Сабақтың тақырыбы Дүниежүзінің мал шаруашылық географиясы Сабақтың Түрі



Дата01.07.2016
өлшемі45 Kb.
#171110
түріСабақ

Сабақтың реті:

21



Күні: 20.10.2014 ж

Пәні:География

Тобы: 0508000- «Тамақтандыруды ұйымдастыру»,

Мұғалім:

Қаржаубаева Ж.А

Сабақтың тақырыбы

Дүниежүзінің мал шаруашылық географиясы

Сабақтың

Түрі

  • Жаңа білім қалыптастыру




Пайдаланылатын әдебиеттер

  • Ә. Бейсенова «География. Дүние жүзіне жалпы шолу.ТМД елдері»

  • Полулях «География»

  • «Шың» кітабы

Түйінді идеялар:

  • Дүниежүзінің мал шаруашылығы жайлы мәлімет ала отырып, өздерінің жоспарлы әрекет ету керектігіне ойланады. Оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасай отырып, материалды тез және жақсы игереді. Алған білімдерін өмірмен ұштастыра алады.




Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, пікір алмасу, ізденіс, сөйлесім, блум таксаномиясы.




Сабақтың барысы

1-әрекет Ұйымдастыру кезеңі :

Амандасу, түгендеу, сабаққа даярлану. 1 мин



2-әрекет. Үй тапсырмасын тексеру. 15 мин

Әр топ өзара сұрақтар қойып, сұраққа жауап беру.

  1. Дүниежүзі ауыл шаруашылығы нешеге бөлінеді және оларды ата ?

  2. Жалпы шаруашылық жүйесі жайлы не білесің?

  3. Ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі?

  4. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер үлесі жоғары елдерді ата

  5. Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер санының үлесі қандай?

  6. Ауыл шаруашылығының даму бағыттары жайлы айтып беріңіз

  7. Мәдени өсімдіктердің орталықтары кандай, картадан көрсетіңіз

  8. Дәнді дақылдар жинаудан жетекші елдерді атап беріңіз

  9. Дүниежүзінің бидай өндіру аймақтары қандай?

  10. Дүниежүзінің жеке аймақтары бойынша күріш өндіру қайда?


3-әрекет Студенттерге сұрақ: Дүниежүзілік мал шаруашылығы жайлы не білеміз? 2мин

4-әрекет Дүниежүзілік мал шаруашылығы жайлы таныстырылым. 1мин
5-әрекет Топта жұмыс.

I.Білу 5 мин

Студенттер берілген мәтінмен танысып шығады. Дәптерге негізгі терминдерді жазады,есте сақтайды.

Мәтін не жайлы?

Ауыл шаруашылығының түрлерін ата?



II.Түсіну. Студенттер топта мәтенмен жұмыс жасай отырып, картадан табу, болжау және жорамал жасайды, өз пікірін дәлелдейді. 8мин

III.Қолдану. 2 мин

Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы шешу. Студенттерге проблемалық сұрақты шешуге тапсырма беру.



1.Егер Дүниежүзілік мал шаруашылығын дамытуға қандай үлесінді қосар едің?

IV.Талдау 4 мин

1. Қазақстан мен Дүние жүзі елдерінің мал шаруашылығының ұқсастығы мен өзгешелігі бар ма?



V.Бағалау 1 мин

Дүние жүзінде қандай мал шаруашылығын дамытар едің?



6-әрекет.Қорытындылау. 3 мин

«Дүниежүзілінің мал шаруашылығы» тақырыбы бойынша нұсқамен тестік жұмыс алу.

Тест жұмысын жұпта бір-біріне бағалау.



7-әрекет.Бағалау. 2 мин

Студенттер бағалау парақшалары арқылы топта бір-бірін бағалайды.



8-әрекет Рефлекция кезеңі.

Сабақ соңында оқушылардан сауалнама алынады.

1.Сабақтағы менің белсенділігім
2.Өз жұмысыммен мен
3.Сабақ маған
4.Менің көңіл күйім
5.Оқу материалы маған
6. Үй тапсырмасы


белсенді / белсенділігім төмен
қанағаттандым/қанағаттанбадым
тез аяқталды / ұзаққа созылды
шаршаған жоқпын / шаршадым
көтеріңкі/ көңілсіз
түсінікті / түсініксіз
жеңіл / қиын

қызықты / қызықсыз



9-әрекет Үй тапсырмасы: 1 мин.

Дүниежүзінің мал шаруашылық географиясы




Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет