Реалистік тип. «Ер адам» типі



Дата11.02.2022
өлшемі14.2 Kb.
#455286
Документ Microsoft Word (2)


1.Реалистік тип. «Ер адам» типі. Эмоциялық тұрақтылығы жоғары, заманына қарай бейімделе біледі. Ептілікті талап ететін, үнемі қозғалыста болатын кәсіппен айналысқанды жөн деп есептейді. Міндеті нақты бір кәсіпті: механик, жүргізуші, инженер, агроном т.б. мамандықтарды ұнатады.

2. Интеллектуалдық тип. Интеллектуалдық шығармашылық міндеттерді шешуге бейім. Ғылыми тұрғыда мамандықты таңдайды. Қызметтің мына түрлерін ұнатады: математика, география, геология, шығармашылық кәсіптер.

3. Әлеуметтік тип.Айрықша әлеуметтік ептілігі бар,айналасындағыларға тәуелсіз,жағдайға тез бейімделгіш, сезімтал. Ұнататын қызмет саласы: психология, медицина, педагогика.


4. Конвенциялық тип. Құрылымдық қызметке бейім,нұсқау бойынша істейді. Ұйымдастырушылық қабілеті аз,ауыз сөзге жоқ. Ұнататын мамандықтары: бухгалтер, финансист, тауартанушы, экономист, іс жүргізуші, кеңсе қызметкері.

5.Тапқыр тип. Белсенділік, қызбалықты, құлшынысты, ынта-жігерді талап ететін міндеттер мен мақсатты таңдайды. Мінез ерекшеліктері: басшылық етуді, нұсқау беруді, тапқырлықты ұнатады. Мұндай мінез ерекшеліктері дипломат, репортер, менеджер, директор, делдалға лайықты.

6. Әртістік тип. Адаммен қарым-қатынаста өз қиял-сезіміне сенеді,сүйенеді.Өмірге сезімталдықпен қарайды. Мінез ерекшелігі: шешім қабылдауға тәуелсіз, икемді, өзімшілдігі мол. Шығармашылық кәсіпті ұнатады: музыка, сурет салу, гуманитарлық саладағы қызметке бейім. Бұлар тарих, филология, өнер жағын ұнатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет