Сабақ Ортақ тақырып: Бөлімше Өзім туралы



бет1/81
Дата02.09.2023
өлшемі441.99 Kb.
#476408
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
ДҮНИЕТАНУ ҚМЖ 1 СЫНЫП (2)

Оқулықтың тарауларына арналған сабақтардың қысқамерзімді жоспарлары





    1. сабақ




Ортақ тақырып: Бөлімше

Өзім туралы


1.2. Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Біздің мектебіміз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.2.6 – өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • өзіне оқушы ретінде;

  • сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттама бере алады.

Көптеген оқушылар:

  • оқушы – әлеуметтік мәртебесінің маңызын түсіне білетін болады;

  • мектеп пен білімнің адам өміріндегі маңызын түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

  • мектеп ережелері тақырыбына талдау жасап;

  • мектеп ережелерін сақтау қажет екендігін дәлелдеп бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.
Өлең оқиды:
Соғылды міне, қоңырау,
Тыныштық енді сақтаймыз. Тапсырмалар қиындау,

Сәлемдеседі. Тыңдайды.













Тезірек сабақ бастаймыз. Ерінбейміз біз, достар, Оқушымыз өйткені.


Мұғалім мақсат қояды:
– Бүгін біз сабақта «Дүниетану» деп аталатын жаңа оқу пәнімен танысамыз. Дүниетану сабағында немен айналысатынымызды, қоршаған әлемді қалай танып-
білуге болатынына көз жеткіземіз.
Біз кімдерді оқушылар деп атайтынын, олар немен айналысатынын білетін боламыз.







Оқулық


Ортасы

Мұғалім:
– Бүгін біз дүниетанудың алғашқы сабағын өтеміз.
Қалай ойлайсыңдар, таным деген не? Дүние, әлем деген не?
Әлеммен қай жерде кездесуге болады? Әлем тек біздің
жанымыздағы дүниелер ме? Балалардан көздерін жұмуды сұрап, қоңырау соғады да, бұл не деп сұрайды.
Заттарды көрсетіп, хормен айтуларын сұрайды.
Тапсырманың орындалуын түсіндіреді.

Өз ойларымен бөліседі.


ФТ. Балалар алақандарымен құлақтарын жауып, мұғалім көрсеткен заттарды хормен атайды.
Одан соң көздері жұмулы күйде ішіндегі заттар көрінбейтін дорбаларды сипап, олардың иісін
анықтап, аттарын атайды.




Қоңырау, күріш салынған дорба. Сәбіз салынған дорба.







ФТ. Мұғалім балалармен бірге қорытынды жасайды: – Біз әлемді көзбен көріп, құлақпен естіп,
тілмен дәмін татып және қолмен сипап, мұрынмен иісін сезу арқылы танып-білеміз. Ал мектепте дүниені танып-білуге оқулық көмектеседі.
Мұғалім оқулықтың алғашқы
бетін қарап шығуды тапсырады.


ФТ. ӨЖ. – Балалар, оқулық беттерін қарап шығыңдар, суреттерге назар аударыңдар.
Қалай ойлайсыңдар, дүниетану сабағында не туралы айтатын боламыз?
Қайталанып тұраған ұсақ суреттерге назар аударыңдар. Бұлар – шартты белгілер. Олар нені білдіретінін көрейік. 2-беттегі шартты белгілердің мәнін оқиды.
Ал қазір әрқайсысымыз шартты белгілерді қалай есте
сақтағанымызды тексерейік. Жеке беттердегі шартты белгілерді көрсетеді.


ФТ. ҚБ. Мұғалім оқулықтағы
бірінші бөлімді ашуды ұсынады. Біз «Өзім туралы» бөлімін оқып- білуді бастаймыз. Бөлім басталған бетті қара. Бұл бет шмуцтитул
деп аталады. Қалай ойлайсыңдар,

Біз әлемді көзбен, құлақпен, тілмен дәмін татып және қолмен сипап, мұрынмен иісі арқылы танып-білеміз. Ал мектепте дүниені танып-
білуге оқулық көмектеседі.
Оқулық беттерін қарап, суреттерге назар аударады.

Ойларымен бөліседі.


Шартты белгілерге назар аударып, танысады.


Балалар шартты белгілердің аттарын атайды.




Оқулық

Оқулықтың, шартты белгілері









бұл бөлімде не туралы сөз болады?


ФТ. Мұғалім: Біздің алғашқы сабағымыз
«Біздің мектебіміз» деп аталады. Келесі бетті ашыңдар, сабақтың тақырыбын оқып-үйренуді
бастаймыз. Мұғалім төмендегі сұрақтар бойынша оқулықтағы суреттерге талдау жасауды ұсынады:

  • Кімдер бейнеленген?

  • Екі топтағы балалардан қандай айырмашылықтарды байқадың?

  • Сен қай топтағы балаға

жатасың, неліктен? Себебін түсіндір.
ФТ. Мұғалім «Таныс-бейтаныс» ойынын ойнауды ұсынады.

  • Заттардың қайсысы таныс, қайсысы таныс емес екенін

ажыратуды ұсынамын. Егер таныс болса, қол шапалақтаңдар; егер
бейтаныс болса бір-бірлеріңнен, немесе менен сұрап білулеріңе болады. Ойыншықтар мен оқу құралдарын көрсетеді.


ФТ. Ойынды ұйымдастыру.

  • Біз не істедік?

  • Қай заттар мектеппен байланысты? Неге?

  • Ойыншықтар кімге қажет?

Балалар шмуцтитулды қарап шығып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

«Таныс-бейтаныс» ойынын ойнайды. Заттардың қайсысы таныс, қайсысы таныс емес екенін ажыратады. Егер


таныс болса, қол шапалақтайды; егер бейтаныс болса бір- бірлерінен немесе мұғалімнен сұрайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет