Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бисерден бұйым жасау әдістері туралы түсінік беру, үйрету



Дата12.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
#193169
түріСабақ
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы,

cызу, бейнелеу өнері және еңбекке баулу пәні мұғалімі Сұлтанбекова Раушан

Тақырыбы: Сумоншақтан бұйым дайындау

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға бисерден бұйым жасау әдістері туралы түсінік беру, үйрету;

2.Бисермен бұйым жасау арқылы қол икемділігін дамыту,кәсіпкерлік бейімділігін қалыптастыру, іскерлік өнерге баулу;

3.Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:дәстүрлі

Әдісі :ББҮ,сиқырлы таяқша,топтық жұмыс.Ақпараттық технологиямен жұмыс.

Көрнекілігі :интерактивті тақта,сызбанұсқа,бұйымның бірнеше үлгілері,схемалар
Сабақтың эпиграфы :

«Адамды биік шыңға жетелейтін-еңбек»

Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру.

2 топқа бөліп,тапсырмалар беріледі.

I-топ II-топ

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сергіту сәті (жұмбақ шешу,мақал...).

5. Сарамандық жұмыс

6.Көрмеге саяхат

7.Қорытынды.(сөзжұмбақ шешу,тест)

8.Бағалау(INZERT әдісі).

9.Үйге тапсырма

І.Кіріспе

Сыныпты 2 топқа бөліп, әр топқа интернет желісінен тапсырма беремін. Топтастыру әдісі бойынша постер қорғайды.

1-топқа

-Сумоншақтың шығу тарихы туралы не білеміз?



2-топқа

-Сумоншақты қандай бұйымға қолданады?



ІІ.Жаңа сабақ

Нақ қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде,дамудың жаңа сатысында.Бисерден тоқылған бұйымдардың түрлері өте көп.

Су моншақтан жасалған бұйым түрлері.

Сырға

Алқа

Білезік

Панно

Картина

-Бисермен жұмыс жасау шыдамдылықты, әдемілікті, фантазия мен шеберлікті қажет етеді.

Шығу тарихы: (бейнежазбадан тыңдату)

Сумоншақтың шығу тарихы әйнектің шығу тарихымен тікелей байланысты.

Дегенмен әйнектің алғаш құпиясын ашқан Финикия елі екен. Финикиялықтар әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Олар жағаға шығып өздеріне азық дайындау үшін тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөліктерін пайдаланады. Сол тастарға қазан орнатады. От жағады. Оттың ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып , сұйық әйнек болып аққан екен. Кейін осы Финикиялық көпестер әшекей заттар, шыны ыдыстар әйнектен жасалған бұйымдар сатқан екен. Бисерді ең көп шығаратын елдер. Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан. Үндістан әшекей бұйымды көп қолданады.

-Бисерді неден жасайды.

-Шыны, керамика, металл, хрусталь.

Мұғалімнің түсіндірмесі:


  • Бусер-жалған меруерт(жемчуг).Бисер кіші,үлкеніне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

  • Бисер-ұсақ,домалақ келген,диаметрі 2мм-ден көп болмайды.

  • Моншақ-үлкендеу бисер,диаметрі 2мм.

  • Стеклярус-ұзын таяқшалар,домалақ және көп қырлы.

  • Рубка-қысқа таяқшалар.

  • Бисердің арнайы инесі бар.Ол өте жіңішке.№1,№0,ал Жапон инесі №10,№11, №12 болу керек.Жұмыс үстінде бірнеше ине қолданған дұрыс.

  • Мен сабаққа ӘЖЕ кеңестерін қосуды жөн көрдім. Слайд арқылы бейнетаспадан әжей ақылын тыңдату арқылы оқушыларға жұмыс жасатамын.

Әженің ақылы №1

  • Маржанға жіп кигізерде ұшына лак жағу керек;

  • Бисерді бөтелкеде, пакетте сақтау керек;

  • Бисердің әртүрлі түстерін араластыруға болмайды;

  • Жұмыс кезінде бисерлердің астына мата төсеген жөн;

Әженің ақылы №2

  • Бисермен жұмыс жасаған кезде отырған орын жайлы, жарық болуы керек;

  • 30-40 минут жұмыс жасап, 15-20 мин дем алған жөн;

  • Орныңнан тұрып, терезеге қарап, бұлшық еттерге жаттығу жаса.

Әженің ақылы №3

  • Маржанмен бұйым жасағанда бір-біріне тығыз ілінуі керек;

  • Жіпті қатты тартуға, керсінше бос қоюға болмайды;

  • Егер бұйымнан қате тапсаңыз, ерінбеңіз, сөгіп қайтадан қатеңізді жойыңыз.

Сергіту сәті

Мақалдың жалғасын тап

1.Еңбектің наны тәтті,

жалқаудың жаны тәтті

2. Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей.

3. Еріншектің

ертеңі таусылмас.

4. Көз қорқақ,

Қол батыр

5. Еңбек түбі

Береке

6. Еңбек етсең



Емерсің

7. Өнерлі

өрге жүзер.

8. Ата көрген оқ жонар,

Ана корген тон пішер.

Жұмбақтар

Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.

Өзі жып етеді, ізінен жіп өтеді.

Екі семсер айқасқан,

Оқта –текте шайқасқан.


Сарамандық жұмыс

Белгілі қолөнер шебері Дәркенбай Шоқпарұлының қағидасын еске түсіреміз.Жалпы бұл қағиданы біз кез келген тақырыптарымызда қолданып отырамыз.


1.Жұмыс орнын таза ұста.
2.Әр құралдар өз орнында тұруы тиіс.
3.Жұмысқа отырар алдында ойланып ал.
4.Қауіпсіздік ережелерін мұқият орында.


Қауіпсіздік ережесі

Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме

Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.

Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс

Инені киімге қыстыруға болмайды.

Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.

Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн.

Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес үшін, бисерді түкті матаның үстіне төккен дұрыс.

Технологиялық карта




Р/С

Жұмыс реттемесі

Суреттемесі

1

3 сумоншақ өткізіп, 1 бисерді қалдырып, 2 бисерден сыммен қарсы өту.




2

Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу.





3

Сымның басына 4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу.





4

Сымның басына 5 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу.





5

Сымның басына 4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. /керісінше, кескін кішірейеді




6

Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу
.









Көрмеге саяхат



Бисерді ең көп шығаратын жерлер
– Жапония, Италия, АҚШ және Үндістан.
Бисердің ерте кезде дайындалған түрлері мұражайларда кездеседі, олардың сапасы өте жоғары болған. Қазіргі кездегі өндіріс орындары сол сапаны жоғалтпауға тырысуда

ІІІ. Қорытынды

Сөзжұмбақтың сұрағы

  1. Бүгінгі сабақта тоқылатын алқаның аты

  2. Сумоншақты ең көп шығаратын ел.

  3. . Әйнекті тұңғыш ойлап тапқан ел.

  4. 4. Шашқа тағатын әшекей зат.

  5. 5. Алқаның екі ұшын бекітетін топса

  6. 6. Мойынға тағатын әшекей бұйым.

Жеке жұмыс Тест





  • 1.Бисер қандай заттан жасалған?

  • а)ағаштан ә)шыныдан

  • 2.Шыны неден алынған ?

  • а)табиғи сода ә)тас көмір

  • 3.Бисердің түрін тап ?

  • а)шыны ә)стеклярус

  • 4.Египетте бисерді алғашқыда қалай атаған?

  • а)бусра ә)бисер

  • 5.Ресейде бисерді өз тәжірибесімен жасаған кім ?

  • а)А:С:Пушкин ә)М:Ломоносов

  • Кілті:1-ә,2-а,3-ә,4-а,5-ә.

Нені үйрендік?

Шеберлікке үйренді

Бисер түрлерін ажырата алатын болдық

Гүл тоқуды үйрендік

Үйге тапсырма.

Гүл тоқуды үйден аяқтап келу





Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет