Сабақ тақырыбы Атмосфера және оның құрамдас бөліктері



бет1/3
Дата05.02.2020
өлшемі107.01 Kb.
#447930
түріСабақ
  1   2   3
Атмосфера сабақ

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

География




Мұғалім

Мелденова Меруерт

Мектеп, сынып

№163 жалпы орта мектебі, 7В-сынып

Сабақ тақырыбы

Атмосфера және оның құрамдас бөліктері



Оқу мақсаты (Оқу бағдарламасына сілтеме)

Атмосфераның құрамын сипаттайды

Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының

ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп түсіндіреді



Сабақтың

мақсаты

Атмосфера құрамын сипаттайды.

Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп түсіндіреді.



Пәнаралық байланыс

Физика-атмосфералық қысым, биология- фотосинтез, экология – озон қабатының жұқаруынан пайда болатын аурулар және қоршаған ортаның адам ағзасына әсері, информатика-атмосфера қабаттарын инфографикада кескіндеу

Сабақ формасы

Жеке, жұппен және 5- оқушы біріккен топтық жұмыс.

Тілдік мақсаттар

Атмосфера ұғымын ауызша және жазбаша түрде түсіндіріп, атмосфера құрамын сипаттайды.

Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктері бейнеленген суреттер мен графиктерді сипаттап түсіндіреді.



Қалыптастыратын құндылықтар

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдауға, қорытынды жасауға баулу.

Бағалау

критерийлері

Атмосфера ұғымын түсіндіре алады және құрамы мен құрылысына сипаттама береді.

Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелей алады, оны түсіндіреді.



Лексика және терминология

Атмосфера, азот, инертті газдар, көмірқышқыл газ, тропосфера, стратосфера, мезосфера, атмосфераның жоғары қабаттары, озон қабаты.

Алдыңғы білім

6-сыныптағы білімдері. 7.3.2.1Атмосфераның құрамын сипаттайды

7.3.2.2 Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының

ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп түсіндіреді


Қолданылатын ресурстар

Суреттер, график, диаграмма, атлас 6-сынып, оқулық 6-сынып.


Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңдері

Жоспарланатын шаралар

Ресурстары

І Ұйымдастыру

2 минут



Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды тропосфера, стратосфера, мезосфера, деп аталатын топтарға біріктіру. (Мүмкін сутегі, оттегі, азот, көмірқышқыл газы, озон және т.б.

Топ мүшелері көшбасшы, таймкиппер, спикер, суретші-редактор болып бір-бірін сайлау).

Ой қозғау:

Бүгін топтардың атаулары өзгеше.

– Қандай пікір бар?

– Бүгін сабақ не туралы болады?

– Қандай тақырыпты өтеміз?


презентация PowerPoint Активити Миға шабуыл


ІІ Жаңа тақырып

2 минут


Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдермен таныстыру.

«ББҮ кестесі» Не білемін?

Тақтаға жазу

20 минут



1 тапсырма. Ұжымдық жұмыс – «Миға шабуыл» әдісі

«Атмосфера құрылымы мен құрамы» Бейнекөрініс көре отырып, Атмосфераның қабаттарын ажыратады.

туралы видео көрсетіледі.

Сұрақтар қойылады:

1. Атмосфера дегеніміз не? (Жерді газ қоспаларымен қоршаған қабат)

2. Атмосфераның ең төменгі қабаты? (тропосфера)

3. Экватор үстінде тропосфера қабатының қалыңдығы қанша? (18 км)

4. Тропосфераның ең жұқа қабаты қайда орналасқан? (полюстерде)

5. Тропосфера қабатында болатын құбылыстар?

6. Ауаның 78 пайызын құрайтын газ?(Азот)

7. Су буы және көмір қышқыл газы қандай процестің жүруіне әсер етеді? (Фотосинтез)



(бағалау: әр сұрақ 1 балдан)

2 тапсырма. Топтық жұмыс

Топтық талдауда Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп түсіндіреді



Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс (постер қорғау)

1-топ: Атмосфераның құрамы.

2-топ: Атмосфера қабаттары.

3-топ: Озон қабатының ерекшелігі.

«Келесі топқа 1 пікір таңдаңыз:» әдісі арқылы жүргізіледі



https://bilimland.kz/

видео көрсету


бағалау
https://bilimland.kz/

мәтінмен жұмыс

бағалау «Келесі топқа 1 пікір таңдаңыз:» әдісі арқылы жүргізіледі



  • Жарайсыңдар!

  • Мен сабақтағы топтың жұмысыңа ризамын.

  • Сендердің топтарың бұдан да жақсырақ жұмыс істей алар еді,

  • Егер де……………………



2 минут

4 минут



Қосымша ақпарат:
Аспан түсі күн сәулелері атмосфера арқылы өткенде, өздерін шашыратушы бұрышына байланысты өзгереді. Бұрыш көлемі кішкентай болса, мысалы, күн шығарда және күн батарда, күн сәулелері ауаның қалың қабаты арқылы өтуі керек. Содан кейін аспан сары немесе қызыл түске боялады. Күн биікте көкжиектің үстінде болған кезде, күн сәулелері атмосфераның жұқа қабаты арқылы өтеді. Содан кейін аспан көгілдір түсті болады.
Күннің батуы


Әдемі, шуақты ауа райы кезінде аспан көгілдір болады

Мысалы, атмосфера құрамы күрделі, ол түрлі газдар қосындысынан тұрады (құрамын атайды).

Атмосфера қабаттарын атлас картадан талдайды.


3 тапсырма. Жұптық жұмыс

Кестені аяқта

Атмосфера қабаты

Биіктігі, км

Ерекшелігі

Термосфера







Мезосфера







Стратосфера







Тропосфера







(бағалау: әр сұрақ 1 балдан)

4 тапсырма. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Атмосфераның қабаттары берілген:



  1. Әр қабаттың жер бетіндегі тіршілік үшін ерекшелігін талдаңыз.

  2. Қабаттардың маңыздылығын баға беріңіз

Дескриптор

-кескінді пайдаланып, әр қабаттың ерекшелігін талдайды;

-жер бетіндегі тіршілік үшін қабаттардың маңыздылығына баға береді.


https://bilimland.kz/

Презентация

PowerPoint

Атлас картамен жұмыс


https://bilimland.kz/

Таратпа қағаздар

Бағалау



III Бекіту

3 минут


Рефлексия

Кері байланыс

2 минут


5 тапсырма Тест тапсырмасы

1. Бос орындарға тиісті сандарды жаз. Сөйлемді дұрыс аяқтау үшін тиісті санды анықта.

Жер атмосферасының шамамен  % азоттан және 

% оттегіден тұрады. Басқа газдар  % құрайды.

2. Атмосфераның озон қабаты орналасқан бөлігі қалай аталады?

А) Тропосфера

Ә) Стратосфера

Б) Мезосфера

В) Термосфера

Г) Экзосфера



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет