кезі болсын психологиялық анализ жасап отырамын. «Ол адамның көңіл күйі қандай?», «Не ойлап жатыр» деген сияқты сұрақтарды өзіме қойып,сол адам туралы мәлемет жинап,анализ жасаймын.Жалпы айтқанда,сол адаммен қарым-қатынасты жақсарту үшін адамды психологиялық тұрғыда зерттеймін.Психология біздің қоғамдағы барлық кәсіптердің ажырамас бөлігі деп санауға болады.Ал енді «психология менің кәсібімде» тақырыбын қарастырайық.Адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – ол жоғарғы орын оқу орнын аяқтап, дипломын алып жұмысқа орналасуы. Мамандықтардың түрлері саусақпен санарлық емес. Кейбір мамандықтардың қоятын белгілі бір психологиялық-физиологиялық талаптары болады. Яғни сенің бұл мамандыққа деген жарамдылығыңда тексереді. Міне психология адамның өмір жағдайларына қаншалықты дайындығын, бейімділігін тексеруде өте қажет екен.
Мен қазір «журналистика» факультетінде оқып жатырмын. Яғни,тележүргізуші боламын.Журналист болу-жауапкершілікті талап етеді.Сол себептін бұл пән мен үшін өте қажет.Себебі,әрдайым адамдармен қарым-қатынаста боламын. Адамдардың жанағы үстінде айтып кеткенімдей психологиялық анализ жасау арқылы сұхбат ала аламын. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл басқа адамдардың жүректерін жаулауды жеңілдетеді.
Мен үшін психологияның артықшылығы- бұл біздің өміріміздің әр компонентін иелену қабілеті. Мектеп, институт, жұмыс, отбасы, адамдар-мен қарым-қатынас, жеке тәжірибе- күн сайын біз көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, күрделі жағдайларды жеңуге тырысамыз және бұл кезде бізге психология көмектеседі.
Мүмкін әр адамда психологиялық жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі заманда адамдарға теледидар мен интернеттің маңызы зор болып тұр. Жоғары ақпараттықтехнологиялар ғасырында өмір сүргеніміз жақсы әрине, бірақ адамдар әлі “фильтірлеуді” және үлкен ақпарттар ағынына бейімделуге үйренуі қажет.
Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді.Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше жіне бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.
Ал менің өз өмірімдегі психологияның маңызы өте ерекше. Өйткені мені қоршаған нәрсе менің ойыма әсер етеді. Психология мені өз-өзімді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Және де психология өз-өзімді тануыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты екен.Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды/ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру/ жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын.
Психологияны білім беру жүйесінде, денсаулық сақтаудың және де басқа кәсіптердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Әр түрлі кәсіби салаларда психологиялық білімді пайдалану толығымен негізделген.
Әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет