Рефераты қызылорда, 2012



бет1/3
Дата26.02.2016
өлшемі294 Kb.
түріРеферат
  1   2   3

ӘОЖ 338.436.33:338.43 (574.54) Қолжазба құқығында



ИБРАЕВА ГҮЛАЙЫМ ӘЛІҚОЖАҚЫЗЫ


Агроөнеркәсіп өндірісінің тиімділігін арттыру жолдары

(Қызылорда облысының мәліметтері негізінде )
6М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика ғылымдарының

магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының

кандидаты К.А.Өтегенова


Ресми опонент: экономика ғылымдарының

кандидаты А.Әлібекова

Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.

Осыдан он бес жыл бұрын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жария еткен Елбасы қоғамымыздың келешек мүмкіндіктерін айқындап берген еді. Болашаққа бағдарланған бұл құжатта экономиканың нақты секторы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінген болатын.

Қазақстан Республикасының президенті 2012 жылдың 27 қаңтарында жолдаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты дәстүрлі Жолдауында он бағыт бойынша тапсырмалар берді. Оның ішінде, маңызды бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы саласының алдына зор міндеттер қойды.

Ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешенін тиімді жүргізу – бұл мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары. Мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асырудың барысында соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелердің бары қуантады. Дегенмен, өндірістің негізгі саласының бірі, азық-түлік проблемасын шешетін ауыл шаруашылығында өнім өндіретін салалардағы қиындықтарға сәйкес бар күш пен мүмкіндік саланы өркендетуге бағытталып, кең көлемдегі жұмыстар атқарылуда.

Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп өндірісі кешенін қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне сәйкес болуы үшін ауылшаруашылығы кәсіпорындары түрлері мен олардың шаруашылық жүргізу формалары және ұйымдастырушылық-құқықтық формалардың сан алуандығын ескере отырып агроөнеркәсіп өндірісі кешенін тиімді басқарудың, өндіріс тиімділігін арттырудың жаңаша жолдары мен тәсілдерін қарастыру қажет. Еліміздің дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі уақыттағы агроөнеркәсіп өндірісі кешенін ахуалын зерделеп, өндіріс тиімділігін арттыру, өнім көлемін көбейту, сапаны арттыру және оның заман талабына сай бәселестік қабілетін жақсарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қалыптасқан экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында барлық денгейде басқару мен экономикалық ынталандырудың барынша тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру және қолдану қажеттілігі туындап отыр. Рыноктік қатынастарға бейімделу, ауыл шаруашылық өндірісі көрсеткіштерінің, атап айтқанда, сапалы өнім көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерінің артуы, өндіріс, айырбас, тұтыну, өткізудің тиімді жүйелерін қалыптастыру - тиімділікті арттырудың алғы шарттары болып табылады.

Ауыл шаруашылығындағы меншіктің әр түрлі формалары және тиісінше кәсіпорындардың алуан түрлері мен үлгілері болғанда ауыл аруашылығы өндірісінің ортақ белгілерімен қатар кейбір өзіндік ерекшеліктері де болады. Ұжымдық негізде құрылған кәсіпорындар өздерінің өндірістік масштаб артықшылығы тиімділігін көрсетуде.

Ғылыми зерттелу дәрежесі. Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігі және оны арттыру дәрежесі мәселелерін зерттеуде Абалкин Л.И., Бунин П. Г., Буздалов И.Н., Витте С.Ю., Кадиров A.M., Кассиров Л.Н., Никитина Н.В., Никинов А.А., Сафронов Б., Свободен Б.А., Райфайзен Ф., Хусанов А.Х., Югай A.M., және тағы басқа ТМД ғылымдары өз үлестерін қосты.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін жетілдіруде сұрақтарын отандық ғалымдар да терең зерттеген ғалымдар: Аймен А.Т., Белгібаев К.М., Григорук В.В., Есполов Т.И., Есіркепов Т.А., Кемел М., Куватов Р.Ю., Қалиев Г.А., Кубаев К.Е., Молдашев А.В., Сабден О.С., Сатыбалдин А.А., Сигарев М.И., Сүлейменов Ж.Ж., Сундетов Ж.С., және басқа да авторлардың ғылыми еңбектерінде кеңінен көрініс тапқан.



Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық-әдістемелік және тәжірибелік негізде тұжырымдау.

Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:

- ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін теориялық негіздеу және оған әсер ететін факторларды зерттеу;

- аймақтағы ауыл шаруашылығының өндірістік ресурстарын пайдалану тиімділігіне экономикалық баға беру;

- зерттелетін өңірдің жағдайына сәйкес қалыптасқан көп укладты экономика шегінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тиімділігін бағалау;

- ауыл шаруашылығын қолдау қаржылары және оны тиімді пайдалану жолдарын айқындау;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін сүт өнімдерін өндіру мен сатудың оңтайлы стратегиясын дайындау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу нысаны. Қызылорда облысы ауыл шаруашылық құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтары, әр түрлі деңгейдегі агроөнеркәсіптік бірлестіктері.

Зерттеу пәні. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудың жолдары, әдістері мен мәселелері зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің теориялық әдістемелік негізі ретінде заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру проблемаларын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды.

Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы. Ақпараттардың негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агенттігінің, Қызылорда облысының статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептері.

Зерттеу тәсілдері. Абстракты-логикалық, статистикалық-экономикалық,

салыстырмалы талдаулар, экономика-математикалық, болжамдау әдістерін

қолдану көмегімен жүргізілді.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ауылшаруашылық өндірісінің құрылымдарына экономикалық талдау жасау арқылы жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:

- нарық қатынас жағдайында аграрлық саладағы құрылымдардың экономикалық тиімділігін арттырудағы теориялық, әдістемелік мәселелер ғылыми түрде қорытылды;

- ауыл шаруашылық өндірісі тиімділігінің мәні мен құрылымына талдау жасай отырып оның үрдісі мен тиімділігін арттыру тетіктері қарастырылды;

- өндіріс тиімділігін арттыруды жерді, негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін тиімді басқара отырып қамтамасыз етуге болатындықтан, жүргізілген факторлық талдаулар нәтижесінде назар аударуды қажет ететін көрсеткіштер мен құбылыстар айқындылды;

- экономикалық жүйедегі көпукладты экономиканың қажеттілігі, оның мәні, ролі, теориялық және әлемдік тәжірибедегі жағдайына талдау және қорытынды жасай отырып, оған баға беріп ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасалды;

- сүт өндіру мен сату көлемін жоғарылату резервтері маусымдылықты ескеру әдістемесінің негізінде есептеліп, оңтайлы шешімі ретінде сүт өндіру мен сатудан алынған пайда болжанды.



Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

- аграрлық саладағы құрылымдардың нарықтық қатыныстар жағдайдағы экономикалық тиімділікті арттырудың теориялық-әдістемелік мәселелері қарастырылды;

- шаруашылықты тиімді жүргізудің мәні мен құрылымының үрдісі зерттеліп, даму бағыттары нақтыланды;

- ауыл шаруашылығы өндірістік ресурстарын, яғни жер, материалдық негізгі қорлар, еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігіне факторлық талдау жүргізілді;

- ауыл шаруашылығындағы әр түрлі меншік формасындағы құрылымдардың біріккен өндірістік тиімділігі есептеліп талданды;

- сүт өндіру мен сату саясатында мүмкінді резерв көздерін пайдалану есебінен экономикалық тиімділігін арттыру шамасы болжанды.



Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста тұжырымдалған ауыл шаруашылығы өндірісінде тиімділікті арттырудың негізгі бағыттарын анықтау негізінде қол жеткізілген қорытындылар мен ұсыныстардың қолдану мүмкіндіктері айқындалды. Жұмыстың теориялық қағидалары мен тәжірибелік тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Ауыл шаруашылығы экономикасы», «Сала экономикасы», «Кәсіпорын экономикасы», «Агробизнесті ұйымдастыру және менеджмент негіздері» және әр түрлі курстарда экономикалық пәндерді оқытуда қосымша материалдар ретінде қолдануға болады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу ( апробациясы). Диссертациялық жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары аймақтық ғылыми басылымдарда жарияланған: «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілері» ф.ғ.д., профессор Б.С.Сейсеновтың 70 жасқа толуына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2011ж. 457-460 б.; «20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» облыстық ғылыми тәжірибелік конференция. Қызылорда, 2012 ж. Барлығы 2 мақала, жалпы көлемі 0,4 б.т. авторлық мәтінмен жарық көрді.

Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында қолданылды.



Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 84 бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Өндірістің экономикалық тиімділігі – күрделі экономикалық категория. Экономиканы табысты болу проблемаларының қатарында ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін, оның арту деңгейін ұқыпты анықтаудың маңызы зор. Өйткені, сол деңгейдегі көрсеткіштер арқылы оның келешектегі өсу жағдайына мүмкіндік жасалынады. Онда өндірістің нәтижелеріне де, шығынға да әсер ететін көптеген факторлар қарастырылуы тиіс.

Қазіргі кезеңде шаруашылық тәжірибеде, көптеген басылымдарда «тиімділік» ұғымы жиі қолданылады. Дегенмен, бұл ұғым әлі күнге дейін әртүрлі жағдайда, әртүрлі мағынада қолданылып, ортақ анықтамалық мағынаға келмей отыр. Сондықтан да, тиімділік проблемасын әртүрлі көзқараста қарау керек. Мысалы, тыңайтқыштың қолданудың, мелиорацияның, ғылыми-техникалық прогресстің тиімділігі, т.б. Барлық жағдайда бұл сөзге мінездеме біреу. «Тиімділік» ұғым негізінен нәтиже мен еңбектің кеткен шығын арасындағы қатынас. Тиімділік ұғымы латын сөзінің «эффектус» деген сөзінен шыққан. Сонымен, «эффектус» ақырғы нәтиженің пайдалылығын және әсерін көрсетеді.

Сонымен, ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі туралы мәселені қарағанда нәтиже (эффект) мен тиімділік (эффективность) бір мәндегі ұғым емес екендігін ескеру қажет. «Тиімділік» деген термин (эффективность) латынша (әсер, нәтиже) әлдебір процестің нәтижесін білдіреді. Экономикалық тиімділік – өндіріс (өнім) нәтижесінің шығынға қатынасы[2].

Өндіріс тиімділігін көтеруді нарықтық экономика жағдайында, ең алдымен нақты өнімнің көлемінің артуы, ұлттық табыстың қоғам мүшелерін толығымен материалдық және рухани жағынан қамтамасыз етуі деп те түсіну керек. Өндірістің пайдасы, оның нәтижесі қаншалықты маңызды болғанымен, ол адам қызметін жеткілікті сипаттай алмайды, өйткені қандай ресурстар (шығын) арқылы алынғанын көтсетпейді. Белгілі бір нәтиже әр түрлі тәсілдермен, ресурстарды әр түрлі деңгейде пайдалану арқылы алынуы мүмкін және керісінше, бірдей ресурстардың әр түрлі нәтижеберуі мүмкін. Сондықтан, қол жеткізген нәтижені кеткен шығындармен салыстыру керек. Нәтижемен қатар пайдаланған немесе тұтынған ресурстады, яғни ағымдағы өндірістік шығынды білу қажет. Экономикалық тиімділік экономикалық нәтиженің осы нәтижені туғызатын ресурстарға қатынасы немесе керісінше, ресурстардың экономикалық нәтиже шамасына қатынасы сипаттайды.

Экономикалық тиімділік деңгейі экономикалық нәтиже қандай экономикалық ресурстар арқылы қол жеткізгені туралы түсінік береді. Нәтиже неғұрлым көп және жұмсалған ресурстар неғұрлым аз болса, өндірістің тиімділіг де соғұрлым жоғары болмақ және керісінше.

Өндіріс потенциалының қорлануына, ғылым мен техниканың жедел дамуына, білікті кадрлардың болуына байланысты міндет неғұрлым өткір қойылады, ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыру мүмкіндіктері мен перспективалары артады.

Экономикалық тиімділік көптеген және алуан түрлі факторлардың әсерімен қалыптасады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың проблемасын шешудің күрделілігі мен қиындығы оқшау әрекет ете алмайтындығында, шығындар да бір–біріне өзара ықпал етіп, ұштасып жатады, сондықтан ауыл шаруашылығының тиімділігінің барлық факторларын үш аспектіде: өндірістің ресурстары мен шығындары бойынша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру бағыттары бойынша, осы бағыттарды шаруашылық жүргізудің әр түрлі деңгейінде іске асыру бойынша талдаған жөн.

Еңбек, жер, су және материалдық ресурстар өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болып табылады. Ауыл шаруашылығының тиімділігіне талдау жасағанда өндіріс тиімділігінің көрсеткіштерін осы өндірістік ресурстарды пайдалану көрсеткіштерімен байланыстыру қажет. Жердің пайдаланылу көрсеткіштерне осы тұрғыдан талдау жасағанда бірқатар мәселелер туады. Біріншіден, қандай жерді пайдалану туралы, екіншіден, жердің пайдаланылуын қандай көрсеткіштер неғұрлым дұрыс әрі толық сипаттады (көлем өлшеміне шаққандағы жалпы өнім, жалпы табыс, таза табыс, т.б).

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өндірістік нәтижені ресурстар және шығынмен салыстырғанда қорытындылаушы көрсеткіштің бөлек көрсетіліп, пайдаланылуы мүмкін. Кәсіпорыннң ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің қорытындылаушы көрсеткіші ретінде рентабельділік көрсеткіші қолданылады, бұл қорытындылаушы көрсеткіш саланың өндірістік (еңбек, жер, су) және материалдық ресурстарының пайдалану тиімділігі, өндіріс пен еңбекті басқару мен ұйымдастыру деңгейі, өнім сапасы және оның өткізу нәтижелерінен көрініс табады.

Өндіріс рентабельділігі – кәсіпорынның пайдалылығы, кірістілігі. Рентабельділік деңгейде экономикалық нәтиженің әр түрлі формалары: жалпы, түпкі, таза өнім, кіріс нәтижелері бейнеленеді.

Экономикалық механизм - бұл нарықтық қатынастар жағдайында агроөнеркәсіп өндірісіндегі кәсіпкерлік байланыстарды реттеудің экономикалық тұлғаларының нарыққа бейімделген жүйесі. Агроөнеркәсіп өндірісіндегі кәсіпкерлік байланыстарды мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі бірқатар себептермен байланысты. Олар: жоғары индустриялық негізде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндірісті интеграциялау (кластерлік жүйе); ауыл шаруашылығының табиғат жағдайларына және қаржы-несие саясатына тәуелділігі деңгейін төмендету; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен оларды өңдеу үшін кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарына ғылыми-техникалық қолдау көрсету; өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы тауар айырбасында баламалдығын сақтау; мемлекеттік инвестицияларды тарту арқылы ірі агроөнеркәсіптік бірлестіктерді құру.

Нарықтық экономика жағдайында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығыны өндірісінің экономикалық тиімділігіне баға беру үшін облыстың ауыл шаруашылығы саласына экономикалық талдау жасалады.

Қызылорда облысында қазіргі кезде ауыл шаруашылығын дамытуда мемлекет тарапынан бөлінген қаржы мол, осы салаға жеке меншік инвестицияларының тартылуына жол ашқандығын, соның нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінің соңғы жылдардағы даму деңгейіне біршама артты.

Аграрлық реформаның игі өміршеңдігін әсіресе осы соңғы жылдары көрсете бастады. Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі құрылымы кейінгі жылдары айтарлықтай өзгерістер болды.

Облыс бойынша 2011 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 160,7 гектар болып 14,1 %-ға артқан. 2007 жылы барлық егіс көлемі 140,8 мың гектарды алатын болса, оның ішінде бидай, дәндік жүгері, күріш егістігінің көлемі кеміп, керісінше картоп, көкеніс, бақша дақылдарының егіс көлемі көбейген. Жалпы алқаптың 35-40%-тін күріш егісі алады, ал күріш ауыспалы егісіндегі айнымас элементі ретінде көп жылдық шөптер алқабы 25-27%-тін алады. 2011 жылы шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша 160,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, оның ішінде дәнді дақылдар 86,8 мың га, мал азықтық дақылдар 47,8 мың га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 23,9 мың га, майлы дақылдар – 2,2 мың га.

Негізгі күріш дақылының егісі 77,4 мың гектарға орналастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,3 мың гектарға артық. Бұл ретте ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алқабы ішінде дәнді дақылдардың үлесі 54 пайыз болып отыр.

Облыста егілген барлық дақылдардың ішінде күріштің еншісінде 48 пайыз болса, ал дәнді дақылдар құрылымында күріштің үлесі 89,1 пайыз болып отыр.

Қызылорда облысында күріш, жоңышқа дақылдарының экономикалық тиімділігі мен ауыспалы егістегі орнының маңыздылығына байланысты бұл дақылдардың егіс көлемі жыл санап ұлғаюда. Дегенмен, суармалы егіс жағдайында өзен су ресурстарының тапшылығы орын алуына байланысты алдағы жылдары күріш дақылының тұрақты егістік жер көлемін қалдыру межеленіп отыр.

Соңғы жылдары облыста сорт жаңарту және сорт алмастыру жүйесі реттеліп келеді. Өндіріске әлемдік бәсекеге қабілетті, күріштің жаңа «Арал 202», «Лиман», «Мәдина»,«Ару» сорттары кіргізілді. Сонымен қатар, Швейцариялық «Селест топ» фунгицидімен күріш дақылының тұқымын өңдеу тәжірибесі қоладысқа енгізілді, бұл жағдайда күріш тұқымын 2 есе үнемдеуге, вегетациялық пісіп-жетілуін 7-10 күнге қысқартуға және суару суын 5 пайызға дейін қысқартуға қол жеткізіледі.
Кесте 1 – Қызылорда облысы негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі мен жалпы түсімділігі

Көрсеткіштер

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2011/2007 жж

%-қ өзгерісі



Жалпы жиналған өнім, мың тонна

Дәніді дақылдар барлығы

196,7

189,2

191,3

256,6

252,3

128,2

Бидай

12,0

15,8

22,6

16,9

14,6

121,6

дәнді жүгері

2,1

2,5

5,7

3,0

2,0

95,2

Тары

3,3

2,0

4,4

3,4

2,1

63,6

Күріш

179,1

168,9

158,4

233,3

370

130,1

Картоп

62,4

75,9

79,9

75,6

89,5

143,4

көкөніс

61,1

71,5

74,6

78,2

93,5

153,0

Бақша дақылдары

88,5

93,1

99,0

94,8

111,3

125,7

Түсімділік 1ц/га

Дәнді дақылдар барлығы

27,8

27,1

28,0

30,6

32,0

115,1

Бидай

10,8

15,8

19,7

15,5

14,4

133,3

дәнді жүгері

29,2

21,8

25,6

25,3

23,7

81,1

Тары

15,0

14,5

12,5

13,6

13,3

88,6

Күріш

40,9

39,5

41,1

44,7

47,8

116,8

Картоп

97

101

101

107

114

117,5

көкөніс

107

107

107

116

128

119,6

Бақша дақылдары

115

120

117

121

120

104,3

Ескерту Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметтері негізінде автормен есептелген

Каталог: Docs
Docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
Docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
Docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
Docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
Docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет