Реферат тақырыбы: "Балалар мен жастар бірлестігі " Орындаған: Билялова Айнара



бет2/4
Дата10.04.2024
өлшемі32.64 Kb.
#498225
түріРеферат
1   2   3   4
Балалар мен жастар бірлестігі

БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР БІРЛЕСТІГІ

Жастар қозғалысы, ол – дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Қайсы бір қозғалыс болмасын, ол белгілі бір мүддені көздейді.


Кеңес одағының тарауымен, соған сәйкес 1990 жылы Біродақтық пионер слетінің шешіміне орай балалар мен жас жеткіншіктердің қоғамдық қозғалысының формасы мен басқару өкілдігі тоқтатылды. Біздің елде пионер және комсомол ұйымдарының өз жұмыстарын тоқтатуы салдарынан, балалар қозғалысы белгілі бір уақыт аралығында құлдилау жағдайында болды. Ол мектепте және балалар ортасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесіне кері әсерін тигізді.
Бүгінде жағдай өзгеруде. Көптеген облыстарда балалар қозғалысы күш алуда, оны ұйымдастырудың әдістемесі және мазмұны жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, Алматы облысы әкімшілігінің қолдауымен құрылған « Мың бала қозғалысы» осы бағытта балаларға үлкен тәрбиелік ықпал етіп, өнегелік іс шаралар атқаруда.
Қазіргі кездегі балалар қозғалысы жаңа жағдайға байланысты принциптік тұрғыдан өздерінің жұмыстарын ұйымдастыруда еркі, өзін өзі басқаратын қоғамдық негізде жұмыс істеуде. Әрине, бұл тұрғысында мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанымен де, өз әрекеттері барысында олар әлеуметтік жеке мәртебеге ие болды. Соған сәйкес, балалар мен жас жеткіншектердің өз қалауы бойынша ұйымдастырылып жатқан бірлестіктерінің мақсаттары – олардың өмір сүріп отырған қоғамның азаматы болып қалыптасуына жағдай тудыру, ол үшін олардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды көздейді.


1.1 Скаутизм
Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткіншектер қозғалысы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде «Скауттер» деген атпен тұңғыш рет дүниеге келді( шамамен 1907 жыл). Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Р.Баден – Поуэлл (1857-1941)болды.
Скаутизм – ағылшын тілінде SCOT, яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізгі мақсат – балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді.
1921 жылы ол Ұлыбританияда, Германияда, Италияда , Францияда, Индияда өз жұмыстарын жалғастырса, ал 1972 жылы көрсеткіш бойынша оның таралуы 106 мемлекетті қамтыған. Ал Ресей жерінде 1909 жылы оның бірінші отрядтары құрылды.
Дегенмен де, 1917 жылы Ұлы Қазан жеңісінен кейін 50 мыңдық скауттар ұйымын құраған Ресей топырағында, 1918-1920 жылдардағы комсомолдардың 2,3 және 4 съездерінің шешімдері бойынша оның жұмыстары тоқтатылып, оның орнына жаңа балалар ұйымы, яғни пионерлер ұйымы құрылды. Ол – 19 мамыр 1922 жыл еді. Оның алдына қойған мақсаты – жас жеткіншектерді комунистік рухта тәрбиелеу болды. Содан бері 70 жылдау уақыт ішінде жастар қозғалысы октябрят, пионер, комсомол ұйымдары болып, кезең – кезеңмен коммунизм құрылысшыларын тәрбиеледі. Оның жетекшісі комсомол ұйымы болды.
Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қызмет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуге қызмет ететін ұйымдарға – олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады. Олар 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істей келеді. Олардың қызметі негізінен 3 бағытты қамтиды:
1. Дамушылық қызметі.Ол тұлғаның азаматтық, адамгершілік қалыптасуын және оның әлеуметтік шығармашылық дамуын, адамдармен қарым қатынас жасау біліктігін, қоғамдық және тұлғалық маңызды мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
2. Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.
3. Компенсаторлық қызметі.Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудыруды көздейді.
Бүгінде балалар бірлестіктері:
- өзінің ұйымдастыру- құқықтық формасына (бірлестік, ұғым, қозғалыс, орталық, клуб)
- көлемі мен деңгейіне (пионер одағының ұйымы,республикалық Невада қозғалысы (Семей қаласы), аймақ аралық клуб.)
- әрекерттерінің мақсаты және мазмұнына (елжандылық, экономикалық, саяси, скауттық, пионер)
- әрекет ету бағдарламасына (Атамекен, Дәстүр, Жұлдыз, Ұлан, Азамат, Мың бала, Ата кәсіп т.с.с)
- құрылымына (буын, бригада, команда, отряд, дружина, клуб: ерлік мектебі , ынтымақ, кәсіпкерлер, шымырлар, салауат, ұландар клубы – бұлардың өздерінің ережесі, рәміздері болады)
- басылымдарына(газет, журнал,альманах, әдістемелік – хабаршы бюллетені);
- ұйымдастыру базасына(балалар бірлестіктері, жалпы орта мектептері, қосымша білім беру және мәдени мекемелер, клубтар, балалар үйі, тұрғылықты мекен – жайы);
- ұйымдастырушыларына (жетекші , лидер, вожатый, нұсқаушы, әлеуметтік педагог т.т) байланысты әр түрлі болып келеді.
1991 жылы Мәскеу қаласында Пионер ұйымдарының одағы құрылды. Ол демократиялық тұрғыдағы ерікті қоғамдық ұйым. Оның идеяологиялық бағыты – гуманистік, жалпы адамзаттық құндылықты ұстану және мақсат ету.
Негізгі міндеті – өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани жан дүниесін дамыту, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеру мен әлеуметтік мағызды істерге тарту. Басымдық танытатын ұстанымдары (принциптері) – еріктілігі, тең құқықттылығы, өзін өзі басқаруы, заңдылықты сақтауы, жариялығы.
Қазіргі кездегі құрылып жатқан балалардың мұндай бірлестіктері бұрыннан қалыптасқан пионер ұйымдарының іс – тәжіребесіне арқа сүйеуде. Олардың теориялық – практикалық негіздерін қалаған Н.К.Крупская, А.С. Макаренко , В.А. Сухомлинский және И.П.Иванова.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет