Реферат Тақырыбы: «Көмей» Орындаған: Жолдасов. Э, Амантаев. А тобы: 1с-004 Қабылдаған: Шайкина. С. Н қарағанды 2022



Дата06.09.2022
өлшемі219.24 Kb.
#460342
түріРеферат
Көмей (Жолдасов.Э, Амантаев.А)


КеАҚ «Қарағанды медицина университеті»
Морфология және физиология кафедрасы


Реферат
Тақырыбы: «Көмей»

Орындаған: Жолдасов.Э, Амантаев.А


Тобы: 1с-004
Қабылдаған: Шайкина.С.Н
Қарағанды 2022
Көмей Көмей, larynx, тыныс алу жүйесінің ішіндегі қүрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі мүше.
Көмейдің топографиясы:
Көмей, larynx, мойынның алдыңғы аймағының ортаңғы бөлігінде, ересек адамдарда 4-6 мойын омырткалар аралығында орналаскан. Көмей жоғарьща тіласты сүйегімен жарғақтар, байламдар және бұлшықеттер арқылы, төменде кеңірдекпен дөңгелек байламдар арқылы байланысқан. Алдыңғы беті мойынның тіласты сүйегінен томен орналаскан бұлшықеттермен (mm. sternohyoidei, thyrohyoidei, omohyoidei) және қалқанша безбен, бүйір беті мойынның ірі артерия, вена тамырларымен, кезбе нервпен, п. vagus шектелген. Арткы беті жұтқыншактын көмейлік бөлігімен шектеседі.

Көмей шеміршектері:
Көмей шеміршектері сыртқы пішініне, атқаратын қызметіне карай жұп және тақ гиалин немесе эластикалық шеміршектерден тұрады.
Қалканша шеміршек, cartilago thyroidea, көмейдің басқа шеміршектерінің сыртын қалқантәрізді коршап орналасуына байланысты, қалқанша шеміршек деп аталуы сол себепті. Қалқанша шеміршегі төртбұрышты, жалпақ, жұп табақшадан, laminae, тұрады. (Бұл шеміршектің бұрыш құрап, түйісіп орналасқан алдыңғы жиегі бірігіп, ересек ер адамдарда айқын байқалатын көмей шодырын, prominentia laryngea, немесе "Адам алмасы" атгы шығыңқыны кұрайды. Бұл екі табакшаның алдыңғы қапталында жоғарғы қалқанша тілігі, incisura thyroidea superior, және таяздау келген төменгі қалқанша тілігі, incisura thyroidea inferior, орналаскан. Қалканша шеміршегінің ішкі және сыртқы беттері, facies internus etexternus, ажыратылады. Сыртқы бетінде мойыннын төсқалқанша бұлшықеттің, т. sternothyroideus, бекитін және калқанша-тіласты бұлшықеті басталатын, т. thyrohyoideus, қиғаш сызық, linea obligua, орналаскан. Бүл шеміршектің "s” әрпіне үқсап орналаскан жоғарғы қыры, тегістеу келген төменгі жиегі және вертикалді орналасқан артқы жиегі ажыратылады. Арткы вертикалді жиегінің жоғаргы жиегімен түйіскен жерінде жоғарғы мүйізі, cornu superior, төменде жүзіктәрізді шеміршекпен, cartilago cricoidea, буындасып буын құрайтын төменгі мүйізі, cornu inferius орналаскан.
Жүзіктәрізді шеміршек, cartilago cricoidea, сырткы пішіні жүзікке ұқсап орналаскан так гиалин шеміршектен тұрады. Бұл шеміршек алға карап орналаскан догасынан, arcus cartilaginis cricoideae, және артында төртбұрыштәрізді орналаскан табақшадан, lamina cartilaginis cricoideae, тұрады. Табақшаның жогарғы бетінде ожаутәрізді шеміршекпен беттесіп буын құрайтын оң және сол жақ буын бетгері, төменде доғасының табакшасымен косылган жерінде және бүйір капталында, қалқанш а ш емірш ектін төменгі мүйізімен беттесіп буын құрайтын буын беттері орналаскан. - Ожаутәрізді шемірш ек, cartilago агуtenoidea, сырткы пішіні үшжақты пирамидатәрізді келген жүп гиалин шеміршегінен тұрады. Бұл шеміршектің жогарғы және медиалді орналаскан үшы, apex cartilaginis arytenoideae, төменде негізі, basis cartilaginis arytenoideae, алдыңгы медиалді беті, facies medialis, ойыстау келген арткы беті, facies posterior, ажыратылады. Сонымен катар, ожаутәрізді шеміршек негізінін алдында, дауыс байламы бекитін дауысөсіндісі, processus vocalis, бүйір қапталында бүлшықеттік өсіндісі, processus muscularis, орналаскан.
Мүйізтәрізді шемірш ек, cartilago corniculata, сыртқы пішіні мүйіз тәрізденіп, ожаутәрізді шеміршектің ұшында орналасқан. қан жұп эластикалық шеміршектен тұрады.
Сынатәрізді шеміршек, cartilago сипеіformis, ожау-көмей кақпағы қатпарының, plica aryepiglottica, кабатында орналасып, сынатәрізді төмпешікті, tuberculum cuneiforme, кұраушы эластикалық шеміршек.
Көмей қақпашығы (бөбешік)
Көмей қақпашығы, epiglottis көмей кірісінің үстінде орналасқан дара эластикалық шеміршек. Бұл шеміршектің жіңішкелеу келген, калқанша шеміршектің жоғарғы тілігіне жақындап, бекіп орналасқан көмей қақпашығының сабақшасы, petiolus epiglottidis, жэне тілге қарап орналаскан алдыңғы беті, көмей қуысына караған артқы беті ажыратылады. Көмей кақпашығының артқы бетінде шырышты бездердің шұнкырлары көптеп орналаскан.
Көмей шеміршектерінің аралық буындары мен байламдары.
1.Жүзікқалқанша буыны, articulatio cricothyroidea, калқанша шеміршектіңтоменгі мүйізі, cornu inferius, мен жүзіктәрізді шеміршектің қалқаншалық буын бетінің арасындағы буын. Қалқанша шеміршек жоғарыда тіласты сүйегімен, алдында орталық қалқанша-тіласты байламымен, lig thyrohyoideum medianum, қалқанша шеміршегінің жоғарғы мүйізімен, cornu superior cartilago thyroideae, тіласты сүйегінің үлкен мүйізімен, латералді қалқанша-тіласты байламымен, қалқанша шеміршегінін бүйір капталы қалқанша-тіласты жарғағымен, membrana thyroidea, байланыскан. Сонымен қатар, латералді қалқанша-тіласты байламының терең қабатында көлемі бидайтәрізді шеміршек, cartilago triticea, орналасқан. Бүл буынның буын беттері, буын қапшықтары және буын қапшықтарының фиксациялык бірнеше байламдары ажыратылады. Қызметі: жоғары-төмен, алға-артқа қарай қозғалған кезде, дауыс байламы күрделі қозғалысқа келіп, тербелуіне ыкпал етеді.
2. Жүзік-ожау буыны, articulatio сгісоarytenoidea, ожаутәрізді шеміршектің ойыстау келген негізі мен basis cartilaginis arytenoideae, жүзіктәрізді шеміршектің дөңестеу келген ожау шеміршектік буын бетінің аралығындағы буын.
Ожаутәрізді шеміршек жүзіктәрізді шеміршекпен эластикалық конус, conus elasticus, арқылы байланысқан. Бұл эластикалық дәнекер тін жүзіктәрізді шеміршек доғасынан тұйык түрде басталып, жоғары өтіп, тұйықталынып, дауыс байламын, lig vocale, қүрайды. Дауыс байламы, қалқанша шеміршек пен ожаутәрізді шеміршектің дауыстық өсіндісінен, processus vocalis, горизонталді орналасқан. Дауыс байламының аралығындағы кеңістік дауыстық саңылау, rima vocalis seu glottidis, деп аталынады.
Буынның буын бетгері, буын капшыктары жэне буын қапшығының фиксациялық байламдары ажыратылады. Буын беттерінің түр ерешеліктеріне байланысты екі білікті буындарға жатады. Қозғалыс кезінде дауыс санылауын бірде ашып, бірде жауып, дауыс байламыныңтербелуін камтамасыз етіп, әсем үннің шығуына ықпал етеді.
Көмей қақпашығы немесе бөбешіктің, epiglottis, алдыңғы беті тіласты сүйегімен тіласты-көмей қақпашығының байламымен, lig. hyoepiglotticum, және қалқанша шеміршекпен қалқанша-көмей қақпашығының байламымен, lig. thyroepiglotticum, арқылы байланысқан.
Кенірдек, cartilagines tracheales, жүзіктәрізді шеміршекпен жүзік-кеңірдек байламы, lig cricotrachealis, арқылы байланысқан. Көмей бұлшықеттері. Көмей бұлшыкеттері, musculi laryngis, аткаратын кызметіне карай: дауыс санылауьін кеңейтетін, тарылтатын және дауыс байламын керетін бұлшықеттерге бөлінеді. Дауыс саңылауын кеңейтетін бүлшықетгер. 1. Артқы жүзікожау тәрізді бүлшықеті, т. Cricoarytenoideusposterior. Бүлшықет жүзіктәрізді шеміршек табакшасының артқы бетінен басталып, латералді және жоғары өтіп, ожаутәрізді шеміршектің бұлшыкеттік өсіндісіне, processus muscularis, бекиді. Қызметі: жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсінді, processus muscularis, артқа және медиалді бұрылып, дауыс өсінді, processus vocalis, латералді бұрылып, дауыс саңылауын кеңейтеді.
2. Қалқаншакөмей қақпашығы бұлшықеті, т. thyroepiglotticus, ол қалқанша-көмей қакпашығы байламының, lig thyroepiglotticum, бүйір қапталында орналасқан. Бұлшықет калқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып, көмей қакпашығының бүйір қапталына барып бекиді. Қызметі: көмейдің кіретін тесігін кенейтіп ашу.
Дауыс саңылауын тарылтатын бұлшықеттер. 1. Латералді жүзікожаутәрізді бұлшықеті, т. cricoarytenoideus lateralis. Ол жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып, жоғары және артқа қарай өтіп, ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне, processus muscularis, барып бекиді. Қызметі: Бұлшықеттік өсіндіні алға және төмен тартып, дауыстык өсіндіні ішке қарай бұрып, дауыс саңылауын тарылтады.
2. Калқаншаожаутәрізді бұлшықеті, т. thyroarytenoideus, қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып, жоғары және артқа қарай бағыт алып, кіреберіс катпарының, plica vestibularis, терең кабаты аркылы өтіп, ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне барып бекиді. Қызметі: жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектің бүлшыкеттік өсіндісі, processus muscularis, алға карай жылжып, дауыстық өсінділері бір-біріне жақындап, дауыс саңылауынын жарғактык бөлігі тарылады.
3. Көлденең ожаутәрізді бұлшықеті, т. arytenoideus transversus, тақбұлшықет. Бұлшықет он және сол жақ ожаутәрізді шеміршегінің артқы бетінде көлденең орналасқан. Қызметі: дауыс саңылауының шеміршектік бөлігін тарылту.
4. Қиғаш ожаутәрізді бұлшықеті, т. arytenoideus obliguus, ол жоғарыда айтылған бұлшыкеттің бетінде беткей қиғаш бағытта қиылысып орналасқан жүп бұлшыкеттен тұрады. Бүлшыкет ожау-комей қақпашығы қатпарынын, plica aryepiglottica терең қабаты арқылы өтіп, ожау-көмей қақпашығы' бүлшыкетіне, т. aryepiglotticus жалғасады. Қызметі: дауыс саңылауын тарылтып, көмей кірісін aditus laryngis, тарылтып, көмей қақпашығын төмен тартады.
Дауыс байламын керетін бұлшықеттер. 1. Ж үзіккалқанш а бұлшықеті, т. cricothyroideus, жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып, жоғары және артқа қарай өтіп, тік бөлігі, pars recta, қалқанша шеміршектің табашасының төменгі жиегіне барып бекісе, киғаш бөлігі, pars obligua, шеміршектің төменгі мүйізіне барып бекиді. Қызметі: жиырылған кезде калқанша шеміршекті алға қарай тартып, дауыс байламын, lig. vocalis, керіп, ожаутәрізді шеміршектің дауыстық өсіндісі мен калқанша шеміршектің аралығын алшактатады.
2. Дауыс бұлшықеті, т. vocalis, немесе ішкі қалқаншаожаутәрізді бұлшықеті, т. thyroarytenoideus internus BNA. Бұлшықет көмейдің дауыс қатпарының, plica vocalis, терен кабатында орналасқан. Ол қалқанша шеміршек бұрышыныңтөменгі бөлігінің ішкі бетінен басталып, горизонталді артқа карай өтіп, ожаутәрізді шеміршектін дауыстық өсіндінің, processus vocalis, латералді қапталына жэне дауыс байламына, lig. vocale, бекиді. Кызметі: дауыс байламын керу.
Көмей қуысы, cavum laryngis, көмей кірісі тесігінен, adit us laryngis, басталады. Көмей кірісінің алдыңғы қабырғасы: көмей қақпашығының жиегімен, артқы қабырғасы: ожаутәрізді шеміршектің ұшы және ожауаралық қатпармен, plica interarytenoidea бүйір қабырғасы: ожаукөмей қақпашығы катпарымен, plica aryepiglottica, шектеледі. Қатпарлардың аралығында алмұрттәрізді калта, recessus piriformis, орналасқан. Көмей куысының сыртқы пішіні кұмсағатқа ұқсас, жоғарғы кіреберіс бөліктен, vestibulum laryngis, ортаңғы бөліктен, cavum laryngis intermedium жэне дауысасты қуысынан, cavum infraglotticum, тұрады.
Кеңдеу келген жоғарғы бөлігі көмей кіреберісі, vestibulum laryngis. Ол көмей кірісінен, көмей куысының бүйір капталында орналасқан кіреберіс катпарына, plica vestibularis, дейінгі аралықта орналасқан. Қабырғалары: алдында көмей қақпашығының артқы беті, артында ожаутәрізді шеміршектін ұшы және ожауаралық қатпары, plica interarytenoidea, бүйір кабырғасы: талшшыкты-эластикалық жарғақтан, membrana fibroelastica laryngis, тұрады.
Көмей қуысының ортаңғы тарлау келген бөлігінін кұрылысы күрделі. Себебі, мұнда меншікті дауыс аппараты, glottis, орналаскан. Көмейдің бұл бөлігі көмейдің кіреберіс бөлігі, vestibulum laryngis, мен төменгі бөлігінің, cavum infraglotticum, бүйір қапталында жұпталып орналаскан. Ол шырышты кабыкпен көмкерілген жоғарғы кіреберіс және төменгі дауыс қатпарлары аркылы шектелген:
а) кіреберіс қатпардың, plica vestibularis, бір-біріне қараған жиектері көмей кіреберіс саңылауын, rima vestibularis, қүрайды;
ә) дауыс катпары, plica vocalis, кіреберіс қатпардан төмен, көмей қуысына жакын орналаскан. Бұл катпардың терең кабаты дауыс бұлшықетінен, т. vocalis тұрады, жиегі дауыс байламын, lig vocale, кұрайды. Дауыс байламының аралығы дауыс саңылауы, rima vocalis, деп аталады. Дауыс саңылауы топографиялық орналасуына карай, алдыңғы жарғақаралык бөлікке, pars intermembranacea, және артқы шеміршекаралық бөлікке, pars intercartilaginea, бөлінеді. Кіреберіс жэне дауыс қатпарларының аралығындағы қуыс, көмей қарыншасы, ventriculus laryngis, деп аталады.
Көмейдің төменгі кендеу келген бөлігі, cavum infraglotticum жінішкеріп, кеңірдекке жалғасады.
Көмейдіңішкі құрылысы. Көмейдің ішкі шырышты кабығы, tunica mucosa жұка, түсі қызғылт, дауыстык катпардың тұсында ақшылдау болып орналаскан. Көмей кақпашығының артқы бетінін шырышты қабығы дауыс байламынын бойындағы шырышты кабыкпен тығыз дәнекер тін арқылы, ал көмейдін калган бөлігіндегі шырышты қабыкпен іркілдеген дәнекер тін арқылы байланысқан. Шырышты бездер мен лимфа түйіндеріне оте бай.
Көмейдің қанмен қамтамасыз етілуі. Көмей жоғарғы және төменгі көмей артерияларымен, аа. laryngeae superior, et inferior, (жоғарғы және төменгі калканша артерияларының тармактары, аа. thyroideae superior etinferior), қандандырылады. Веналық қан өрімдер аркылы аттас веналарға ағады Көмейдің лимфа тамырлары терең мойындық және көмей алдындағы лимфа түйіндеріне, nodi lymphatici cervicales profundi et prelaryngeales, ашылады.
Нервтенуі: Көмей жоғарғы көмей нервімен, п. laryngeussuperior, оның сырткы тармағы жүзіккалқанша бұлшықетін, ал ішкі-дауыс саңылаудан жоғары орналасқан шырышты кабықты нервтендіреді. Төменгі комей нерві, п. laryngeus inferior, көмейдің калған бұлшыкеттері мен дауыс саңылауынан төмен орналасқан шырышты кабықты нервтендіреді. Бұл екі нервте кезбе нервтің тармақтары. Көмейге симпатикалык сабаудан, truncus sympathicus, көмей-жұткыншақ тармақтары, rr. laryngopharyngei келеді.
Көмей рентгенанатомиясы. Көмейдің ішкі құрылысы рентген сәулелері арқылы бүйір қапталынан сарапталған кезде, қалқанша және ожаутәрізді шеміршектер, көмей қақпашығы, тіласты сүйегі және көмей қарыншасы, ventriculus laryngis, айқын көруге болады. 25-30 жастан асканнан кейін, бұл шеміршектердің сүйектенуіне байланысты көріністері айқындала бастайды. Көмейдің сагиталді проекциясын карайтын болсақ көмейдін қакпашығы, көмей қарыншасы, дауыс байламын көруге болады. Ларингоскоп аркылы сараптайтын болсак, тіл түбірі, одан төменірек көмей кірісі, aditus laryngis, айқын байқалады. Көмей кірісі аркылы кіреберіс қатпары мен негізгі дауыс катпарлары және аралығындағы дауыс саңылауын айқын көруге болады. Тыныс алу кезінде дауыс саңылауы ашык орналасса, сөйлеу кезінде жакын орналасады немесе тарылады. Дауыс қатпардың түсі кызғылт түсті, кіреберіс катпардың түсі ашық кызыл түсті болып келеді. Көмейдің шырышты қабығы жылтыр және қызғыл түсті болып көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет