ҚРӘМ №3832 12. 09. 2005ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ



бет1/4
Дата26.02.2016
өлшемі295.5 Kb.
#26657
  1   2   3   4




ҚРӘМ № 3832 12.09.2005ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2005 жылғы 30 шілде № 268
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 73 25.03.2006ж.

2.ҚҚА № 109 30.04.2007ж.

3.ҚҚА № 155 28.05.2007ж.

4.ҚҚА № 161 29.10.2008ж.

5.ҚҚА № 181 28.11.2008ж.

6.ҚҚА № 89 29.04.2009ж.

7.ҚҚА № 178 05.08.2009ж.


Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы ұсынылып отырған Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту жөніндегі ереже бекітілсін.

2-тармақ алынып тасталсын.

3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналар өзінің күшін жойды деп танылсын:

1) “Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 217 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2443 тіркелген, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы” басылымында жарияланған, 17);

2) “Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2443 тіркелген “Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 141 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2924 тіркелген, 2004 жылы “Қаржы Хабаршысы” журналында жарияланған, № 7(7));

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.


Төраға Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалу агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысымен

бекітілген


Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесі

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) акционерлік қоғамның (бұдан әрі – қоғам) акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою жөніндегі тәртібін айқындайды.


1.тарау. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу
1. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін нысанда жасалған өтінішті;

2) қоғамның құрылтай жиналысының (бір құрылтайшының шешімі) немесе акционерлерінің жиналысының (дауыс беретін барлық акцияларды иеленуші акционердің шешімі) жарияланған акциялар шығару туралы шешіммен бірге хаттама көшірмесін;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелерін;

4) жарғының көшірмесін;

5) акционерлік қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесімен, сондай-ақ соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есеп берумен (жаңа құрылған қоғамдарды қоспағанда), жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша есептілік саясаты мен қаржылық есеп беру туралы ақпарат бірге тігілген осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада берілген акциялар шығарылымының проспектісі. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында акционерлік қоғам сатып алған кездегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі акциялар шығарылымы проспектісі және акциялар құнын анықтау әдістемесі бар;



  1. қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыда акциялар шығаралымының проспектісі (мемлекеттік және орыс тілдерінде);

7) құрылтайшылардың акцияларды жарғылық капиталдың (акцияларды алғашқы рет шығарған жаңадан құрылған қоғамдар үшін) ең аз мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде алдын ала төлегенін растайтын құжаттар көшірмелері.

Тұрақтандыру банкі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін, осы тармақтың 2), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген акциялар шығарылымының проспектісі акциялардың құнын анықтау әдістемесі, қаржылық есептілігі, есеп жүргізу саясаты туралы ақпарат қосылмай беріледі.

2. Қоғамды қайта ұйымдастыру жолымен құрған кезде Ереженің 1-тармағының 1)–6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа қоғам мыналарды ұсынады:

1) бірігу жолымен қайта құрылған жағдайда - өткізу актісінің, бірігі туралы шарттың және тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қайта құрылатын қоғамдардың мүлкін (меншік капиталының мөлшерін көрсетуімен) қайта құрылу туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша бағалау жөніндегі есептің көшірмелері;

2) қосылу жолымен қайта құрылған жағдайда - өткізу актісінің, қосылу туралы шарттың, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қосылатын қоғамның мүлкін (меншік капиталының мөлшерін көрсетуімен) қайта құру туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша бағалау жөніндегі есептің, оған қосылу жүзеге асырылатын қоғамның аудиторлық есеппен расталған қайта құру жөнінде шешім қабылдау алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржы есептілігінің көшірмелері;

3) бөлу және бөліп шығару жолымен қайта құрылған жағдайда – бөлу балансының, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған бөлу не бөліп шығару нәтижесінде пайда болған қоғамдардың жарияланған акциялардың төлемі ретінде берілетін мүлкін қайта құру жөнінде шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша бағалау туралы есептің көшірмелері;

4) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өзгерту жолымен қайта құрылған жағдайда – қаржылық есептіліктің, өткізу актісінің, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушының (қатысушылардың) үлесін (үлестерін) бағалау туралы есептің көшірмелері;

5) мемлекеттік кәсіпорыннан өзгерту жолымен қайта құрылған жағдайда – қаржылық есептіліктің, өткізу актісінің, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қайта құру жөнінде шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін бағалау туралы есептің (меншікті капиталын көрсетуімен) көшірмелері.

3. Уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге ұсынған құжаттарды олар алынған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.

4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:

1) қоғамға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді осы Ереженің 1-1 қосымшасына сай нысан бойынша;

2) акциялар шығарылымы проспектісінің уәкілетті органның тіркелгені туралы белгісі қойылған бір данасын қоғамға қайтарады.


2-тарау. Акциялар шығарылымының проспектісіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу



  1. Қоғам уәкілетті органға “Бағалы қағаздар рыногы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1)-3), 8), 9), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген, сондай-ақ акцияларды қоғам сатып алған кезде оның құнын анықтау әдістемесі өзгерген және (немесе) толықтырылған жағдайда оларды тіркеу үшін олар пайда болған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде (қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаса) акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу үшін ұсынады.

Қоғам басқа мәліметтер өзгерген жағдайда уәкілетті органға акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды ұсына алады.

6. Акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін қоғам уәкілетті органға:

1) еркін нысанда жасалған өтінішті;

2) акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген, бірінші басшы, бас бухгалтер, ішкі аудит қызметінің (егер ол бар болса) басшысы қол қойған және қоғам мөрінің таңбасымен расталған өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данамен. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында акциялар шығарылымы проспектісіне мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар;

3) қоғамның қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыда оған енгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен бірге акциялар шығаралымының проспектісін (мемлекеттік және орыс тілдерінде);

4) негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қоғам органының шешімінің көшірмесін;

5) әділет органының не қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының белгісі қойылған барлық енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге жарғының және заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (қоғам атауы және (немесе) оның тұрғылықты орны өзгерген жағдайда);

6) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын (қоғам атауы, саны және (немесе) акциялар түрі өзгерген жағдайда);



  1. орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) жалпы санының он және одан көп процентіне иелік ететін акцонерлер туралы тіркеуші жарияланған акциялар санының және/немесе олардың түрлерінің өзгеруі жөнінде шешім қабылданған күнге берген анықтаманың түпнұсқасын ұсынады;

8) тіркеуші берген акционерлік қоғамның ірі акционерлері туралы мәліметтердің өзгерген күнінен кейін келетін күнгі жағдай бойынша (ірі акционерлері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда) ірі акционерлері туралы анықтаманың көшірмесі.

7. Уәкілетті орган акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды олар алынған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде қарайды.

7-1. Уәкілетті орган банктің жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары болмаған не «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 17-2-бабында көзделген жағдайларда олардың саны жетпеген кезде, банктің жарияланған акцияларды сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде осы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

1) акциялар шығарылымы проспектісіндегі банктің жарияланған акциялар санының және олардың түрлерінің өсіру бөлігіне өзгерістер енгізеді (мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 (екі) данада);

2) акциялар шығарылымы проспектісіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың бір данасын және акциялар санын, түрлерін (мемлекеттік және орыс тілдерінде) көрсете отырып, оларды мемлекеттік тіркеу куәлігінің бір данасын банкке береді;

3) акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін қоса беріп, жарияланған акциялар санын өсіру туралы тіркеушіні және орталық депозитарийді хабардар етеді.

Банк акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы осының алдында берілген куәліктің түпнұсқасын қайтарады және қоғамның қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматындағы электрондық тасымалдағыштағы оған енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар акциялар шығарылымы проспектісін (мемлекеттік және орыс тілдерінде) береді.


  1. Акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган қоғамға акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың оларды тіркеу туралы белгі қойылған бір данасын береді.

Заңды тұлға атауының, оның орналасқан жерінің, акциялар саны мен түрінің өзгеруі негіздері бойынша акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда уәкілетті орган акциялар шығарылымының проспектісіне өзгеріс пен толықтырулар данасынан басқа ауыстыру себептерін көрсете отырып бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырады.

9-тармақ алынып тасталсын.

10. Жарғылық капиталы акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелімсіз жасалған, кемінде елу мың еселенген ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде төленген жарғылық капиталы бар қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ұлттық бірегейлендіру нөмірін беру туралы куәлігімен ауыстыру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін нысанда жасалған өтінішті;

2) акционерлік қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесімен, сондай-ақ соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есеп берумен, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша есептілік саясаты мен қаржылық есеп беру туралы ақпарат бірге тігілген осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада берілген акциялар шығарылымының проспектісі. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында акционерлік қоғам сатып алған кездегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі акциялар шығарылымы проспектісі және акциялар құнын анықтау әдістемесі бар;

3) қоғамның қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыда оған енгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен бірге акциялар шығаралымының проспектісін (мемлекеттік және орыс тілдерінде);

4) ұлттық бірігейлендіру нөмірін (бұдан әрі - ҰБН) беру туралы куәліктің (куәліктердің) түпнұсқасын (түпнұсқаларын);



5) акциялар шығарылымы проспектісіне соның негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қоғам органы шешімінің көшірмесін;

6) әділет органының белгілеуімен барлық енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар жарғының көшірмесі және заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесін.

11-тармақ алынып тасталсын.

12-тармақ алынып тасталсын.
3-тарау. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту
13. Акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті қоғам «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде ұсынады.

Күнтізбелік алты ай орналастырудың есепті кезеңі болып табылады.

Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні орналастырудың бірінші есепті кезеңінің басталу күні болып табылады.

Өткен есепті кезеңнің аяқталу күнінен кейін келетін күні келесі есепті кезеңнің басталу күні болып табылады.

Акцияларды түпкілікті орналастыру күні жарияланған бағалы қағаздарды қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде (жеке шоттардың бірыңғай жүйесі) немесе номиналды ұстау есебі жүйесінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есепке алу үшін қоғамның жеке шотынан барлық жарияланған акцияларды есептен шығару бойынша соңғы операцияны өткізу күні болып табылады. (осы абзацқа кіргізілген өзгерістер 2010 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.).

Акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті қоғам есептік орналастыру кезеңі аяқталған күннен бастап бір айдың, сондай-ақ акциялар толық орналастырылғаннан кейінгі ай ішінде ішінде ұсынады.

13-1. Тұрақтандыру банкі акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті ұсынбайды.

14. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін нысанда жасалған қоғамның өтініші;

2) есепті кезеңді аяқтайтын ай соңындағы не акцияларды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша қаржы есебімен «, есепті кезеңде акциялардың төлемін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесімен (көшірмелерімен) бірге тігілген, осы Ереженің 2-қосымшасына сай нысан бойынша жасалған қағаз тасымалдаушысында екі данамен акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті (мемлекеттік және орыс тілдерінде) және акцияларды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша тіркеушінің анықтамасының көшірмесімен. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп бар;

3) қоғамның қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыдағы акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті (қоғамды тарату және қайта құру жағдайларын қоспағанда).

15. Қоғамның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:

1) есепті бекітеді және қоғамға акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгендігі туралы хабарлама жібереді осы Ереженің 2-1 қосымшасына сай нысан бойынша;

2) есептің бекітілгендігі туралы уәкілетті органның белгісі қойылған есептің бір данасын қоғамға қайтарады.

16. Акциялар шығарылымының проспектісіне акцияларды ұсақтаумен байланысты өзгерістер енгізілген жағдайда, эмитент уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепке енгізілген өзгерістерді және акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті бекіту туралы хабарламаның түпнұсқасын уәкілетті органға ұсынады.

Көрсетілген өзгерістер назарға алынып, уәкілетті орган акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті бекіту туралы хабарламаны алған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде ауыстырады.

17. Егер орналастыру басталған не акцияларды орналастыру (акциялардың орналастырылмағаны туралы хабарландыру) қорытындылары туралы соңғы есеп ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде қоғам бір де бір акция орналастырмаса, онда ол уәкілетті органға:

1) осы кезеңде акцияларды орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы жазбаша хабарламаны;

2) орналастырудың алты айлық мерзімі аяқталған күні тіркеуші берген, орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) жалпы санының он және одан көп процентіне иелік ететін акционерлер туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.

17-1. Тұрақтандыру банкі осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

18. Акциялардың орналастырылмағандығы туралы хабарды қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган қоғамға осы хабарламаның назарға алынғандығы туралы хат жібереді.
4. Акциялар шығарылымын жою
19. Акциялар шығарылымының күші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жойылады.

20. Акциялар шығарылымын жою үшін қоғам “Бағалы қағаздар туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабы 2-тармақшасында аталған құжаттарды уәкілетті органға ұсынады. Акциялар шығарылымын жою туралы өтініште тіркеушінің атауы, қоғам тіркеушісімен жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу шартының күні мен нөмірі туралы мәліметтер болады.

21. Сот не атқарушы өндіріс органдары соттың жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану немесе заңды күшіне енген қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы шешімін таныған жағдайда акциялар шығарылымының күші осы шешімнің негізінде жойылады.

“Бағалы қағаздар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгенге дейін қоғам акцияларының эмиссиясы болмай қалды деп танылған жағдайда осы эмиссияның күші қоғам акцияларының эмиссиясы болмай қалды деп тану туралы шешімнің негізінде жойылады.

Көрсетілген жағдайларда қоғам уәкілетті органның ұйғарымы негізінде жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (куәліктердің) және (немесе) ҰБН беру туралы куәліктің (куәліктердің), акциялар шығарылымының проспектісінің түпнұсқаларын (егер осының алдында уәкілетті органға берілген акциялар шығарылымы проспектісі көзделмеген болса, онда бұл құжат ұсынылмайды )ұйғарымды алған күннен бастап он күн ішінде ұсынады.

22. “Бағалы қағаздар туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған құжаттар жоғалған жағдайда қоғам уәкілетті органға бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы жарияланған ақпараттың көшірмесін ұсынады.

23. Акциялар шығарылымын жою үшін уәкілетті органға қоғам ұсынған құжаттар олар алынған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде қаралады.

24. Акциялар шығарылымын жою үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган акциялар шығарылымын жояды және қоғамға осы Ереженің 2-2-қосымшасына сай нысан бойынша акциялар шығарылымы жойылғандығы туралы хабарлама жібереді.

24-1. Уәкілетті орган тұрақтандыру банкінің акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті органның тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату туралы шешімінің негізінде қабылдайды.

5-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, акциялар шығарылымы проспектісіне жасалған өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту
25. Уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында белгіленген жағдайларда жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, акциялар шығарылымы проспектісіне жасалған өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тартады.

26. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тартылған жағдайда қоғам уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тару алған күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органға екінші рет пысықталған құжаттарды тапсырады.

Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартқан жағдайда эмитент уәкілетті органға пысықталған есепті бас тартуды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қайтадан ұсынады.

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою үшін құжаттарды қайтадан ұсынған кезде қарау мерзімі қайтадан есептеледі.


6-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою үшін ұсынылған құжаттардың мазмұны және ресімдеу
27. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне (жарияланған акциялардың саны көбейген не түрі өзгерген жағдайда) өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою үшін уәкілетті органға қоғам ұсынған (тұрақтандыру банкін қоспағанда) өтініш және құжаттар өтініште (ілеспе хат) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізілімін ұстаушының мемлекетте осы қоғам акцияларының бар (жоқ) екені туралы мөртабанының таңбасы болса, қарау үшін қабылданады.

28. Акциялар шығарылымының проспектісі (мемлекеттік және орыс тілдерінде) акционерлік қоғамы акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесімен, қаржы есебінің көшірмелерімен, аудиторлық (аудиторлық) есептің (есептердің) көшірмелерімен және есеп саясаты жөніндегі ақпаратпен бірге тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен бекітіледі және қоғам мөрінің таңбасы қойылады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейінгі кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржы есебі болмаған жағдайда қоғам уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы екі жыл үшін аудит жасалған қаржы есебін ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржы есебін қоғам акционерлердің жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржы есебін бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).

Акциялар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтер, акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды тапсыру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсетілетін қоғамның қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты (осы Ереженің 1-қосымшасының 4 және 5-бөлімдерінде көрсетілетін) қоспағанда, уәкілетті органға құжаттарды тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы күніне келтіріледі.

29. Қаржы ұйымдарын қоса алғанда, қоғамдар бухгалтерлік баланстан, кірістер мен шығыстар туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен және меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептен тұратын қаржылық есепті ұсынады. Жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба қоса беріледі.

30. Қосымша (түзетілген) құжаттар уәкілетті органға ілеспе хатпен ұсынылады. Ілеспе хатта уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту туралы хаттың шығыс нөмірі мен күні, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

31. Егер осы Ережеде көшірмелер бірінші басшының, бас бухгалтердің қолымен және қоғам мөрінің таңбасымен бекітілген ұсыну белгіленбесе, қоғам құжаттардың көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте жарғы көшірмесі нотариалды түрде куәландырылған болуы тиіс.

32. Құжаттарда парақтар көп болған кезде әрбір парақ расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және параққа жартылай желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолдары және мөр таңбасы қағаз пломбаға жартылай, құжаттың парағына жартылай қойылуы тиіс.

33. Құжаттарда түсініксіз түзетулер, сызып тастаулар, тазалаулар, түзетілген жерлер, қосымша жазулар (қосымша басулар) жасауға жол берілмейді. Түзету жасалған кезде сызып тасталған сөз анық оқылуы тиіс. Әрбір түзету (толықтыру) түсіндірілуі тиіс, мысалы: "түзетілген … дұрыс", "қосымша жазылған …дұрыс", "сызып тасталған …оқылмасын" деп берілуі тиіс, құжатқа қол қойған тұлғалар растауы және қоғамның мөрінің таңбасымен расталуы тиіс.
7-тарау. Қорытынды ережелер
34. Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, қоғамның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың тізілімін ұстаушыға осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша:

1) жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу;

2) акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу;

3) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту;

4) акциялар шығарылымын жою туралы хабарлама жібереді.

35. Уәкілетті орган акциялар шығарылымының проспектісі, сондай-ақ акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп шеңберінде ұсынылған ақпаратты өзінің ресми web-сайтында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша ашып көрсетеді. Осы Ережеге сәйкес қоғамның уәкілетті органға электронды және қағаз тасымалдаушысында ұсынған құжаттардың мазмұны бірдей болуы тиіс.



  1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою кезінде уәкілетті орган берген құжаттардың түпнұсқалары жоғалған жағдайда қоғам баспасөз басылымдарында жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы ақпарат жариялау шартымен дубликат беру үшін өтініш жасауға құқылы.

36-1. Акциялар шығарылымы проспектісінің, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың, акцияларды орналастыру қорытындысы бойынша есептің тұпнұсқалары жоғалған жағдайда қоғам аталған құжаттардың көшірмелерін беру туралы уәкілетті органға өтініш жасайды.

37. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.



Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесіне 1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет