Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін



Дата23.02.2016
өлшемі168.94 Kb.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін

заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты

шығыстарды өтеудің ережелері туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1247 қаулысы (2005 жылы 30 қыркүекте берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

"Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу ережелері бекітілсін. 2. "Республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1361 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 43, 393-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

26 тамыздағы N 1247

қаулысымен бекітілген

Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері (2005 жылы 30 қыркүекте берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

1. Адвокаттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114 және 304-баптарына, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 5-бабының 2-тармағына ("Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайлардан басқа) сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсетiлетiн заң көмегiне ақы төлеу және осы жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуiне байланысты шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

Заң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды республикалық бюджет қаражатының есебiне жатқызу үшiн қылмыстық істi жүргiзетiн органның, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істердi қарауға уәкiлеттiк берiлген органның (лауазымды адамның) қаулысы және өндiрiсiнде осы iс бар соттың (бұдан әрi - тиiстi орган) азаматтық iстер жөнiндегі ұйғарымы негіз болып табылады.

Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы қаулыны немесе ұйғарымды шығару және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу үшiн адвокаттың өтiнiшi негiз болып табылады.

ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.

2. Анықтау органының немесе тергеушiнiң республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы қаулысы адвокат тапсырманы орындағаннан кейiн, ал тапсырманы орындау бiр айдан асып кетсе - ай сайын шығарылады.

3. Республикалық бюджет қаражатының есебiнен қылмыстық iс бойынша адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы сот қаулысы үкiм қабылдаумен не iстi қосымша тергеуге жiберу немесе iстi тоқтату туралы процессуалдық шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады.

Сот талқылауы бiр айдан асып кетсе, сот қаулысы ай сайын шығарылады.

Сот қаулысы адвокаттың өтiнiшi бойынша үкiм жарияланғаннан кейiн де шығарылуы мүмкiн.

4. Азаматтық iс бойынша адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және өкiлдiк етуге байланысты шығындарды өтеу туралы соттың ұйғарымы шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады.

Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берiлген органның (лауазымды адамның) адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарумен бiр мезгілде шығарылады.

ЕСКЕРТУ. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.


5. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда немесе ұйғарымда тиiстi органның атауы (анықтаушының, тергеушiнiң, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамның тегi, аты-жөнi); iстiң нөмiрi; тапсырманы орындаған адвокаттың тегi, аты-жөні; заң көмегіне ақы төлеуден босатылған адамның тегi, аты-жөнi; адвокаттың алдын ала тергеуге, анықтауға және сот отырысына қатысуға iс жүзiнде жұмсаған сағаттардың күндер бойынша жазылған саны; сот анықтауына (iстiң материалдарымен танысу, тергеу изоляторындағы айыпталушыға жолығу) дайындалу, оған ескерту жасалған жағдайда сот отырысының хаттамасын зерделеу; ол мүшесi болып табылатын тиiстi адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелерi көрсетіледі.

Заң көмегiн көрсету iссапарға шығумен байланысты болған жағдайда, қаулыда немесе ұйғарымда iссапарда болған кезең мен күндердiң саны көрсетiледi.

ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.

30.09.2005 ж. №978 ҚР Үкімет Қаулысымен 5 тармақ өзгертілді.

«5. РесПубликалық бюджст қаражаты сссбінен алдын ала тсргеудс жөне анықтауда, сондай-ақ өкімшілік қүқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргіэудс адвокат көрсеткен зац көмегіяе ақы төлсу жвне қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда (бұдан өрі - қаулы) . мыналар керсетіледі:

қаулыны шығарған анықтаушының, тсргеушінің, өкімшілік қүқық бұзушылық туралы істі қарауға уөкілетгі лауаэымды адамның (бұдан ері -тиісгі орган) лауазымы, тегі, аты-жөні;

істің нөмірі, атауы, оныц қаралғаи орны, күні жөве уақыты;

заң көмегіне ақы төлеуден босатылған адамның тегі, аты, өкесінің аты;

тапсырманы орындаған адвокаттың тегі, аты, өкссінің аты, оның өкілетгігін куөландыратын ордердің нөмірі жөне берілген күні;

күні мсн сағатпен бөлінгсн уақыты жөне төлеуге жататын сомасы көрсетілс отырып, адвокат көрсетксн заң көмегінің түрлері;

күні, уақыты жөне төлеуге жататын сомасы көрсетіле отырып, адвокатгыц тергсу немесе іс жүргізу өрекстінің басталуын күтуге жумсаған өтеуге жататын шыгыстардың турлері мен сомасы көрсетіле отырып адвокаттың заң көмегін көрсету үшін жол жүруімен байланысты іссапарға жұмсаған күндерінің саны;

төлеуге жататын жалпы сома;

адвокат мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелері.

Ақы төлеуге жататын уақыт адвокатгың:

алдын ала тергеу және анықтау барысында іс жүргізу және тергеу эрекеттеріне, сондай-ақ әкімшілік.қдоық бузушылықтурапы іс бойынша іс жүргізуге қатысуга;

қамауда ұсталатын сезіктімен, айыпталушымен не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге;

қылмыстық іс не әкімшілік қуқық бузушылық туралы іс материалдарымен танысуға;

тиісті органның іс-әрекетіне шагым жасауға жұмсаған сагаттарымен есептеледі;

Ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттьщ твісті органның жазбаша немесе өзге де байланыс қуралдарын пайдалана отырып жасаган хабарламасыңңа көрсетілген уақытга келген сәтінен бастап, егер адвокат осы уақьпта басқа істерге қатыспаса, іс жүргізу немесе тергеу әрекеті аяқгалганға дейін есептеледі және хатгамада тіркеледі.

Сезікті немесе айыпталушы не әкімшілік жауапкершілікке тартылган адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 72-бабының не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабының тәртібімен тагайындалган адвокаттан бас тартқан кезде, адвокатгың іс материалдарымен танысуға, кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге, осындай бас тартуды іс жүргізу ресімдеуіне жұмсаган уақыты, сондай-ақ басқа жерге жол жүрген жағдайда іссапар және басқа да шышстары төленуге жатады.

Адвокат басқа жерге жол жүріп заң көмегін көрсеткен жағдайда, егер адвокат бұл күні басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, тергеу немесе іс жүргізу әрекетінің ұзақгыгына қарамастан, ақы төлеу толық жумыс күніне жүргізіледі.

Адвокаттың қамауда ұсталатын сезіктімен немесе айыпталушымен не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге жұмсаған уақыты тергеу изоляторларының, уақытша ұстау юоляторларының немесе ішкі істер органдарьшың арнайы қабылдау орындарының анықтамалары бойынша айқындалады.

Алдын ала тергеу немесе анықгау барысында қылмыстық істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен танысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақытты істің күрделілігін ескере отырып, тиісті орган белгілейді. Бұл ретте қылмыстық іс материалдарының бір томын зерделеуге кеткен сагаттың ең аз мөлшері - үш сагатган, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша бір сагаттан кем болмауы тиіс.

Тиісті органның іс-әрекетгеріне шағым жасау үшін қажетгі уақытгы істің күрделілігін ескере отырып, адвокат белгілейді және ол екі сагатган кем болмайды..
6. Адвокаттың iс бойынша өндiрiске қатысқан бiр сағат iшiндегi заң көмегiне ақы төлеудiң ең аз мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнiң 1/21 есебiнен белгiленедi.

Бұл ретте бiр сағаттық төлем мөлшерi белгiленген тәртiппен айқындалған адвокаттың соңғы екi айдағы орташа сағаттық жалақысынан төмен бола алмайды. ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.

30.09.2005 ж. №978 ҚР Үкімет Қаулысымен 6 тармақ өзгертілді.

Адвокаттың тергеуде және анықтауда қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құкық бұзушылық туралы іс бойынша іс Жүргізуге қатысқан бір сағат і ішіндегі керсеткен заң көмегіне, соның ішінде іс материалдарымен танысқаны, іс бойынша шагам жасаганы үшін ақы төлеу мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалақының ең төменгі мвлшерінің 1/21 есебінен белгіленеді.

Адвокаттыц қамауда ұсталатын сезіктімен не айыпталушымен не әкімшілік ұстауга тартылган адаммен кездесуге жұмсаган уақыты осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген ақының 75 пайызы мөлшерінде төленеді.

Егер адвокат белгіленген уақытта келсе және басқа істер бойынша іс ж\ргізуге қатыспаса, адвокаттың тергеу немесе іс жүргізу әрекетінің бастапуын күтуге жұмсаган уақыты осы тармақгың бірінші абзацында белгіленген ақының 50 пайызы мөлшерінде төленеді.

Адвокаттың Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-бабында белгіленген мерзім аякгалатын, кейінгі қалдыруга болмайтын жагдайда түнгі уақытта сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуға қатысқан әрбір сағатына осы тармақгың бірінші абзацында белгіленгеннен бір жарым еседен кем емес мөлшерде ақы төленеді.

Адвокаттың Қазақстан Ресяубликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-бабында белгіленген мерзім аякталатын демалыс және мереке күндері сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуға қатысқан эрбір сагатына осы тармакгың бірінші абзацында белгіленгеннен екі еседен кем емес мөлшерде ақы төлснеді.»;


7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайда түнгі уақытта сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген төлемнен бiр жарым мөлшерден кем түспейтiн төлем жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын демалыс және мереке күндерi сезiктiден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленгеннен кемiнде екi есе жоғары мөлшерде төлем жүргiзiледі.

ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.

30.09.2005 ж. №978 ҚР Үкімет Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді.

«7. Ресйубликалық бюджет қаражаты есебінен адвокат кврсеткен заң көмегіне ақы төлеу туралы және сотга қоргауға және өкілдік стуге байланысты шыгастарды өтеу туралы қаулыда немесе ұйғарымда (бұдан эрі - қаулы немесе

ұйғарым) мыналар керсетіледі:

тиісті соттың атауы, қаулыны немесе ұйғарымды шыгарган судьяның лауазымы, тегі, аты-жөні;

істің немірі, атауы, оның қаралған орны, куні және уақыты;

заң көмегіне ақы твлеуден босатылган адамның тегі, аты, әкесінің аты;

тапсырманы орындаған адвокатгыц тегі, аты, әкесінің аты, онық өкілеттігін куәландыратын ордердің нөмірі және берілген күні;

ісүйі мен сағатпен бөлінген уақыты және төлеуге жататын сомасы

күні, уақыты және төлеуге жататын сомасы керсетіле отырып, адвокаттыц сот отырысының басталуын күтуге жумсаған сагаттарының саны;

күні, уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетіле отырып, адвокаттың басты сот талқылауы кейінге қалдырылган жағдайда оның жалғасын күтуге жумсаган сагаттарының саны;

өтеуге жататын шыгыстардың түрлері мен сомасы көрсетіле отырып, адвокаттың заң көмегін көрсету үшін жол жүруімен байланысты іссапарга жумсаган күндерінің саны;

төлеуге жататын жаппы сома;

адвокат мүшесі болып табылатын тиісті адаокатгар алқасының толық атауы мен банк деректемелері.

Ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттың:

қылмыстық немесе азаматтық істің не әкімшілік қукық бұзушылық туралы істің материалдарымен, сот отьфыстарының хаттамаларымен танысуға;

қамауда ұсталатын сотгалушымен немесе сотгалган адаммен не әкімшілік ұстауга тартылган адаммен кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге;

қылмыстық жэне азаматтық істер бойынша бірінші, апелляциялық жане қадагалау сатыларындагы сотгарға не әкімшілік құқық бузушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысуға;

қылмыстық не азаматшқ іс бойынша аппеляциялық немесе қадагалау»


шагымдарын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыга
шагымдар, сот отырыстарының хатгамаларына ескертулер жасауга жұмсаған сағаттарымен есептеледі.

Егер адвокат қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуге немесе анықгауға қатыспаса сотқа дейінгі дайындық барысында осы істің материалдарымен не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің немесе азаматтық істің материалдарымен, сондай-ақ сот отырысының хаттамасымен танысқаыы үшін ақы төлеуге жататын уақытты істің күрделілігін ескере отырып, судья белгілейді. Бұл ретте қылмыстық іс материалдарының бір томын - зерделеуге кеткен уақыттың ең аз мөлшері үш сағаттан, азаматтық іс немесе әкімшілік құкьіқ бұзушылық туралы іс — бір сагаттан, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау екі сагаттан кем болмайды.

Адвокаттың қамауда ұсталатын сотталушымен не сотталған адаммен не әкімшілік ұстауға тартылган адаммен кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге жұмсаган уақыты тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының немесе ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындарының анықтамалары бойынша белгіленеді.

Сотқа қатысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақыт соттың жазбаша немесе өзге де байланыс қуралдарын пайдалана отырып жасаган хабарламасында көрсетілген уақытта адвокаттың келген сәтінен бастап, егер адвокат осы уақьпта басқа істерге қатыспаса, төрагалық етуші сот отырысының жабылуы туралы хабарлағанға дейін есептеледі және сот отырысы хаттамасында тірқеледі.

Сотталуіпы немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылган адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 72-бабының не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабының тэртібімен тагайындалған адвокаттан бас тартқан кезде, адвокаттың іс материалдарымен танысуга, кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге, осындай бас тартуды іс жүргізу ресімдеуіне жұмсаган уақыты, сондай-ақ басқа жерге жол жұрген жагдайда іссапар және басқа да шығыстары төленуге жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 321-бабының 1-бөлігінде белгіленген тәртіппен іс бойынша басты сот талқылауын басқа уақытқа не басқа күнге кейінге қалдырган жагдайда, егер адвокат бұл уақытга басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, адвокаттың басты сот талқылауының жаягасын Күтуге жұмсаған барлық, бірақ бір күннен аспайтын жұмыс уақыты төленуге жатады.

Адвокат басқа жерге жол жүріп заң көмегін көрсеткен жағдайда, егер бұл күні басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, іс бойынша сот талқылауының ұзақгығына қарамастан, ақы төлеу толық жұмыс күніне жүргізіледі.

Қылмыстық немесе азаматтық іс бойынша апелляциялық немесе кадагалау шағымын не әкімшілік құкық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым жасаганы үшін ақы төлеуге жататын уақытгы істің күрделілігін ескере отырып адвокат белгілейді және ол уақыт екі сагаттан кем болмайды. Қылмыстық істің күрделілігін айқындаган кезде қылмыстық істің сотгылыгы, ягни қылмыстық істердің облыстық және оларга теңестірілген сотгардың (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сотар — Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты) бірінші сатысы бойынша қаралуы, іс материапдарының көлемі және таңылган қылмыстардың ауырлыгы, -айыпталушылардың саны есепке алынады.»;



30.09.2005 ж. №978 ҚР Үкімет Қаулысымен 7-1 тармағына толықтырулар еңгізілді.

«7-1. Адвокаттың сотта іс бойынша іс жүргізуте қатысқан бір сагат ішіядегі көрсеткен заң көмегіне, соның ішінде, егер ол осы іс бойынша алдьін-ала тергеуге не анықгауға қатыспаса, сотқа дейінгі дайындық барысында қылмыстық іс немесе экімшілік қуқық бұзушылық туралы іс не азаматтық іс материалдарымен, сот отырысының хаттамасымен танысқаны, қылмыстық не азаматтық іс бойынша апелляциялық немесе кдцағалау шагымын немесе әкімшілік құқьіқ бұзушылық туралы іс бойынша шагым, сондай-ақ сот отырысының хатгамасына ескертулер жасаганы үшін ақы твлеу мвлшері Қазақстан РесЛубликасының заңнамасында белгіленіген' жалақының ең төменгі мөлшерінің 1/21 есебінен белгіленеді.

Авдокатгың қамауда ұсталатын сотгалушымен не сотгалған адаммен не әкімшілік ұстауга тартылған адаммен кездесуге жұмсаган уақыты осы тармақгың бірінші абзацында белгіленген ақының 75 пайызы мөлшерінде төленеді. .

Егер адвокат белгіленген уақьпта келсе және басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, оның іс бойынша сот талқылауының басталуын күтуге жұмсаған уақытына, сондай-ақ егер адвокат осы уақытта басқа адамдарға заң көмегін көрсетпесе, басты сот талқылауын кейінге қалдыру уақытына осы тармакшң бірінші абзацында белгіленген ақының 50 пайызы мөлшерінде ақы төленеді.»;


8. Төлем жөнiндегi есептi адвокаттың нақты iс бойынша жұмсаған жұмыс сағаттарының санына ақы төлеу туралы қаулының немесе ұйғарымның және адвокаттың соңғы екi айдағы орташа айлық жалақысы туралы анықтаманың негiзiнде тиiстi органның бухгалтериясы жүргiзедi.

Адвокаттың орташа жалақысы туралы мәлiметтiң растығы үшiн, осы мәлiметтердi берген адвокаттар алқасының лауазымды адамдары жауаптылықта болады.

Адвокат алдын ала тергеуге қатыспаған жағдайда, соттағы қылмыстық iстiң немесе азаматтық iстiң материалдарымен танысу, сондай-ақ сот отырысының хаттамасымен танысу үшiн қажеттi (не iс жүзiнде жұмсалған) сағаттардың санын қылмыстық iстiң көлемi мен күрделiлiгiне қарай судья белгiлейдi.

Тиiстi органдардың қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес адвокаттың басқа жерге баруына байланысты iссапар шығыстары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн көзделген нормалар мен тәртiп бойынша төленуге жатады.

ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.

30.09.2005 ж. №978 ҚР Үкімет Қаулысымен 8 тармақ өзгертілді.

«8. Соттың не тиісті органның қаулысына және ұйғарымына сәйкес адвокаттың басқа жерге жол жүруіне байланысты іссапар шыгыстары Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін көзделген нормалар бойынша және тәртіппен төленуге жатады.»


9. Қаулының немесе ұйғарымның бiр данасы қылмыстық немесе азаматтық iс материалдарына қосылады, екiншi данасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-іне дейiн республикалық бюджеттің тиісті бағдарламасы әкімшісінің аумақтық органының (бұдан әрi - аумақтық орган) бухгалтериясына, ал үшiншiсi - адвокаттар алқасына назарға алу үшiн жiберiледi.

ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.

30.09.2005 ж. №978 ҚР Үкімет Қаулысымен 9 тармақ өзгертілді.

9. Қаулының немесе ұйғарымның бір данасы қылмыстық немесе азаматгық істің не әкімшілік қрдоқ бұзушылық туралы істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы адвокаттар алқасына ұсыну үшін іс бойынша қатысқан адвокатқа беріледі.

Адвокатгардың қаулының немесе ұйғарымның екінші данасын ұсынуы бойынша адвокаттар алқасы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландыруга жататын сағатгар саны мен қаражат сомасы туралы өтінім (бұдан әрі - өтінім) жасайды және оны тиісті республикалық бюджеттік багдарлама экімшісінің аумақтық органына (бұдан эрі - аумақгық орган) -есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне дейінгі мерзімде, ал желтоқсан үшін есепті , айдың 15-күнінен кешіктірмей жібереді. Өтінімге міндетгі түрде: ' адвокаттардың алдын ала тергеуге, анықгауга, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге, сотқа қатысқан күні мен уақытын есепке алу тізілімі және қаулылар мен ұйғарымдардың көшірмелері қоса беріледі.
10. Адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы тиiстi органның қаулылары немесе ұйғарымдары түскен кезде, тиiстi аумақтық органның бухгалтериясы қажеттi есептер және iссапар жөнiндегi құжаттарға тексерулер жүргiзген соң, есептi ай үшiн адвокаттарға төлеуге жататын қаражаттың сомасы туралы өтiнiм жасайды және есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оны жоғары тұрған органға жiбередi.

ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.

30.09.2005 ж. №978 ҚР Үкімет Қаулысымен 10 тармақ өзгертілді.

10. Өтінімдер түскеннен кейін аумақгық орган адвокатгарга төленуге жататын қаражаттың сомасы туралы ақпаратты тиісті республикалық -бюджетгік бағдарламаның экімшісіне - есептіден кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан үшін есепті айдың 20-күнінен кешіктірмей жібереді.

Аумақтық органға агымдағы жылдың 15 желтоқсаннан кейін келіп түскен қаулылар немесе уйғарымдар келесі жылдың қаржыландыруы есебінен төлеуге жатады.»;

30.09.2005 ж. №978 ҚР Үкімет Қаулысымен 11 және 12 -тармақтар алынып тасталды.

11. Қаржы министрлiгi республикалық бюджет шығыстарының бекiтiлген тiзiмдемесi шегiнде қазынашылық рұқсаттардың 1-нысаны бойынша өз рұқсатымен аумақтық органға бюджеттiк қаражатты жұмсау лимитiн 2-нысан бойынша жеткiзетiн тиiстi бағдарламалардың әкiмшiлерiне ай сайын сомаларды бөлудi жүзеге асырады.



ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.

12. Аумақтық орган жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға арналған қаражат түскен күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде соманы адвокаттар алқасымен жасалған және аумақтық қазынашылық органда тiркелген шартқа сәйкес, аумақтық адвокаттар алқасының есеп айырысу шотына аударады.



Соманың артық төленгенi байқалған жағдайда, соңғысы тиiстi органға қайтарылуға жатады.

Ағымдағы қаржы жылында адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу кезiнде осы жылы түскен, артық төленген қаражаттың қайтарылған сомасы тиістi ерекшелiктер бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтiру үшiн есепке алынады.

Ағымдағы жылда түскен, өткен қаржы жылдарында осындай төлеу кезiнде артық төленген қаражаттың қайтарылған сомасы республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеуге жатады.

ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.

(ҚР Жоғарғы Соттың маманы: Исақова К.Н. )



ôôôôô
Каталог: site -> supcourtkaz.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Әділ шешім – судьяның іскерлік өлшемі
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сот төрелігі үстем бола бермек
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №233 2008-08-01 Ілекең жеткен белестер
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасынан
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет