Сабақтағы сергіту сәттері



Дата15.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#483315
түріСабақ
Сабақтағы сергіту сәттері

Мақсаты:

  • Оқушылардың көңіл-күйін ширатып, белсенділігін арттыру
  • Өзара және оқытушымен қарым – қатынасты нығайту

  • Шығыс даналығы: Өмірде ең өзекті жаңалықтардан да маңызды нәрсе бар:
    • ол – соған мүмкіндік берген әдістерді білу.
  • 5-7 сынып оқушылары үшін сергіту жаттығулары

“Алыптар мен ергежейлілер”әдісі

  • Жүргізуші біресе қолдарын жоғары көтеріп, біресе төмен түсіріп, алыптар мен ергежейлілерді бейнелейді және «алып», «ергежейлі» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше етіп, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

«Еден-төбе-мұрын» әдісі

  • Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

«Бір-екі-үш-төрт-бес» әдісі

  • Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха-ха», «Хи-хи» деп айтуға да болады.

«Мен таптым» әдісі

  • Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

«Жаңылыспаймын» әдісі

  • Қатысушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден отызға дейін, сосын кері қарай санайды. Үшке еселік санды айтатын адам сол санның орнына «Жаңылыспаймын» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

«Белгісіз басшы» әдісі

  • Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.

«Дирижер» әдісі

  • Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.

«Жыланша» әдісі

  • Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап,келесі адамның кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді.

«Атомдар мен молекулалар» әдісі

  • Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

«Қызықты сұрақ» әдісі

  • Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады. Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса, жауабын мұғалімнің өзі айта отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: Неліктен? Ол кім, бұл не? сипатында болып келеді.
  • 8-11 сынып оқушылары үшін сергіту жаттығулары

«2 шындық, 1 өтірік» әдісі

  • Ұлы адамдардың өмірінен естеліктер айту.
  • «Аңыз-адам» әдісі

«Сөз тізбегі» әдісі

  • Кез келген сөздің соңғы буынынан жаңа сөз құрастырады.
  • «Пирамида» әдісі
  • Кез келген сөзден сөз тіркесін ,
  • сөйлем, мәтін, әңгіме құрастырады.

«Ой шебері» әдісі

  • Есте қалған қанатты, нақыл сөздерді ретімен айтып шығу.
  • «Тапқырлық» әдісі
  • 2-3 оқушыны шығарып, әрқайсысына әріп айтады. Қойылған сұрақтарға олар сол әріптен басталатын жауап айту керек.

«Көзқарас» әдісі

  • Екі жауырынды бір-біріне тигізу,өзінің жақсы қасиеттерін айтады.
  • «Аквариум» әдісі
  • Оқығанды әр топтан 1-2 оқушы шығып, топқа түсіндіреді.
  • «Мен қандаймын?» әдісі
  • Парақтағы бес саусақтың әр тармағына оқушының мінез-құлқы жазылып, әркімге таратылады. Соңында топқа оқылады немесе өзіне қалдырылады.
  • «Поэзия минуты» әдісі
  • Оқушылар бірінен соң бірі 1 шумақ өлеңді жатқа айтады.

Сау болыңыздар!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет