Рейхстагқа жете білген менің атам



Дата11.07.2016
өлшемі98.5 Kb.
#190519




Рейхстагқа жете білген менің атам
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 65 жыл толып отыр. Бұл сұрапыл соғысты тебірене еске алмайтын жан жоқ шығар. Майдангер аталарымыздың соғыстағы, одан кейінгі бейбіт кездегі ерліктерін біз ешқашан ұмытпаймыз. Болашақ үшін өздерінің жастық шақтарына қарамастан, Отанын жаудан қорғауға ойланбастан аттанды. Осындай ардақты майдангердің бірі – Рахымжанов Мажит Хасанұлы. Мен өз атамды әрқашан мақтан тұтам. Атам жайында кезінде газет беттерінде де көптеп жазылып жүрді. Ол Рейхстагқа дейін жетіп, өзінің қолтаңбасын қалдырған. Соғыс ардагерлерінің бәрінің жастық шағы майдан шебінде өтті. Менің атам да көп қиындықтар көрген. Омбы қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1936 жылы Бестөбеге көшіп келіп, 4 сыныптық оқуды бітірген. Он бес жасынан бастап құрылыс артелінде істеген. Кейін №2 шахтада откатчик болған.

1942 жылы әскер қатарына алынған. Украина майдан шебіндегі ұрыстарға қатысып, 1943 жылы 116-ауыр танк полкінің қарамағында болып, Киевті азат еткен. Белорусс қалаларын азат етуде де ерлік көрсете білген. “Орден Красной Звезды”, “За отвагу”, “За боевые заслуги”, “За освобождение Варшавы”, “За взятие Берлина”, “За победу над Германией” медальдары мен И. В. Сталиннің алғыстары да бар.

Маршал В. Соколовский 1949 жылдың 14 сәуірінде алғыс берген. Сол алғыста былай делінген: “Находясь за пределами родной земли, с оружием в руках Вы охраняли мир и безопасность нашего государства, с достоинством берегли и приумножали славу советского народа”.

1949 жылдан бастап атам Бестөбе кентінде еңбек етті. Өзім білім алып отырған алтын ұя мектебімнің де іргетасын қалағандардың бірі – менің атам. Бестөбеде салынған емхана, үйлер де менің атамның басқаруымен салынған. Бестөбедегі бір көшенің атын менің атамның атымен атаса, артық болмас еді. Көпшілік сыйлай білген атамды мен әрқашан құрмет тұтамын.



Ақмола облысы

Степногорск қаласы


Бестөбе кенті

№1 Бестөбе орта мектебі



10 сынып оқушысы

Мажит Диана


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет