Сабаққа дайындықтарың қалай? Тамаша! (алақандарын шапалақтайды) Ынталарыңыз қалай? Ғажап!



Дата24.05.2022
өлшемі1.47 Mb.
#458589
түріСабақ
презентация Ы.Алтынсарин.

Психологиялық дайындық


«Ақ тілек.Әсем күлкі»
  • Көңіл – күйлеріңіз қалай?
  • Керемет! (қолдарын көтереді)
  • Сабаққа дайындықтарың қалай?
  • Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
  • Ынталарыңыз қалай?
  • Ғажап! (қолдарын көтереді)
  • Ендеше сабағымызды бастайық!
  • О, о,о (бас бармағын көтереді)

Психологиялық дайындық
«Ақ тілек.Әсем күлкі»
  • Көңіл – күйлеріңіз қалай?
  • Керемет! (қолдарын көтереді)
  • Сабаққа дайындықтарың қалай?
  • Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
  • Ынталарыңыз қалай?
  • Ғажап! (қолдарын көтереді)
  • Ендеше сабағымызды бастайық!
  • О, о,о (бас бармағын көтереді)

Бұл кім?

Ы.Алтынсарин. «Дүние қалай етсең, табылады?» әңгімесі.

10.1.3. 1. Оқу-кәсіби,қоғамдық-саяси,әлеуметтік - мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;

10. 1.3. 1. Ы.Алтынсарин. «Дүние қалай етсең, табылады?» әңгімесі бойынша мәтінді тыңдау және өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу.


Сөздік:
-тіленші- попрощайка;
-қайыр сұрау- попрошайничество;
-еп-есті кісі- здравый человек;
- кемшілікке салып жүрсің - сам себя унижаешь
Француз жұртының бір білімді адамы жазады: - 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді.
Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған сон, бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады.
Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты: - Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзінді кемшілікке салып жүрсің.
Бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жыйып жүрдім.
Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң әуелі аздап, бара-бара кебірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім.
Жасым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген.
Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім.
Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың Антон,- деді де, жөніне жүріп кетті.
Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды.
1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты: - Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді? Сонда ойыма түсіп, таң қалып: - Сен Антонбысын? - дедім. - Ра-с,- деді Антон,- мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін.
Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, - деді.
1.Әңгіме кім туралы болды?
А) Базарда жұмыс істеп жүрген студент туралы
Ә) Қайыр сұрап жүрген тіленші туралы
Б) Өнері арқылы ақша тауып жүрген жігіт туралы
2. Неліктен тіленші жігіт мұндай күй кешті?
А) Оған ақша керек болды.
Ә ) Қалай еңбектенудің жолын білмеді.
Б) Өйткені осы кәсіпті жақсы көрді.
3.Әңгіме мәтініндегі «франк» дегеннің не екенін табыңыз.
А) ақша бірлігі В) ұлт С) қала Д) кісі есімі
4.Әңгімені баяндаушының оқиға басында кім болғандығын көрсетіңіз.
А) студент В) жолаушы С) тіленші Д) жазушы
5. Ыбырайдың бұл әңгіме арқылы не айтқысы келетінін көрсетіңіз.
А) ерінбеген тілегіне жетеді В) адамшылық-ар ісі
С) еңбек ерлікке жеткізер Д) бос жүрсең, бос қаларсың
6.Әңгіменің идеясы нені тұспалдайтындығын табыңыз.
А) оқу-білімнің пайдасы
В) адал еңбек етуді
С) адамшылық жолдан аттамауды
Д) мінезсіз болудың пайдасыздығын
7.Брюссель қаласындағы кітап дүкенінің иесі кім екендігін көрсетіңіз.
А) Антон В) бұрынғы жолаушы кісі С) бұрынғы студент Д) әңгімені баяндаушы
2-тапсырма: Мәліметтерді сәйкестендір.
3-тапсырма: Берілген мақалдарды орыс тіліне аударыңыз.
1. Еңбек түбі - зейнет.
2. Алуан - алуан кәсіп бар, таңдай біл де талап қыл.
3. Қиындықты жеңу - еңбек
4. Еңбек –бәрін жеңбек.
 
Дүние
қалай
етсең
табылады?
Талап
тансаң
Еңбек
етсең
Ойлансаң
Тыңдасаң
Мақсат
қойсаң
5 жол өлең Еңбек,талап.
1.Не?
2.Қандай?
3.Не істейді?
4.4 сөзден сөйлем.
5.Синонимі
Үй тапсырмасы:
10 – сынып (2 - бөлім), 25 -26 б., 7 – т. түсініп оқып, мазмұнын айтып келу. «Дүние қалай етсең, табылады?» әңгімесі бойынша шығармашылық жұмысты орындап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет