Сабақтың тақырыбы : Іштен жанатын қозғалтқыш Сабақтың мақсаты



Дата09.06.2016
өлшемі34.19 Kb.
#125388
түріСабақ
8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Іштен жанатын қозғалтқыш

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Іштен жанатын қозғалтқыштардың жұмыс принципімен таныстыру.

Дамытушылық: Жылу қозғалтқыштары туралы оқушылардың ой-өрісін, танымын кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт, activote.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Шығармашылық жұмыс, Түсіндіру, Тест жұмысы,

Талқылау.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. (Мұғалімнің сәлемдесуі, кезекшінің баяндауы).

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық.

  1. Механикалық энергияның қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Кинетикалық энергия дегеніміз не? Потенциалдық?

  3. Дененің кинетикалық энергиясы потенциалдық энергиясына айналуына мысалдар келтіріңдер; потенцалдық энергияның - кинетикалық энергияға?

  4. Дененің ішкі энергиясына анықтама бер?

  5. Дененің механикалық энергиясының оның ішкі энергиясына айналуына мысал келтіріңдер?

  6. Энергияның сақталу және айналу заңын тұжырымда?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.

  1. Тарихи мәлімет (Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын баяндауы).

Томас Сэвери, Томас Ньюкомен, Иван Иванович Ползунов – өмірі, еңбектері.

Жылу қозғалтқыштарының кеңінен тараған түрі – іштен жанатын қозғалтқышты қарастырайық. Қосымша1; флипчарт №1.

Енді іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс істеуінің сызбанұсқасын толығырақ қарастырайық. Қосымша1; флипчарт №2.

Қозғалтқыштағы бір жұмыс циклі – поршеннің төрт жүрісінің немесе төрт тактінің ішінде жүзеге асырылады. Сондықтан мұндай қозғалтқыштар төрт тактілі қозғалтқыштар деп аталады.

Бірінші тактінің басында поршень жоғары шеткі орнынан төмен қарай қозғалады. Поршень үстіндегі көлемнің ұлғаюы нәтижесінде цилиндр ішіндегі ауа сирейді. Осы кезде қақпақша 1 ашылып, цилиндрдің ішіне жанғыш қоспа сорылады. Бірінші такт аяқталған кезде цилиндр жанғыш қоспаға толады да, қақпақша жабылады. Бұл такт кіргізу немесе сорып алу деп аталады.

Енді поршень жоғары қарай қозғалып, жанғыш қоспа сығылады. Сондықтан екінші такт сығу деп аталады. Екінші такт аяқталған кезде поршеньнің жоғарғы шеткі орнында тұтандырғыш шамда ұшқын көрінеді, соның арқасында сығылған жанғыш қоспа от алып, тез жанады. Бұл тактіде қозғалтқыш пайдалы жұмыс атқарады, сондықтан үшінші тактіні жұмыстық жүріс деп атайды. Үшінші тактінің соңында, поршень төменгі шеткі орынға келген кезде, шығару қақпақшасы ашылады. Төртінші тактіде сыртқа шығару басталады. Поршень жоғары жылжиды және қақпақша арқылы жану өнімі жұмыс істеп болған цилиндрден атмосфераға шығарылады. Төртінші тактінің аяғында қақпақша жабылады. Қосымша1; флипчарт №3.

Сонымен қозғалтқыштың бір толық циклі мынадай төрт процестен тұрады: сору, сығу, жұмыстық жүріс, шығару.


  1. Тест жұмысы: activote құрылғысы арқылы.

Қосымша1; флипчарт №4, 5, 6, 7.

  1. Іштен жанатын қозғалтқыштарды қолдану. (Оқушылар өз ерікі бойынша сөйлейді). Қосымша 1; флипчарт№8.

Автокөліктерде көбіне төрт цилиндрлі іштен жанатын қозғалтқыштар пайдаланылады. Цилиндрлердің жұмысы – олардағы жұмыстық жүріс бірінен кейін бірі орындалатындай болып атқарылады. Сондықтан иінді білік энергияны поршеньдердің бірінен үнемі алып отырады. Олар біліктің бірқалыпты айналуын жақсы қамтамасыз етеді және аса қуатты болады.

Дизельді қозғалтқыштар тракторларға, автокөліктерге, теңіз және өзен кемелеріне, дизельді электр жүргізгіштерге, қуаты төмен электр станцияларына орнатылады.



  1. Жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға әсері.

Қазіргі таңда жану өнімінің зиянды қалдықтарынан табиғатты қорғау мәселесі күрделеніп бара жатыр. Адамзаттың алдында Жер шарының жекеленген аймақтарында да, бүкіл планета ауқымында да табиғатты қорғаудың зор міндеті тұр. Соңғы 25 жылда атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 345 млрд тоннаға артты. Бұл атмосферадағы жылулық балансты бұза отырып, ондағы көмірқышқыл газының концентрациясының артуына да алып келеді.

Бірақ адамзат өзінің іс-әрекетінде машинаны пайдаланудан бас тарта алмайды. Сондықтан жылу машиналарын қолданудың көлеңке жақтарының зардаптарымен күресудің қажеттілігі туады. Оқушылар флипчарттағы суреттер бойынша өз ойларын ортаға салып, талқылайды.



Қосымша1; флипчарт №9, 10.

Қоршаған ортаны қорғайық!

Бұл әрқайсымыздың қолымыздан келеді.

ІҮ. Үйге тапсырма: Адамзатқа үндеу жазу. Тақырыбы: «Қоршаған ортаны қорғайық». Қосымша 1; флипчарт №11

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет