Реферат тақырыбы: Америка Құрама Штаттары Орындаған: Бекмұрат а қабылдаған: Изтилеуова р шымкент 2022



бет2/2
Дата25.03.2023
өлшемі18.85 Kb.
#471088
түріРеферат
1   2
ақш

1-дүниежүзілік соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Франклин Рузвельт әкімшілігінің реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. «Жаңа бағыт» деп аталған осы реформалар елді ауыр экономикалық дағдарыстан шығарды және қоғамның демократиялық үлгісін қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында «тату көршілік», Еуропада «оқшаулану», Азияда «ашық есіктер» саясатын жүргізді.
2-дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық мұхитта, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 ж. 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 ж. 2 қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ, КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі лагерьге бөлуді іске асырды. Осы «қырғи-қабақ соғыс» 80-жылдардың ортасына дейін созылды.
Сыртқы саясаты
АҚШ-тың сыртқы саясаты екі негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған — мемлекеттің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз ету.


Экономикасы
Халықаралық валюта қоры мәліметтері бойынша АҚШ $22,7 триллион ЖПӨ нарықтық валюта бағамы бойынша жалпы әлемдік өнімнің 24%-ын құрайды және сатып алу қабілеті паритеті бойынша жалпы әлемдік өнімнің 16%-дан астам болған. 2021 жылдың қазан айында, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы $28,2 триллион құрған.
Құрама Штаттары - ең ірі тауарлардың импорттаушы және екінші ең ірі экспорттаушы, бірақ жан басына шаққанда экспорт мөлшерлемесі төмен. АҚШ-тың ең ірі импорт-экспорт партнерлері: Канада, Қытай, Мексика, Жапония және Еуропа одағы.
Штаттардың жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған.
АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған.
Халқы
АҚШ халық саны жағынан дүние жүзінде 4-ші орында (Қытай, Үндістан, Ресейден кейін). Негізгі ұлты америкалықтар - Еуропаның әр түрлі елдерінен Америкаға қоныс аударған (17 ғ-дың 1-ші жартысынан бастап негізінен ағылшындар, ирландтар, француздар, голландтар т.б.) араласуынан пайда болған. 19 ғ-дың ортасынан бастап қоныс аударушылардың басым көпшілігі Ирландиядан, Германиядан, Скандинавия елдерінен, ал 19 ғ-дың 80 жылдарынан бастап Италиядан, Аустро-Венгриядан, Ресейден, Оңтүстік, Шығыс Еуропаның басқа да елдерінен барды. Жалпы 1790 - 1994 жылдары АҚШ-қа Еуропа, Латын Америка, Азия және Африкадан 64 млн иммигрант көшіп келген. Сол себепті АҚШ-ты кейде иммигранттар ұлты деп атайды.
1 тамыз 1790 жылдың 1 тамызында өткізілген алғашқы халық санағының мәліметі бойынша АҚШ-та 3,9 млн адам тұрады. 
1915 ж. бұл көрсеткіш 100 млн-ға тең болды.
1967 жылы халық саны 200 млн-нан асып кеткен.
2006 жылдың 17 қазанында халық санағы бойынша АҚШ-та сағат7-46 300-млн-шы тұрғын туылды.
2010 жылы сәуір айында соңғы өткізілген халық санағының мәліметі бойынша АҚШ-та 308 миллион 745 мың 538 адам тұрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы 2000-шы жылы өткізілген санағына қарағанда 9,7 %-ға көбейген.
Америкалықтар ағылшын тілінде сөйлейді, бірақ сөйлеуінде және сөздік құрамында өзгешеліктер бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет