Реферат Такырыбы: Шәкәрім аудармалары Орындаған: Муратов Диас Тексерген: Токсамбаева А. О топ: ф-201



Дата04.03.2024
өлшемі20.45 Kb.
#494238
түріРеферат
сро Абай әлемі


Семей қаласы Шәкәрім атындағы Университеті КеАҚ

Реферат

Такырыбы: Шәкәрім аудармалары

Орындаған: Муратов Диас
Тексерген: Токсамбаева А. О
Топ: Ф-201

Шәкәрім халық ауыз әдебиетінен, орыс, шығыс, батыс әдебиетінен толымды нәр алып, бірнеше тілді білген. Шәкәрім дүние жүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген шығармаларын ана тілінде сөйлете бастады. Соның ең елеулілерінің бірі – А.С. Пушкиннің «Дубровский» романы.

Пушкинді қазақ даласында сөйлеткен Абай ұстазынан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Пушкин прозасына қайтып оралды. «Дубровский» мен «Боран» хикаясын өлеңмен өрнектеп, қазақ тыңдаушысына танымал, жақын уақиға етіп береді, қазақ ортасында болғандай етіп сенімді суреттейді. Бұл хас шеберліктен, ізденімпаздықтан туындап жататын кемел құбылыс екендігінде шәк жоқ. «Дубровский» әңгімесі Қайым Мұхамедханов 1908 жылы жазылған дейді, шығарма 1924 жылы Семейде жеке кітап болып басылып шығады. 1903-1910 жылдар Шәкәрімнің айтулы дастандар жазған жемісті жылдары болған. Сол жылдары Шәкәрім қазыла ізденіп, батыс, шығыс, орыс әдебиеттерін оқыған сияқты.

Шәкәрімнің поэзиядағы пірі – Пушкин. Пушкинді сөйлетіп қойып өзі тыңдайды, баяндау мәнеріне, стильіне , тереңдігіне , жинақылығына, қолжетпес қарапайым прозасына тәнті болады. Пушкин прозасының тигізген әсері соншалықты; ақын оны қарасөзбен айтып жеткізе алмасына көзі жетіп, қазақтың он бір буынды қара өлеңімен алып шығады. Қара сөзбен берілген ойды, сан қилы суретті поэзия тілімен жеткізу орасан зо еңбекті қажет еткені талассыз. Қазақ ұғымына қонымды шығарма тыңдаушысын елең еткізіп, тәржіме көшірме күйінде ел арасына тарап кетеді. Дастанның баспа жүзін көрмей жатып , бұлай тарап кетуінің өзі Шәкәрім талантының тегеурінділігін , адамсүйгіш мінезін танытады.

1924 жылы ақын көзі тірісінде Семейде кітап болып басылып шықса, 1935 жылы А.С. Пушкин таңдамалысы қайтадан басылып шығады. Сөйтіп орыс хикаяты қазақтың өлеңмен жазылған хикаясына айналады.

Шәкәрім «Дубровский әңгімесін» бастамастан бұрын «Сөз алдынан» деп 124 жол кіріспе береді. Шәкәрім кіріспесінде не себепті қолға алғанын, осы сөздің қазаққа керектігін, кімнен, қалай қабылдарын қысқаша баян ете кетеді. «Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін» деп автордың өзі айтқандай, әрі қарай орысша, қазақша текстерді салыстыру кезінде шетке де шығып кетпей, «шын жанасып» отырғанын байқадық.

«Дубровский» Пушкинде 19 тоғызыншы тараумен, яғни Дубровскийдің шет елге кетуімен тәмамдалады. Шәкәрімнің қолынан шыққан «Дубровсикийдің әңгімесі» Пушкин фразасының өлеңмен берілген түрі, хикаяттың дастанға айналуы.

Автор түпнұсқасын түгел теріп жатпайды. Шәкәрімнің Дубровскийі Пушкин тақырыбын негізге ала отырып, жазылып шыққан, қазақ топырағындағы жаңа дастан. Қазақ оқырманының эстетикалық талғамын тәуір білетін Шәкірім Дубровский хикаясын ана тілінде жүргізеді.

«Дубровский «Пушкинде 19 тараудан тұрады. Шәкәрім сол тараулардың ізімен жүре отырып, артық-ауыс кетпейді. Кісі аттарына көп өзгеріс кіргізбейді. Пушкиннің кей тұста толығырақ айтып кететін суреттеріне Шәкірм көп тоқталмайды. , бірер шумақпен бейнелейді. Пушкин фразасының өлеңмен берілген түрі , хикаяттың дастанға айналуы. Шығарманың негізгі кейіпкерлері аттары сол күйінде қалғанымен, іс-әрекеттері сол түпнұсқа күйінде қалғанымен, қазақ даласында өтіп жатқандай әсермен суреттеледі. Негізі 1908-1909 жылы «Дубровский әңгімесі», «Боран» жылдары қатар аударылса керек.

«Дубровский «Пушкинде 19 тараудан тұрады. Шәкәрім сол тараулардың ізімен жүре отырып, артық-ауыс кетпейді. Кісі аттарына көп өзгеріс кіргізбейді. Пушкиннің кей тұста толығырақ айтып кететін суреттеріне Шәкірм көп тоқталмайды. , бірер шумақпен бейнелейді. Пушкин фразасының өлеңмен берілген түрі, хикаяттың дастанға айналуы. Шығарманың негізгі кейіпкерлері аттары сол күйінде қалғанымен, іс-әрекеттері сол түпнұсқа күйінде қалғанымен, қазақ даласында өтіп жатқандай әсермен суреттеледі. Негізі 1908-1909 жылы «Дубровский әңгімесі», «Боран» жылдары қатар аударылса керек.

«Боран» бес-алты беттен асатын шағын әңгіме, оны Шәкәрім 248 жол өлеңге түсіріпті. Кейбір кісі аттарына жасаған сәл-пәл өзгерісі болмаса, мазмұны сақталған.
Пушкин тақырыбын қырда қайтадан жырлап, ұлттық әдебиетке жаңадан бір тың өріс ашып беріп кетті.
Шәкәрім қажының Мекке-Мәдине сапарынан кейінгі жасаған өзіндік бір шығармашылық белесі бар.Ол Иранның Шираз қаласынан шыққан төрткүл дүниеге аты мәшһүр шайыры Хафиз поэзиясына ден қойды. Аударам деп еліктеймін деп емес, өзгенің өзекті шыңынан өз өлеңіне өрісті өрнек алып қосу үшін барды. «Егер сүйікті сол бала» деп басталатын Шәкәрімнің Хафизден алған аудармасы құрылысы, сыртқы, ішкі пішіні жағынан шалыс ұйқаспен жазылған қазақ өлеңінің санатына жатады. Небәрі отыз екі жолдан тұрады. Хафизде бұл өлең он сегіз жолдан құралған. Хафизде арнайы тақырып болмайды.Тақырыбы ғазалдың бірінші жолы боп саналады.

Әрине Шәкәрімнің көркем аудармасының тілі нұсқа тілінен алшақтау болса да, негізгі желіден алшақтау болса да, негізгі желіден қашықтап кетпей қосарланып тілдеседі. Автор түпнұсқадағы орамдарды қазақы қалыпқа түсіріп, Хафиз ғазалының эстетикалық көркемдік сапасын сақтап, қазақша жатық баламалар жасайды. Сөйтіп, ол өз ғасырындағы қазақ тыңдарманы , оқырманы үшін түпнұсқаның өрнекті ерекшелігін қазақ ұғымымен үйлестіріп барып, таңдай тұщытатын тәржіма жасайды. Сөйтіп, қазақ қауымының ортасына лириканың жаңа түрін әкелді. Шығыстың, Еуропаның, орыстың поэзиясын жетік меңгерген Шәкәрім Хафиз ғазалының қазақ тіліндегі тың үлгісін сомдап кеткен. «Кел, аяқшы, қымыз күй» деп басталатын Шәкәрім тәржімасы Хафизде «Сақы, нұр шашқан шараптан құй» делінген. Парсы шайырының төрт жолы қазақ ақынында сегіз жолға айналып келеді. Аудармашы жолма-жол аударуды мақсат етпеген. Түпнұсқаны терең түсіне отырып,онымен тепе-тең жарыса келе, өзіндік өрнек жасаған. Егер атақты атамыз Хафиздың көлеңкесінде қалып қойса, мұншалықты дербес , жатық жыр шықпаған болар еді.


«Кешегі басшы піріміз» аудармасы да Шәкәрімнің лирик, ойшыл екенін және бір танытып, дәлелдеп өтеді. Асыл нұсқадан тікелей тартқан аудармасы оның ірі талант иесі екендігін көрсетеді, ақыл парасатына жүгіндіреді. Хафизбен тілдескенде соны дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет