Реферат Тақырыбы: Теңіз жағалаулық процестері мен бедер пішіндері Орындаған: Қиноят Бақытгүл



Дата02.05.2023
өлшемі157.28 Kb.
#473144
түріРеферат
Қиноят Бақытгүл, геоморфология, 14 сөж


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ж
аратылыстану ғылымдары факультеті


Реферат


Тақырыбы: Теңіз жағалаулық процестері мен бедер пішіндері
Орындаған: Қиноят Бақытгүл
Тексерген: г.ғ.д., профессор Сапаров К.Т.

Астана
2023жыл


Жоспар:

  1. Теңіз жағалауларының бедер пішіндері

  2. Маржандық кедертастар мен атоллдар

  3. Абразия

Теңіз жағалауларының бедер пішіндері


Жағалық сызық-құрлық пен су алқабы (теңіз, көл-бөген) арасындағы шартты шекара. Су бетінің құрлыққа жанасатын жерінде пайда болатын сызық түрінде жүргізіледі. Судың деңгейі үнемі өзгеріп тұратындықтан жағалық сызық тұрақты болмайды. Сондықтан оның көп жылдық орташа деңгейін алып белгілейді.
Қазіргі заманның жағалық сызығы төрттік кезеңінің жамылғы мұздығының еруі себебінен дүние жүзі мұхит деңгейінің көтеріліп, құрлықты басу нəтижесінде қалыптасқан. Мұндай жағдайда қалыптасқан жағаларды ингрессиялық жағалар деп атайды. Төменде ингрессиялық жағаларының бірнеше түрлерін келтіреміз. Фиордтык жағалар – тіп-тік, əрі жартасты, құрлыққа қарай ондаған км-ге иірімделіп созылған, жіңішке, терең теңіз шығанағының жағалары. Олар өзен аңғарын мұздық жырып кеңіткеннен кейін оны теңіз басуы нəтижесінде түзілген. Мұндай генезисті жағалар Норвегия, Гренландия, Канада, Жаңа Жер (Новая Земля) жағалауындағы таулы өлкелерде кең таралған. Шхерлық жағалар, шхерлер (швед.skar) – плейстоцен мұз басу атыраптарындағы теңіз жағаларына таяу орналасқан шағын жартасты аралдар. Олар қазіргі кезде жартылай су астында қалған морена қалдықтары мен ежелгі друмлиндер, камалар, оздар. Шхерлерді құрайтын ежелгі кристалдық тау жыныстарын материктікте мұз басу кезінде мұз көшкіні қырнап өңдеген. Финляндия, Швеция, Исландияда, ТМД-да Онега жəне Ладога көлдерінің жағаларында кездестіруге болады. Эстуарий (лат. aestuarіum - өзеннің су басатын сағасы) - теңіз шығанағына ұқсас өзен сағасының кеңейген бөлігі, немесе өзен сағасының арнасына кірген ұзын шығанақ. Эстуарий тек өзеннің теңізге құяр бөлігінде байқалады. Ол теңіз деңгейі көтеріліп, өзен аңғарының төменгі бөлігін басып кетуінен пайда болады. Өзен суымен келген тасқынды теңіз ағысы немесе қайту толқыны үнемі шайып алып кететіндіктен, оның түбінде шөгінді жиналмайды. Эстуарий құрлықтың тез шөгуінен де пайда болады. Эстуарийдің мысалын Енисей, Темза, Эльба, Əулие Лаврентий, Конго өзендерінің сағасынан байқауға болады. Обь пен Енисей сағаларын жергілікті түрғындар "кірме" (губа) дейді. Лимандық жағалар - қолтабан (гректің lіmen - қойнау) - көлтабандық жағалар - жағалай ойпаң жазықтардың өзен аңғарларын теңіз суы басуынан таяз шығанақтар мен көлшіктерге айналып кеңейген өзен сағасы. Ашық көлтабан емін-еркін, кедергісіз тікелей теңізбен жалғасса, тұйық көлтабан теңізден құм қайырмен бөлінеді. Көлтабан құрлық төмен шөгетін теңіз жағалауында болады. Лиман Қара жəне Азов теңіздері жағалауында таралған. Мысалы Днепр, Днестр лимандары. Лиманның теңіз жағасынан жиектеген құм қайыры өсе берсе, ол бір кезде теңізден бөлініп қалады да, лиман көлі пайда болады. Олардың көбінің шипалық қасиеттері бар.

Маржандық кедертастар мен атоллдар


Маржандық кедертастар (коралловые рифы) - тропиктік жылы теңіздердің тайыз жерлерінде үймелелерді құрып тіршілік ететін маржандардың қаңқаларынан түзілген су астында жəне су бетінде тараған қырқалар мен аралдар.. Негізінен алғанда, маржан үймелерді құрып тіршілік етуі үшін мынандай жағдайлар керек: еріген кальций карбонатына қаныққан, тереңдігі 50-60 м-ден аспайтын, тұздылығы біркелкі, температурасы 18-20º-тан төмендемейтін, оттегі мол, мөлдір теңіздің таза суларының болуы. Мұндай қолайлы жағдайларда маржан жабыспалары теңіз астынан бастап теңіз бетіне дейін бір-бірінің үстіне жалғаса өрмелеп, өрбіп өсіп əк тасты қаңқаларынан тұратын жарлар құрайды. Оларды құрайтын маржандар мен балдырлар, сонымен қатар арасында басқа да əктасты қаңқалы мүк тəрізділердің, моллюскалардың, фораминиферлердің бентондық жəндіктердің қалдықтары кездеседі. Осы құрылыстардың көлемі мұхит түбінің едəуір бөлігін қамтиды. Мысалы, Австралияның шығыс жағалауындағы Үлкен тосқауыл кедертасының ұзындығы 2000 км, ені 200 км, қалыңдығы 400 метрден артық. Маржан құрылымы қалыптасқан орнына жəне сыртқы морфологиясына байланысты үш түрге бөлінеді: 1) материк пен аралдардың жағаларына тіреліп құрылатын кедертастар; 2) жағадан бірнеше, кейде ондаған км қашықтықта бой тіккен жəне одан бұғаз арқылы бөлінген тосқауыл кедертастар. Мысалы, Австралияның Үлкен тосқауыл кедертасы жағадан ені 10-40 км, тереңдігі 20- 50 м. бұғазбен бөлінген. Осы табиғи құрылыстың маңында теңізге жүзіп жүрген талай кемелер қауіпке ұшыраған; 3) атолл (малайша - тұйық) - мұхиттың ортасындағы білезік немесе ішкі өңірі табақшаға ұқсас ойпаң түрінде қалыптасқан маржан аралы.

Мұндай табиғи білезіктің ені 100-200 м., ал атоллдың диаметрі 200 м-ден 50-60 км-ге дейін жетеді. Қырқаланған аралдың ортасын тереңдігі 100 м-ден аспайтын лагуна алып жатады. Лагуна əдетте мұхитпен бірнеше бұғаздар арқылы жалғасады, кейде тіпті тұйық та болуы ықтимал. Атоллдардың сыртқы беткейі қия, мұхит түбіне қарай күрт бірнеше жүз, кейде мың метрден артық тереңге кетеді. Лагунаға қараған ішкі беткейі түйетайлы келеді де, онда түрлі организмдер қоныстанады. Атоллды құрайтын жартастар су бетінен бірнеше м-ге көтеріліп тұрады.



Жоғарыда айтылғандай, маржан үймелерінің тек 50-60 м. тереңдіктен аспайтын судың түбінде ғана тіршілік ететінін ескерсек, сонда қалындығы 1000 мден астам маржан қаңқаларының қалыптасқанын қалай түсінуге болады? Осыны өткен ғасырда белгілі ағылшын ғалымы Ч.Дарвин түсіндірді. Егер кедертас астындағы мұхит түбі үнемі бірыңғай жəне баяу төмен иілсе, сол мөлшерге маржандар колониясы өрмелеп өссе, сонда ғана қалың маржандық кедертастар қалыптасады. Алғашында сенген су асты жанартау конусының айналасында маржандар жиналып кедертастарды түзе бастайды. Мұхит түбі төмен иілген сайын кедертас үймелері бір-біріне жалғасып жоғары өсіп, нəтижесінде судың бетінде жіңішке, ортасында лагунасы бар, аралдар тізбегін құрады. Кедертастар көне геологиялық дəуірлерде де қалыптасқан. Мұндай кедертас массивтері қабатталған көне шөгінділер арасында төбешік түрінде керініс береді. Мысалы, Балқаш көлінің жағасынан Бетпақдалаға дейін созылып жатқан силур кезеңіндегі ақ түсті кедертастар қырқасы. Көне кедертастар құрылысының халық шаруашылығында зор маңызы бар. Демек, олар жаралған кезде кедертастың əктастары қуыс-кеуекті болғандықтан мұнай мен газды бойына сіңіреді. Башқұртстанда жоғарғы таскөмір қабаттарының арасында кедертастар қазіргі заманда жер бетінде ерекше төбешіктерді құрады. Солардың көбінде мұнай кеңдері бар. Соңғы кезде геологтар осы кедертас төбешіктерді іздестіру жолында талай рет мұнай кең орындарын бұрғылап тапқан. Мұнай мен газ кен орындарынан басқа теңіз жағалауларында металл шашылымдар мен асыл тас шашылымдары кең тараған. Теңіз жағалауларының шашылымдары судың толысуы мен қайтуынан теңіз ағыстарының жəне соқпа толқынның əрекетінен қалыптасады. Осы шашылымдардың ерекшеліктерінің бірі – материалдың өте жақсы іріктелуі жəне металл бөлшектерінің шөгінділері арасында мол шоғырлануы. Тіпті аллювий шашылымдармен салыстырғанда олардың металдық құрамы өте жоғары, əдетте олар құмның салмағының 10-30% кейде 80%-не дейін жетеді. Жағалау шашылымдарына рутил, ильменит, циркон, кейде алмас, сирек кездесетіні алтын мен платина жатады. Бұл шашылымдардың қоректену көзі өзен ағындысымен келген, абразиялық жағалардағы түпкі немесе делювийлік кентас орындары, көне теңіз жəне аллювийлік шашылымдар болып табылады. Қазіргі жағалау шашылымдардың қалыптасуына жағалаудың геологиялық құрылысы, жел, су ағысы, климат, жаңатектоника қозғалыстарының ырғақтылығы, толқындар əрекетін белгілейтін су айдынының көлемі жəне тереңдігі, жағалаулардың морфологиясы мен динамикасы əсер етеді. Теңіз шашылымдардың негізгі ерекшеліктері – жағалау бойымен ұзыннан ұзаққа (жүздеген километрге дейін) созылуы, ені шамалы ондаған метрден аспауы, қалыңдығы 1 м-дің шамасында, əбден жұмырланып өңделген ұсақ түйірлерден құралған, əдетте жағалау түзілімдердің үстіңгі қабатында орналасуы жəне кезекті күшті теңіз дауылынан кейін мүлде сарқылмайтын қайта жаңарып тұратын шашылымдар. Қазіргі кезде теңіз жағалық шашылымдары Австралия, Индонезия, Үнді, Африка, Солтүстік жəне Оңтүстік Америка құрлықтарын жағалай дамыған. Оңтүстік Батыс Африкада, жағалық алмас шашылымдары Оранжевая өзеннің теңізге құятын жерінен бастап Атлант мұхитының жағалық бойымен 300 км-ге созылып жатыр. ТМД елдерінде көне жағалық шашылымдар Сібірдің солтүстік шығыс жағында, Батыс Сібір жазығында, Қазақстанда жəне Украинада белгілі.

Абразия
Абразия (латынша: abrasіo -қыру, жону) — мұхиттардың, теңіздердің, көлдердің, өзге де су қоймаларын жағалауларындағы түп жыныстардың толқын мен ағын әсерінен механикалық бұзылуы мен мүжілуі. Әсіресе теңіз (мұхит) жағалауларының соқпа толқындар әсерінен абразияға ұшырауы жиі кездеседі. Түп жыныстардың мүжілуі толқын күшінен ғана емес, сол толқын қозғалтқан тастар мен құм түйіршіктерінің соққылауы салдарынан да болады. Абразияға теңіз (мұхит) қайраңы да ұшырайды, алайда қайраңдағы абразия жағалаулық абразияға қарағанда бәсеңдеу жүреді. Теңіздер мен көлдердегі қайраңдық абразия ондаған метр тереңдікке дейін байқалса, мұхиттарда бұл процесс 100 метрден астам тереңдіктердегі белдемдерде болады. Абразия түсінігін геологиядағы шайылу ұғымымен шатастырмау керек, себебі шайылу барысында түп жыныстар емес, тек борпылдақ, болбыр жыныстар бұзылуға ұшырайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


Құсайынов С. А. «Жалпы геоморфология»
Jesse, Russell Геоморфология / Jesse Russell.
Ананьев, А. С. Геоморфология материков

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет