ҚР Әділет министрлігінде 2001 жылы 24 қазанда №1659 тіркелді



Дата24.02.2016
өлшемі31.16 Kb.
#15919

ҚР Әділет министрлігінде

2001 жылы 24 қазанда № 1659 тіркелді




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ

Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң

Қ А У Л Ы С Ы


Алматы қаласы

2001 жылғы 29 қыркүйек

№ 377


Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының

айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы
Тіркеу. № 1300

“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 40, 43 және 45-баптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысымен бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесіне орай, ұлттық валютаның ақша белгілерін қолдан жасаудан қорғау жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. 2001 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында құны 1000 және 2000 теңгелік 2000 жылғы үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілсін.

2. 1994 және 1996 жылдардағы үлгідегі құны 1000 және 2000 теңгелік банкноттардың (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгілері) және 2000 жылғы үлгідегі құны 1000 және 2000 теңгелік банкноттардың (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгілері) айналыста қатар болуы және ескі үлгідегі ақша белгілерін айналыстан шығарудың мынадай тәртібі белгіленсін:

1) 2001 жылғы 1 қарашадан бастап 2002 жылғы 31 қазанға (қоса алғанда) дейін ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар болу кезеңі енгізіледі;

2) 2002 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында ескі үлгідегі ақша белгілері айналыстан алып тасталсын;

3) екінші деңгейдегі банктер осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген ескі үлгідегі ақша белгілерінің және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар болу кезеңі аяқталған күннен бастап 12 (он екі) айдың ішінде заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдайды және ақша үлгілерінің айналыстағы басқа белгілеріне айырбастайды. Екінші деңгейдегі банктер осы мерзім аяқталғаннан кейін заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға құқылы емес;

4) Ұлттық Банктің филиалдары осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін 10 (он) жылдың ішінде ескі үлгідегі ақша белгілерін заңды және жеке тұлғалардан қабылдайды және олардың түпнұсқалылығы сараптамамен расталғаннан кейін оларды айналыстағы ақша белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ескі үлгідегі ақша белгілерін ауыстырған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысымен бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін басшылыққа алатын болсын.

4. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.) . Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасымен (Мәжитов Д.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдайтын болсын.

5. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

1) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылғы үлгідегі құны 1000 және 2000 теңгелік банкноттарды айналысқа шығару туралы ресми хабарламаны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысымен бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесінің 1-4 тарауларын заңнамада белгіленген тәртіппен жариялайтын болсын;

2) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен бірлесіп осы қаулының 2-тармағының 1-4 тармақшаларының орындалуын қамтамасыз ететін болсын.
6. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет