Реферат тақырыбы: Америка Құрама Штаттары Орындаған: Бекмұрат а қабылдаған: Изтилеуова р шымкент 2022



бет1/2
Дата25.03.2023
өлшемі18.85 Kb.
#471088
түріРеферат
  1   2
ақш


Қазақстан Білім және ғылым министрлігі


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Америка Құрама Штаттары

Орындаған: Бекмұрат А
Қабылдаған: Изтилеуова Р

Шымкент – 2022


Мазмұны:
1 Географиясы
2 Тарихы
3 Сыртқы саясаты
4 Экономикасы
5 Халқы
Америка Құрама Штаттары (ағылш. United States of America [ði juˌnaɪtɪd ˌsteɪts əv əˈmerɪkə]), жиі қолданылатын түрі АҚШ (ағылш. USA) немесе Құрама Штаттар (ағылш. United States, U.S., US, ауызекі тілде – Америка) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км²(әлемде 4-ші орын).
Халық саны — 329 млн адам (2019 санағы, әлемде - 3-ші орын). Астанасы — Вашингтон. Тұрғын саны бойынша ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос Анжелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питтсбург, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).
Географиясы
Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.
АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.
АҚШ климаты біркелкі қоңыржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.
Тарихы
Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үндістер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492—1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланд, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет