Сабақ Лексикалық тақырып: Қазақстанның географиялық орны Грамматикалық тақырып: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тыңдалым



Дата12.06.2023
өлшемі13.52 Kb.
#474973
түріСабақ
1-сабақ Қазақстанның георгафиялық орны


1-сабақ
Лексикалық тақырып: Қазақстанның географиялық орны
Грамматикалық тақырып: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

ТЫҢДАЛЫМ
1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты лексикалық қорды тыңдаңыз және айтуға жаттығыңыз.


Қоғам, мемлекет, халық, ұлт, тәуелсіз ел, рәміз, нышан, халық саны, шекара, өңір, аймақ, кеніш, қала, ірі қала, бас қала, кент, шаһар, астана

2-тапсырма. Қазақстан туралы ақпаратты тыңдаңыз, түсінгеніңізді айтып беріңіз.

Менің Отаным
Тәуелсіз, егеменді Қазақстанның аумағы өте үлкен. Қазақстан жері Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінеді.
Қазақ елі Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседі. Қазақстанның шекарасы батыстан шығысқа дейін 2800 шақырымды алып жатыр.
Батысында Каспий теңізі орналасқан. Каспий теңізінде мұнай және газ кеніштері бар. Қазақстанның оңтүстігінде күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әртүрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер көп өседі. Солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі. Ал шығыс аймағы түрлі-түсті металға бай. Орталық Қазақстанда көмір шығарылады. Жалпы Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының нақ ортасында орналасқан. Қазақ елінің шекарасы 15 мың шақырымнан асады. Оның жартысынан көбі құрлықта болса, ал қалған бөлігі Каспий және Арал теңізінің бойында жатыр.
Қазақстан – батысында Жайық өзені, шығысында Алтай таулары, солтүстігінде Батыс Сібір ойпаты, оңтүстігінде Алатауға дейін созылып жатқан кең байтақ жер. Қазақстанның жалпы аумағы 2717, 3 мың шаршы шақырым.
Еуразия құрлығының ортасына орналасқан Қазақстан – Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанмен шекаралас ел. Осы көрші елдермен ежелден мәдени-рухани достықта, ынтымақ-бірлікте қарым-қатынастар құрып, экономикалық байланыстар орнатқан. Жерінің кеңдігімен әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан, Австралия тағы басқа мемлекеттерден кейінгі тоғызыншы орынды алады. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы –Астана. Қазақстан халқының саны 17 миллион.
Елімізде 14 облыс және республикалық маңызы бар екі ірі қала бар. Сонымен бірге Қазақстан 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 7719 ауылдық мекендерден тұрады. Аталған ауылдар мен қалаларда 17 млн. халық өмір сүреді.
Қазақстан жерінде жазық далалар, шөлдер, шөлейтті жерлер бар. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Батыс Сібір ойпаты, Бетпақдала ұлан байтақ жерлерді алып жатыр. Алтай, Тянь-Шань таулары және ірі өзендер – Есіл, Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария кең далаға көрік беріп тұр. Бүгінде Жайық өзені арқылы салынған көпір Еуропа мен Азия құрлығын жалғастырып тұрғандай.
Ұлы даланың жер асты байлығы – мұнайы мен газы, алтыны, мысы, темірі және жер бетінің байлығы – астығы, еті, мақтасы ел экономикасын дамытуда.
(«Бала би» журналынан)

ОҚЫЛЫМ және ЖАЗЫЛЫМ


3-тапсырма. Мәтінде кездесетін лексикалық қормен танысыңыз, есте сақтау үшін ол сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
Құрлық, нақ ортасы, шекара, жартысы, бөлігі, ойпат, созылып жатыр, жалпы аумағы, көрші ел//көршілес ел, ежелден, ынтымақтастық, қарым-қатынас, байланыс, көпір, жалғастырып тұрғандай, байлық.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет