Реферат Пән: Гимнастика Тақырыбы: Жалпы гимнастика ұғымы. Орындаған: Калкенов Б. Е. Тобы: 22-фкс-2-б-осд-к



Дата20.09.2022
өлшемі30.04 Kb.
#461026
түріРеферат
Реферат 2 апта


Қазақстан Республикасы Америкалық еркін университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

Рефер
Реферат


Пән: Гимнастика
Тақырыбы: Жалпы гимнастика ұғымы.
Орындаған: Калкенов Б.Е.
Тобы: 22-ФКС-2-Б-ОСД-К
Тексерген: Қайратбекұлы Т.


ТАҚЫРЫБЫ


Жоспары


  1. Гимнастика түрлері (жалпы денені дамыту гимнастикасы, негізгі гигиеналық гимнастика, спорттық бағыттағы гимнастика-спорттық гимнастика, акробатика, көркем гимнастика, гимнастиканың қолданбалы түрлері-спорттық қолданбалы, кәсіптік қолданбалы, емдеу гимнастикасы) және олардың сипаттамасы


Гимнастиканың түрлерi және олардың сипаттамасы. Дене тәрбиесі жүйесінің даму процесінде гимнастиканың міндеттері біртіндеп анықталды және оның түрлері белгіленді: 1) жалпы денені дамыту гимнастикасына-негізгі гимнастика және гигиеналық, т.б. жатады; 2) спорттық бағыттағы гимнастика-спорттық гимнастика, спорттық акробатика және көркем гимнастика; 3) гимнастиканың қолданбалы түрлері-спорттық-қолданбалы, кәсіптік-қолданбалы, емдеу гимнастикасы, т.б. Негізгі гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру және тұрақты етуге бағытталған жалпы дене дайындығы, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, организмнің функциялық дәрежесін арттыру (жүрек-қан тамырларының және тыныс алу жүйелерінің) және шынығуын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі гимнастиканың мазмұнына бойды тік ұстап қозғалу, жалпы денені дамытатын және негізгі қозғалыстар кіреді. Жаттығуды орындаған кезде гимнастиканың саймандары мен дене шынықтырудың ұсақ-түйек жабдықтары пайдаланылады. Негізгі гимнастика адам организмнің функциялық процестерін арттыруға, оның дене күшін дамытуға, әр алуан қозғалыс дағдыларын жетілдіруге, дене қасиетін тәр- биелеуге, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда меңгерген қозғалыс әрекеттерін өз бетінше пайдалана білу іскерлігіне, өз мүмкіндіктерін бағалауға, козғалыс іс-әрекетінің негізгі заңдылықтарын танып-білуге, өмір және іс-әрекет үшін жинақтаған білім мен дағдылардың маңызын түсінуге көмектеседі. Гигиеналық гимнастиканың міндеті адам денсаулығын нығайту және сақтау, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, организмнің негізгі жүйелерінің қызметін жетілдіру (тыныс, қан айналыс, зат алмасу процестерін жеделдету). Гигиеналық гимнастиканың құралдары ретінде жалпы денені дамытатын, қолданбалы жаттығулар су процедурасымен, сылау және организмді шынықтырумен ұштастырыла пайдаланылады. Гигиеналық гимнастика барлық жастағы балаларға ұсынылады. Спорттық бағыттағы гимнастиканың негізгі міндеті дененің қалыптасуы мен спорттық шеберліктің жоғары дәрежесіне жету үшін адамды қозғала білу өнерінде жетілдіру болып табылады. Қазіргі заманғы спорттық гимнастиканың классификациялық бағдарламасы бар, оны гимнаст дәйекті түрде меңгереді. Спорттық гимнастика-спорттың олимпиадалық түрі. Спорттық акробатика қимыл-қозғалыс және моральдық-ерік қасиеттерін, күшті, ептілікті, икемділікті дамы­туға көмектеседі, өз денесін ширақ меңгере білуге, ұшқыр сезімталдыққа, батылдыққа, табандылыққа баулиды. Көркем гимнастика қимыл-қозғалысты жетілдіруді көздейді және спорттық сипатқа ие. Көркем гимнастиканың негізгі жаттығулары қимыл-қозғалыстың жоғары әсемділігін, үйлесімділігі мен мәнерлілігін меңгеруге көмектесетін музыкамен табиғи байланысты. Көркем гимнастиканың мазмұны сапта тұрып жасайтын, жалпы денені дамытатын жаттығулардан және кейбір негізгі құралдарсыз жасалатын түрлі би комбинацияларынан тұрады. Спорттық-қолданбалы гимнастика арнайы дене тәрбиесі дайындығына, оның дене қасиеттерін дамытуға, олар зерттеп үйренетін спорттың қимыл-қозғалыс әрекеттеріне кіретін жекелеген қимылдарды жетілдіруге бағытталған. Спорттық-қолданбалы гимнастиканың мазмұны белгілі бір спортшы шыңдалып жетілетін спорттың түріне байланысты нақтыланады. Кәсіптік-қолданбалы гимнастика белгілі бір мамандықты меңгеруге көмектесетін қимыл-қозғалыстар дағдысы мен сапасын дамытады, жетілдіреді (биікте жұмыс істейтін монтажшы, шахтер, транспорт жүргізуші және басқалар). Өндірістегі гимнастика адамдардың жұмыс істеу қабілетін арттыру және олардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Ол жұмыс күні тәртібіне кіреді: кіріспе гимнастика-жұмыс басталар алдында, ал дене шынықтыру үзілісі (физкульт-пауза)- жұмыс күні процесінде, үзілісте жасалады. Емдеу гимнастикасы емдік дене шынықтыруға жатады және денсаулық пен жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруге бағытталған. Кез келген аурумен сырқаттанған кезде қолданылады, спецификалық емес функциялық терапия құралы болып табылады. Ол жарақат алғаннан және аурудан тәуір болғаннан кейін қимыл-қозғалыс аппаратының қызметін қалпына келтіру үшін, дене бітімінің кемшіліктерін түзету үшін (дене бітімінің әртүрлі өзгерістері) пайдаланылады. Емдеу гимнастикасы жүйке жүйесінің жағдайын және ауру адамның өзін-өзі сезінуін жақсартуға, олардың өмірлік көңіл күйін көтеруге және жағымсыз әсерлерді жоюға бағытталған. Сонымен, гимнастика дене тәрбиесі құралдары мен тәсілдерінің бірі болуымен қатар әртүрлі оқыту-тәрбие беру мекемелерінде, емдеу орындарында, кәсіпорындардағы, мекемелердегі, фабрикалардағы, зауыттардағы дербес дене тәрбиесі қимыл-қозғалысында, дене тәрбиесімен жеке айналысу кезінде балаларға, жастар мен ересектерге арналған дене тәрбиесінің бүкіл мемлекеттік бағдарламаларының ажырағысыз бір бөлігін құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет