Сабақ Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. Қорқыт ата. Сабақтың мақсаттары: 1 лексикалық тақырыпты меңгеру барысында тіл үйренушілердің сөздік қорын молайту



Дата16.06.2016
өлшемі20.31 Kb.
#139885
түріСабақ
9-10-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. Қорқыт ата.

Сабақтың мақсаттары:

1) лексикалық тақырыпты меңгеру барысында тіл үйренушілердің сөздік қорын молайту;

2) жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерте отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

3) түрлі тапсырмаларды орындату арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.



Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сәйкестендіру, сұрақ-жауап, сұхбаттасу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, плакат.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Қорқыт ата VIII ғасырда Сырдария аңғарында өмір кешкен Қорқыт ата – батыр, ақын, қобызшы, ақылгөй даныщпан болған. Қорқыт ата Сырдария бойында мекен еткен тайпада дүниеге келген.

Адамның ажал құрығынан құтыла алмайтынына қапаланып, қайғы кешкен Қорқыт қарағайдан қобыз жасап, күй толғайды. Қобызда күй ойнау – қазақ өнерінің асыл мұрасы болып табылады.
«Қорқыт ата» кітабы

«Қорқыт ата» кітабы – ежелгі түркілердің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері жайында, сол ерте замандардағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі туралы жазылған шығарма.


1. Қорқыт жүйрік желмаясымен жарық дүниені шарлап, жаңа күйлерін бірінен соң бірін тоғытып шығара берді. Сапарлап жүріп жұртқа жәрдемін тигізді, ақыл-кеңес берді, қырық жыл алдағы тағдырларын болжады. Мұңайған кездерінде қобызда ойнап, ажалды өзіне жақындатпай қойды.
2.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қорқыт дүниені немен шарлады?

2.Қорқыт ата адамдарға қандай көмек берді?

3. Қорқыт мұңайған кезде қандай аспапта ойнады№


Оқылым

Рухани әлем, 4-бет


3.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қорқыт түсінде кімді көрді?

2.Қария Қорқытқа қандай аян берді?

3.Қорқыт қандай сөзді айтпауға тырысты?


4.Үзіндіге тақырып қойыңыздар.Рухани әлем, 5-бет.

5.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қорқыт қандай сөзді айтпауға әрекет жасады?

2.Қорқыт қандай айқай-шуды естіді?

3.Асау өгізді қалай жуастауға кірісті?

4.Қорқыт шыдамай қандай сөзді айтып қалды?

5.Өгіз Қорқытқа не деп тіл қатты?

6.Қорқыт ажалдан қорыққанынан не істеді?


5. Сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Қорқыт ата VIII ғасырда ..................... өмір кешкен.

А)Амудария бойында

В)жазық далад

С)сырдария аңғарында

Д)сахара шөлінде


Мұңайған кездерінде қобызда ойнап, ......... өзіне жақындатпай қойды.

А)қуанышты

В)ренішті

С)өкінішті

Д)ажалды
Қорқыт жүйрік желмаясымен жарық дүниені шарлап, жаңа ....................... бірінен соң бірін тоғытып шығара берді.

А)әндерін

В)өлеңдерін

С)күйлерін



Д)билерін

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет