Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары мен жемістері. Оларды жүйелеу



Дата05.09.2022
өлшемі17.25 Kb.
#460252
түріСабақ
1-лаборотория.pptx


1-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары мен жемістері. Оларды жүйелеу.
Қолданылатын материалдар: Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдары мен жемістері, талдауға алынған тұқымдар.
Сабақтың мақсаты: Тұқымтану түсініктері мен үлгілерді сұрыптаудың әдістемесін меңгеру
Сабаққа түсініктеме:
Тұқым-өсімдіктердің өсіп-өну көбею органы ғана емес, ол болашақ өнімнің негізі.
Әр гектардан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасы тұқымға тікелей байланысты. Өсімдік шаруашылығының дамуына байланысты, тұқым шаруашылығы іріленіп, өсімдік шаруашылығының жеке саласы болып қалыптасты.
Дүниежүзінде ең бірінші рет тұқым бақылау станциясы 1819 жылы Германияда пайда болған. Россияда 1877 жылы ашылған. Тұқым шаруашылық мекемелері тұқымның өсу ортасының ерекшеліктері, (биологиясын, физиологиясын, биохимиясын, құрылысын, химиялық құрамы, тұқымда пайда болатын құбылыстарды) зерттей, оның себу сапасына бақылау жүргізеді. Елімізде 300-ден астам ғылыми зерттеу институттары, тәжірибе станциялары, жоғары оқу орындары бар. Себілетін тұқымның сапасын, ерекшеліктерін, 3500-ден астам аудандардың және облыстық мемлекеттік тұқым сынау учаскелері анықтайды.
Қандай дақыл болсын, тұқымы төмендегі 3 қасиеттері арқылы тиісті бағасын алады.
1. Егіншілік қасиеттері - бұл осы тұқым топтарындағы дәндерге ортақ қасиетттері олардың егуге жарамдылығын көрсетеді. Ол қасиеттері :
1. Тұқымның тазалығы
2. Өнгіштігі
3. Өнуге икемділігі
4. Ауру зиянкестерден таза болуы, т.б.
2. Сорттық қасиеттер сорттық тазалық көрсеткіштеріне қойылатын талаптар, тұқымдардың бір жыл аралығындағы сыртқы сипаттарының бір-біріне және репродукцияның бір болуы жатады.
3. Өнім беру қасиеттері: егістіктерді белгілі күтіп-баптау жұмыстары жүргізілгенде тұқымның тұрақты және жоғары өнім бере алатындығы көрсетеді. Тұқымның сорттық және егіншілік қасиеттері.
Тұқымдағы қоректік заттар барлық бөліктерінде орналасады. Осыған байланысты тұқым 3 түрге бөлінеді:
1.Тұқым эндоспермалы (астық тұқымдастар жатады, бидай, майлы дақылдылар жатады)
2. Тұқым эндоспермасыз (мұнда ұрықтан қоректік заттарды бөліп шығарады)
3. Тұқым периспермалы (тұқым мұнда тканьнен қоректенеді).
Жеміс жәй және күрделі болып бөлінеді:
1. Жәй жеміс бір аналықтан пайда болады
2. Күрделі жеміс бірнеше аналықтан, бір ғана гүлден пайда болады.
Жеміс қабығы ұрық қабығы 3 қабықтан тұрады:
1. Экзокарпий-эндоспермадан пайда болатын қабық.
2. Мезокарпий-бұлар паренхималық клеткалардан дамып жетілетін қабық.
3. Эндокарпий-ішкі тканьдерден пайда болады да, ұрықтың қабырғалары өте жұқа клеткадан пайда болатын қабық.
Ұрық қабығы сулы және құрғақ қатты болып бөлінеді:
1.Сулы ұрық қабығының дамуы клеткалардан мезокарпий сұйық болып жиналады.
2. Құрғақ қабық жемістілерде 10-15% суы бар. Құрғақ қабықты жемістілер жарылатын және жарылмайтын кластарға бөлінеді.
1-класс жемістері: А-жарылмайтын құрғақ жемістерге жататын жемістер
1.Дән (зерновка) тұқым ұрық қабығымен өседі.(Астық дақылдылар). Ұрық қабығы жұқа көп тәрізді. Дән қабықтан бөлінеді. Егер олар гүл қауызымен болса (арпа, сұлы, тары). Жалаңаш қабықсыз, бидай, қара бидай, жүгері жатады.
Тұқымша (семянка) жеміс қабығы, тұқымша қабығымен бірге өспейді, бөлек өседі және олар жартылай ағаш тәрізді өте тығыз, бір тұқыммен жауып тұрады.(күнбағыс, мақсары).
Жаңғақ (орешек) бір тұқымды жеміс гүл табақшасы сақталып тұрады (қарақұмық).
Б-жарылатын бұршақ жемісі бір жеміс жапырағынан жарылып екі ұзын бойы жарық негізгі ұшынан, жеміс қабығы ағаш тәрізді. Көп дәнді бұршақ ас бұршақ, үрме бұршағы. Екі дәнді бұршақ жасмық, нут. Бір дәнді эспарцет.
Собық (стручок) жеміс 2 жеміс жапырағынан пайда болады, көлденең кескін, екі тұқымды яғни дәнді жалған тұрады.
Қауашақ көп дәнді, бір ұялы, көп ұялы жеміс, жарылып екі жағынан ашылады.
Ұрық қабық ағаш тәрізді, тығыз бірнеше жеміс жапырағы жетілген (мақта, күнжіт, көкнәр, майкене).
ІІ класс жемістері сулы жемістер 50-ден 95% суы бар. Жалған жемістер көп дәнді, сулы жеміс жеміс ұрығы сулы, етті, етінің ішінде болады (бау бақшалы өсімдіктер жатады).
ІІІ класс жемістері жеміс шоғыры күрделі жеміс жеке-жеке өсіп-пісіп жетілетін өсімдік.
Эндосперм дегеніміз өсімдік ұрығындағы қоректік зат немесе қоректік жиналатын жері.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет