Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамымен таныстыру



Дата14.06.2016
өлшемі55.59 Kb.
#135874
түріСабақ
Математика 1 сынып

Рублевка орта мектебі



Мұғалім: Галиулина А.К

Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамымен таныстыру.

Сабақтың мақсаты: 1. 10 санының құрамымен таныстыру. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындату, қатесіз, тез, ауызша есептеуге үйрету.

2. Ойлау, есте сақтау, тілін,танымдық қабілеттерін дамыту.

3. Адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Типі: жаңа білім меңгерту.

Түрі: танымдық сабақ.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, слайдтар, кеспе сандар, карточкалар, оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Өткен сабақты еске түсіру.

Электрондық оқулықты қолдану. Модуль. «Сандық түзу». к/м «Жалпы түсінік». 1 т. 2 т.

1. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды санату.

2. Ойын. «Көршілер». Мына сандардың көршілерін табу.




3. Кеспе сандардан мысалдар шығару;



3+4 = 7 8-2 =6 5+1=6


4. Ойын. «Кім жылдам?» Мысалдардың тек жауабын ғана айту.

5. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

2. Өткен сабақты сұрақ - жауап арқылы қорыту. Электрондық оқулық қолдану. Модуль. «Арифметикалық амалдар». к/м «Қосу және азайту». 1т. 2т. «6 санының қосу кестесі» 1 т.

а/ 10 санының құрамын түсінуге дайындық ретінде 8 және 9 сандарының құрамын қайталау





















ә/ 5 + 1 * 5 5 * 5 - 1 9 см * 10 см

6 – 2 * 7 6 * 5 + 2 10 см * 1 дм
Тақтадағы салыстыруға берілген тапсырмаларды оқушы тақтаға шығып жазып көрсетеді, басқа балалардан қалай орындағаны сұралады.

Мысалы: 5+1 > 5

- Бұл не?

- Өрнек пен санды салыстыру.

- Қалай салыстырамыз

- Сол жағындағы өрнекті есептеп, мәнін табамыз 5+1

Енді сан мен санды салыстырамыз.

- Қалай салыстырамыз?

- Үлкен саннан кіші санды аламыз, 6 – 5 = 1, 1-ге >, яғни 6 > 5.

Ендеше 5+1=6. Сол сияқты 10 см 1 дм, себебі, 1 дециметрде 10 сантиметр бар. 10 см = 1 дм теңдігін құру арқылы түсіндіріледі.

б/ Есептеу дағдыларын жетілдіріп, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу үшін, өлең – есеп оқу:

Біз үлкен жанұя,

Ең кішіміз Әлия.

Қалғанымыз мыналар:

Раушан, Болат,Дариға,

Айтжан, Ержан, Даналар,

Гүлжанымыз тағы бар,

Қане есептеп алыңдар. / 8 + 2/

/Оқушылар көпшілігі дұрыс жауап бере алмаған жағдайда, өлең – есепті қайталап оқу/

3. Жаңа сабақ: 10 санының құрамы

1. Слайдтармен жұмыс /Ойыншықтарды санап, жауап береміз. 10 дегеніміз неше және неше санның қосындысы?









10 дегеніміз 9 және 1 немесе 1 және 9.

9 + 1 = 10

1 + 9 = 10

10 - 1 = 9

10 - 9 = 1

Кері амалдар құрастырылады. Хормен оқылады, басқа жағдайларын оқушылар өз бетімен санақ материалдарын пайдаланып жазулар құрастырады/ тақтадағы суреттер бойынша/

2. Тағы қандай жағдайы бар?








4. Жаңа сабақты түсінгенін байқау /Орташа оқитын оқушылардан сұрау/


1

қосылғыш

9

8

7

6

5

4

3

2

1

2

қосылғыш

1

2

3

4

5

6

7

8

9

3

қосындының мәні



























а/

ә/ үш цифрдан басқа цифр қолдандық па?




5. Сергіту сәті (Қимылмен көрсету)

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Жасырып ем бесеуін,

Қалды сонда нешеуі? / 5 саусақ, 10 – 5 /

6. Оқулықпен жұмыс. а/ 1 – жаттығу. Өрнектер құрастыр: /Электрондық оқулықты пайдалану./ Модуль. «Сандық түзу». к/м «Сандарды салыстыру». «Сандық түзуде қосу мен азайту»/

ә/ 2 – жаттығу. Вазада неше жапырақ қалды?





10
10 – 4 = 6. Жауабы: 6 жапырақ қалды.


б/ 5 - жаттығу. Ойын «Логикалық тапсырма»

Керекті бөлікті тап./ 2 бөлік/
7. Дәптермен жұмыс. Электрондық оқулықты қолдану. Модуль. «Арифметикалық амалдар». к/м «Қосу және азайту». 1 т. 2 т.

2 – жаттығу. Сандарды кему ретімен жаз.



3 – жаттығу.Амалды орында Электрондық оқулықты қолдану Модуль. «Сандық түзу». к/м «Сандық түзуде қосу мен азайту». 1- тапсырма.

10 – 3 9 – 2 9 – 3 8 + 1

7 + 2 5 + 1 7 – 7 6 + 0

8 + 2 8 – 8 5 + 5 6 – 3

4 – жаттығу. Салыстыр. Электрондық оқулықты қолдану.

Модуль. «Теңдік, теңсіздік». к/м «Теңдік және теңсіздік». 1 т. 2 т.

А = В 7 > 9 + А

А – С = В + Е А ≠ В

7 + х = 10 5 – 2 < 0 + 8

4 + 3 = 2 + 5 4 < 6 <8
8. Қорытындылау.

1.- Сонымен біз бүгін сабақта не өттік? Не үйрендік?

- Мысал шығардық, есеп шығардық. Электрондық оқулықпен жұмыс істедік.

- 10 санының құрамын өттік.

2. Ойын. «Дос таңдау» Дидактикалық мақсаты балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, мысалы, 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазуға, санның құрамы туралы білімі, мәні 10-ға тең қосынды, оған кері айырма құрастыруға үйрету. Электрондық оқулықты пайдалануға болады

Модуль. «Математикалық ұғымдар». к/м «Уақыт туралы ұғым».



9. Сабаққа тиянақты қатысқан барлық оқушыларды бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет