Сабақ мақсатымен таныстыру Кез -келген сан ойла Оған - ті қос Барлығын -ке көбейт Оған қос, 2ге көбейт, 12 азайт Нәтижесін бөл, ойлаған санды шегер Нәтижесін көбейт, 13 қос Біз бүгін «Векторлар»



Дата17.03.2024
өлшемі476.62 Kb.
#495858
түріСабақ
Векторлар тарауына есептер шығару 9-сынып

Сыныбы:9
Пәні: Геометрия


Сабақтың тақырыбы: Векторлар тарауына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау.
Міндеттері:
Білімділік: Формулаларды қолдана отырып векторларды қосуға, азайтуға, скаляр көбейтіндісін табуға, векторлар арасындағы бұрышты есептеуге есептер шығарту.
Дамытушылық: Оқушылардың білім – білік дағдыларын, формулаларды тиімді қолдана білу оның қасиеттерін есеп шығару кезінде қолдану дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу. Оқушылардың патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері
Сабақтың көрнекілігі: формулалар, кеспе қағаздар, бағалау парақшасы
Сабақтың құрылымы: Ұйымдастыру ( логикалық есеп)
Өткенді қайталау (сұрақтарға жауап)
Үй тапсырмасын тексеру (Босандық бекеті)
Формулалар жазу (Бірлік бекеті)
Есептер шығару (Тұрақтылық бекеті)
Бекіту ( Өркендеу бекеті)
Қорытынды.
Бағалау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
Сабаққа назарын аудару
Сабақ мақсатымен таныстыру
Кез –келген сан ойла
Оған 4- ті қос
Барлығын 3-ке көбейт
Оған 3 қос, 2ге көбейт, 12 азайт
Нәтижесін 6 бөл, ойлаған санды шегер
Нәтижесін 4 көбейт, 13 қос
Біз бүгін «Векторлар » тарауы бойынша үйренгенімізді ортаға салып, есептер шығаруды жалғастырамыз.
Бүгінгі сабақта, біз «Менің Қазақстаным» білім пойызымен виртуалды саяхатқа шығайық.
Вагонға отыру үшін өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Вектор деген не?
Нөлдік вектор деген не?
Қандай векторлар тең деп аталады?
Векторларды қосудың «үшбұрыш ережесін» тұжырымдап беріңдер.
Қандай векторлар коллинеар векторлар деп аталады?
Векторлардың скаляр көбейтіндісі дегенге анықтама беріңдер.
А мен в векторы перпендикуляр болса онда олардың арасындағы бұрыш неше градус
А,в,с тең векторлары қай кезде тең болмайды
Бірлік векторлар. Векторды үш оське жіктеу.
Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты» жолдауында «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының – Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Өркендеу» секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылады» делінген.
Пойызбен саяхаттау мына бағыт бойынша жүргізіледі.

І .«Бостандық» бекеті(Үй тапсырмасын тексеру)


2002 жыл- Астана төрінде Елбасының идеясымен Елорданың символына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
Тест

ІІ «Бірлік» бекеті Формула жазу


2- топ өткен тақырыптар бойынша формулалар жазады.
2011 ж. ақпан- Қысқы Азия ойындары өтті. Азиада





ІІІ. «Тұрақтылық» бекеті
2015 ж. қазан- Қазақ Хандығына 550 жыл

Шешуі:






ІV «Өркендеу» бекеті
Векторлардың скалярлық көбейтіндісін қолдану мысалдары физика курсынан белгілі
Бала шананы 100 м. жолмен қозғау үшін 80 Н. күшпен және 30
бұрыш жасалған жіппен сүйреп келеді. Қандай жұмыс атқарылады?
Берілгені: F = 80 H, s = 100 м, a = 30°.
Табу керек: А.
Шешуі

Үйге тапсырма беру: №102
Бағалау:
Қорытынды:
«Геометрияны білмейтін адам бұл үйге кірмей-ақ қойсын» деп ежелгі грек философы Платон өзінің мектебінің кіре берісіне жазып қойған дейді. 2000 жылдан астам бұрын айтылған бұл сөздер қазір де өз күшінде деп айтуға болады. Себебі айналамыздан геометрия сұлулығын, геометрия кереметтерін көреміз.
«Еліміз еңселі болсын десек,
Шәкіртіміз білімді болсын.»
Оқушылар, сендер- Қазақстанның болашағысыңдар. Сондықтан сендер бәсекеге қабілетті жастар болып жетілулерің қажет.
Рефлексия. Бес саусақ әдісі:
1-Басты мәселе 2-Бірлесу 3- Ойлану 4-Шынайлық 5- Көңіл - күй

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет