Сабаќ жоспары



бет1/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан


Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі-ұлттық мәдени, рухани асыл мұра.
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ана тілді құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: Кіріспе сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі энциклопедиясы».
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, әлеуметтану, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Кіріспе сабағын өткізу.
Қай ұлтты, халықты алсақ та, бәрінің де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Ана тілін сүймеген адам, қырғыз ақыны Сарноғаев айтқандай, халқын сүйіп те жарытпайды.
Орыстың ұлы жазушысы В.Г.Короленко:
«…Менің тілім өз балаларыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам, жаным түршігеді», - депті. Сол сияқты барлық елдің ойшыл азаматтары өз ана тілінің тағдырына немқұрайды қарамайды. Жаны ашып, оның қамын жеп жүреді.
Тілді жасаушы-халықтың өзі. Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді.Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Себебі ана тілсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ. Ал әдебиетті мәдениеттің қаймағы деп қана қою жеткіліксіз. Ол халықтың, ұлттың кескін-келбеті деуге болады. Өйткені шынайы көркем шығарма халықтың тұтас тарихын, өткен-кеткен не қилы тағдырын суреттеп бере алады.
Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе, солардай етіп, сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді.
Қазір қазақ тілі мейлінше дамып, байып, жетілді, нақты әдеби тіл жасалды. Орта мектептер үшін барлық пән қазақ тілінде жазылып жүр.
Демек, саяси экономия сияқты өте қиын ғылымдардың өздері де қазақ тілінде жазылып жүр. Міне, мұның бәрі қазақ тілінің бай тіл екенін, ол тілде не алуан ғылымға байланысты жаңа сөздер, терминдер, фразалар пайда болғанын білдіреді.
Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.
(С.Аманжолов)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет