Сабақ жоспары мұғалімнің аты-жөні



бет1/3
Дата08.02.2024
өлшемі63.06 Kb.
#491399
түріСабақ
  1   2   3
15-сабақ Домбыра - халық мұрасы


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Ж.К.Сералина, БИЛ ер

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 7-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

2-тоқсан, 5-апта, №3 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

5-бөлім: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Сабақтың тақырыбы:

Домбыра – халық мұрасы

Оқу мақсаттары:

7.3.2.1. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.

Сабақ мақсаты:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады

Бағалау критериі:

  • Мәтіннің жанры, стилі туралы еске түсіреді;

  • Шағын мақала, әңгіме немесе нұсқаулық жазады

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1-2 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сабағымыздың тақырыбы: «Домбыра – халық мұрасы»
Бүгінгі сабақта:

  • шағын мақала, әңгіме және нұсқаулық жазып үйренесіздер.

Оқушылардың белсенді жұмыс жасауға деген ынтасын бақылау.

Презентация, оқулық.

4 минут

10-15 минут



Жаңа сабақ
Қызығушы-лықты ояту
Тапсырмалар

Жұмбақты тыңдап, жауабын табыңыз.
Қос қазық, екі желі,тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Сөзге ұста, әнге шебер болғанымен
Ашпайды жұмған аузын адам жоқта.

Дұрыс айтасыздар, балалар, жауабы - домбыра. Домбыра аспабы туралы не білесіздер?


Жақсы, балалар, домбыра туралы қосымша мәліметпен келесі оқылым тапсырмасы арқылы танысайық.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Домбыра аспабы туралы пікірлеріңізді білдіріп, мәтіннің жанрын анықтаңыз:
Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауда қолданылатын мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
Қазақтың қазақтығын көрсететін бірден-бір аспап – домбыра. Осы киелі аспаптың бағасын ғалымдар да, ақын-жазушылар да айтып кеткен. Александр Ефимович Алекторов: «Қолдан істелген екі ішекті домбырадан мұндай нәзік, мұндай әсем дыбыс шығады дегенге еш уақытта сенбеген болар едім! Егерде сол әуенді өз құлағым мен естімеген болсам, мен оның жаратылыс үнімен ұласатын күшіне де сенбес едім!» – десе, Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Біздің қазақ – әнқұмар халық. Біреу қолына домбыра ұстап, ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін айтып-айтысып, жанын жағасына келтіреді. Сол әндегі рух сүйегіңе сіңеді, құлағыңда қалады», – деп жазған.
(Kazorta.org сайтынан)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет