Разин ауылдық округінің Әкімі а.Қ.ӨЖекенованың 2014 жылға есеп беру тезисі қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың 11. 11. 2014 жылғы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол»



Дата09.07.2016
өлшемі49.31 Kb.
#188253
РАЗИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ А.Қ.ӨЖЕКЕНОВАНЫҢ 2014 ЖЫЛҒА ЕСЕП БЕРУ ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың 11.11.2014 жылғы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында негізгі қадам болып табылатын жаңа экономикалық саясатпен таныстырды. Сәтті жұмыс атқару үшін барлық жағдай жасалған. Әкімшілік реформасы енгізілген, Үкіметтің және атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істейді. Мемлекетті басқарудың жаңа түрін құрастыру мақсатында мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті өзін-өзі басқарушы органдар арқылы маңызды халыққа жергілікті маңызды мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік беріліп отыр.

Кездесудің мақсаты: 2014 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беру және 2015-2017 жылдарға Разин ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуына арналған бағдарламамен таныстыру.

Разин ауылдық округі 261 мың шаршы км орналасқан. Округте – 3 елді мекен бар. 01.01.2015 жылғы жағдай бойынша 1640 жуық адам тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді адам саны 801, жұмыс пен қамтылған адамдар 792, жалдамалы жұмысшылардың саны 647, өздігімен жұмыс жасайтындар саны 145, жұмыссыз адамдардың саны 9, тұрмысы төмен отбасылардың саны 3. Этникалық құрамы: қазақтар - 23%, орыстар - 68 %, басқа ұлттар - 9% құрайды.



Ауыл шаруашылығы. Егіншілік

Округтің базалық саласы - ауыл шаруашылығы. Округте 2015 жылдың 01 қаңтарында ауыл шаруашылық құрылымы 36.

Округте ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен 329 жеке шаруа қожалығы шұғылданады. Соңғы 3 жылда 27 шағын шарауалар өздерінің жер учаскелерін тұрақты дамып келе жатқан ауыл шаруашылық құрылымыдарына берді. Разин ауылдық округінде ауыл шаруашылық құрылымында 23,3 мың гектар жер, оның ішінде жыртылған жер 13,7 мың гектар, шабындық 2,1 мың гектар және жайылым жерлер 9044 гектар. Округтің бонитеті 68.

Ірі ауыл шаруашылық құрылымдары: «Белокаменское» ЖШС, «Востоксельхозпродукт» ЖШС, шағын «Восход» ШҚ, «Бондаренко» ШҚ.

Округтің шаруалары 2014 жылы 14,6 ц гектардан 18187 тонна - бидай, 3996 тонна күнбағыс өндірді.

«Белокаменское» ЖШС - басшысы Д.Б.Исабаев – жері 7811 га.

Негізгі қаражат машина-тракторлық паркін жаңартуға бағытталған, егістік жерлер түгенделуде.

«Востоксельхозпродукт» ЖШС – басшысы С.А.Глушков-жері 2961 га.

Ірілендіру процесі жүруде, оның құрамына 24 шағын ш/қ кірді.

Шаруашылық тұрақты дамуда: алаңы 1000 шаршы метр тұқым сақтау қоймасы салынды және қолданысқа берілді, техникаға арналған ангар салынды, сомасы 15 млн теңгеге дәнді дақылдарды тазалау үшін кешенді тазартқыш қойылды. 2014 жылы 10 млн. теңгеге қонақ үй – асхана құрылысы басталды.

2. Мал шаруашылығы. Разин ауылдық округінде жеке сектордан басқа мал шаруашылығымен «Белокаменское» ЖШС шұғылданады.

Соңғы үш жылда округте мал шаруашылығының даму мониторингі барлық ауыл шаруашылық малдарының өсуін көрсетті.

Округте 01.01.2015 жылғы жағдай бойынша ІҚМ 2957 бас, оның ішінде 1095 сиыр 110,6% 01.01.2014 ж. «Белокаменское» ЖШС - 2407 бас, 105,6% . оның ішінде - 724 бас сиыр, 114,9 %. 310 бас жылқы ( 97 %), ұсақ мал -730 бас (100 %), шошқа 995 бас (89 %).

Округте ауыл шаруашылығынң келешегі және әлеуеттік дамуы: «Белокаменское» ЖШС – 5 жылға қызыл-ала тұқымды сүтті сиырларды өсіру селекциялық-тұқымдық жұмыс жоспарын әзірленді, бастысы табынды қалпына келтіру.



Шағын және орта бизнесті қолдау.

Округте мал шаруашылығын дамыту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.03.2011 жылғы № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы орындалуда, мақсаты тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және тұрғындардың табысын көтеру болып табылады. 2014 жылы осы бағдарламаға ықылас білдіргендер және жеке істерін ұйымдастыруға мүмкіндігі бар адамдар қатысты.

Округ аумағында 5 дүкен, 2 дәріхана филиалы бар.

3. Инфроқұрылым. Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы.

2014 жылы аудандық бюджеттен 375 мың теңге жолдарды қардан тазартуға және 1749 мың теңге округтегі көше шамдарын қалпына келтіруге, 342 мың санитарлық тазалауға (қоқстарды жинауға) бөлінді.

Белый Камень және Медведка ауылдарында су құбыр жүйесі, «Шемонаиха водаканалы» КМҚК су кернеуіш мұнарасы коммуналдық иелікке берілді. 2015 жылы Республикалық бюджеттен Красная Шемонаиха ауылына жаңа су құбырын салуға қаражат бөлінді.

Білім беру, денсаулық сақтау.

Красная Шемонаиха және Медведка ауылдарындағы негізгі мектеп саны 2. Оқушылар саны - 220. Белый Камень аулының оқушылары Медведка ауылына мектеп автобусымен жеткізіледі. Бастауыш сыныптың 100 оқушысы ыстық тамақпен, сүт және балмен қамтылған.

Округтің 3 денсаулық сақтау мекемесі Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды қайта қалыптастыру және дамыту мемелекеттік бағдарламасы аясында жұмыстарын атқарады.

Мәдениет және спорт.

Округтің аумағында 3 клуб және 2 кітапхана жұмыс істейді. Дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік, аумақтық, аудандық бағдарламаларды жүзеге асырады. Шаруа қожалықтары, ЖШС басшыларының қолдауымен округ спортсмендері аудандық, облыстық жарыстарға қатысады.



Тұрғындарды әлеуметтік қорғау. Меморандумдар.

Соңғы 2014 жылы әлеуметтік салада меморандумды орындау аясында 12 млн. теңге игерілді, «Белокаменское» ЖШС, «Востоксельхозпродукт» ЖШС С.А.Глушков, С.Г.Бондаренко, И.В.Лонский, Е.А.Козырева шаруашылықтар қаражаты есебінен ауылдық клубтарға, медициналық пунктерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2015жылы меморандумды қорытындылай келе «Востоксельхозпродукт» ЖШС мамандарға арналған 8 үй құрылысын, «Белокаменское» ЖШС Красная Шемонаиха ауылына 5 үй құрылыстарын бастамақшы.

ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, көп балалы отбасылар тұрақты бақылауда. Округте ардагерлер Кеңесі (Т.А.Семьянова), қоғамдық Кеңесі (Г.Д.Грейбер) жұмыс істейді. Олардың қатысуымен округ аумағында абаттандыру, әлеуметтік көмек көрсету, аудандық іс-шараларға тұрғындарды тарту жұмыстары жүргізіледі.

Зейнеткерлер саны – 178, мүгедек балалар – 6. 4 отбасы 72 мың теңге соммасында тұрғын –үй көмегін, 2 отбасы (13 адам) 16,0 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алды. 3 отбасы (11 адам) 178,0 мың теңге көлемінде балаларға арналған жәрдемақы алады. 1 отбасы 150,0 мың теңге көлемінде шағын несие алды. Округтің тұрғындарын жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.



Тәртіп сақтауды қамтамасыз ету

2014 жылы ішкі істер органдары құқық бұзушылыққа, нашақорлыққа қарсы күрес және тәртіпті күшейту бағытында белсенді жұмыс істеді. Есеп беру кезеңінде учаскелік полиция инспекторларымен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық жауапкершілікті қорғау бойынша 50 алдын алу іс-шаралары жүргізілді. 9- қылмыстық іс қозғалды. Профилактикалық есепке - 20 адам алынды. СПЛУ 4 адам жіберілді. Әкімшілік хаттамалар, 101 адамға жасалып, айыппұлдар салынды.


2015-2017 жылға қойылған негізгі мақсаттар.

1. Округ тұрғындарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.

2. Округтің әлеуметтік –экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бойынша, мақсатты және тиімді жұмыс жүргізу.

3. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту бизнес картасы 2020» бағдарламасы, «Өнім шығарушы 2020», «Сыбаға», «КазАгрофинанс» мемлекеттік бағдарламаларына округ тұрғындарының белсенді қатысуына жәрдемдесу.



4. Жергілікті өзін - өзі басқару және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету аясында тұрғындарды жұмысқа белсенді тарту.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет