Сабақтың тақырыбы: Етістік Сабақтың мақсаты



Дата14.07.2016
өлшемі21.53 Kb.
түріСабақ
Алматы облысы

Қаратал ауданы

М.Горький атындағы МДШО

бар орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Кульпан Қыдырбекқызы Бейсембаева




Қазақ тілі. 3 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың етістік туралы түсініктерін пысықтай отырып, алған білімдерін жинақтау, бекіту: ол заттың әр әр алуан іс - әрекетін, қимылын процесін. Білдіретін сөз табы екендігі жөнінде түсінікті кеңейту

  2. Дамытушылық: оқушылардың сөз қорын, тіл байлығын байыту, қызығушылығын ояту

  3. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұжымдылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау әдіс тәсілдері, топпен жұмыс.

Көрнекті құралдар: электронды оқулық, слайд, суреттер, интерактивті тақта, активойд құрылғылары.

Сабақтың барысы:

1) ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін аудару, 3 тоқа бөлу

2) өткен сабақты пысықтау: Ой шақыру әдісі.

Балалар, слайд арқылы мына өлеңді оқып, етістікті табайық.

Отында да жарамын,

Дүкенге де барамын.

Үлкендерге осылай,

Мен қолғанат боламын.

(жарамын, барамын, боламын)

Слайд арқылы етістіктің сұрақтарын топтастыру:


Не істеді?




Не қылды?



Іс әрекетті білдіреді

Етістік





Қайтті?

Слайд арқылы етістікке дара, күрделі етістікке мысал келтіріп жазу

І - топ етістікке

ІІ -.топ дара етістікке

ІІІ – топ күрделі етістікке



Қызығушылықты ояту

Слайд арқылы дара, күрделі етістікке байланысты сурет көрсетіледі. Әр топ соған байланысты сөйлем құрайды

(келді, жазды, тоқыды, келе бастады, жазып жүр екен, тоқи алады)

Сергіту сәті: ойын «Сөз қуаласпақ». Мен етістікке бір сөз айтамын. Содан сендер сөйлем құрап айтасыңдар.

Топтастыру стратегиясы:
















Төмендегі сөздерді топтастырып жазу.

Сайрады, шақырып жатыр, арқанда, оқы, әдеміле.

СТО- ға байланысты тапсырма:

І - топ Сурет бойынша әңгіме құрайды. Болымды, болымсыз етістікті айтады.

ІІ - топ Негізгі, туынды етістікке сөздер тауып айтады

ІІІ - топ Дара, күрделі етістіктерге сөз табады.



Шығармашылық жұмыс:

Интерактивті тақтадағы суреттерді сөз мағынасына қарай топтау. Мысалы: қой қоздайды, сиыр бұзаулайды, ешкі лақтайды, түйе боталайды.



Активойд құрылғылары арқылы тест тапсырмасын орындау

Бекіту, оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма: Негізгі, туынды етістіктерге байланысты сөйлем құрап келу.
Каталог: ld
ld -> 2 Б. Майлиннің өмірі
ld -> Мазмұны Кіріспе 4
ld -> Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды
ld -> 2015 жылғы «21» маусымдағы №186 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
ld -> 5 Қоғамның қалыптасу кезеңдері
ld -> Первичными числами являются: 618, 786, 27, 618
ld -> Окисление и галогенирование действием галогенов и галогенидов: экспериментальное и теоретическое исследование реакций, новые методы синтеза вицинальных ди-, поликарбонильных соединений и арилгалогенидов 02. 00. 03 органическая химия


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет