Сабақтың тақырыбы: «Формулалар. Формулалар бойынша есептеу»



Дата05.10.2023
өлшемі215.43 Kb.
#479930
түріСабақ
5 сынып ҚМЖ 26.09.23


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

  1. Натурал сандар және нөл саны

Педагогтың аты-жөні:

Оқан А.Д.

Күні:

26.09.2023 ж

Сынып:

5 сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Формулалар. Формулалар бойынша есептеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.5.1.1 Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді есептерді шығару;
5.5.1.8 әріпті өрнектерді құру және оларды есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты:

– Тік төртбұрыштың және квадраттың периметрін табады;
– Тік төртбұрыштың және квадраттың ауданын табады;
– Жолдың формуласын қолданады.

Бағалау критерийі:

– Тік төртбұрыштың және квадраттың периметрін таба алады;
– Тік төртбұрыштың және квадраттың ауданын таба алады;
– Жолдың формуласын қолдана біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану.

Сабақтың кезеңі/уақыт

Сабақ кезеңдерінің мазмұны

Бағалау

Ресурстар



Кіріспе бөлім:
10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу;
– Оқушыларды түгендеу;
– Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.
Топқа бөлу:
«Пазл» әдісі арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
Оқушылар кездейсоқ таңдаған парақшалардағы суретті құрастырып үш топқа бөлінеді.
«Миға шабуыл» әдісі
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақты қайталап, жаңа сабақтың мақсаттарын айқындайды.

  1. Натурал сан дегеніміз не?

  2. Сандық өрнек деген не?

  3. Әріпті өрнек деген не?

  4. Формула дегенді қалай түсінесің?

  5. Тік төртбұрыш деген не?






Оқулық
Презентация


Негізгі бөлім:
30 минут

Жаңа сабақ. Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Тақырыпты меңгеруге көмектесетін тапсырмаларды орындату.
Математикада ережелер әріптері бар теңдіктермен жазылады. Мұндай жағдайда ережені формуламен жазған дейміз.



  1. Тік төртбұрыш және квадрат периметрінің формуласы

Периметр – жазықтықтағы геометриялық фигуралардың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.


a

b
Тік төртбұрыштың периметрі оның ұзындығы мен енінің екі еселенген қосындысына тең.

мұндағы P – тік төртбұрыштың периметрі, a – ұзындығы, b – ені.
Квадрат – барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.


– квадраттың периметрінің формуласы.

1-мысал. , тіктөртбұрыштың периметрін тап.



2-мысал. , квадраттың периметрін тап.



  1. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы

Тік төртбұрыштың ауданы оның ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең.

Квадраттың ауданы оның қабырғасының квадратына тең:

3-мысал. , тіктөртбұрыштың ауданын тап.

4-мысал. , квадраттың ауданын тап.


  1. Жолдың формуласы

Жол жылдамдықтың қозғалыс уақытына көбейтіндісіне тең.

мұндағы S – жүрген жол, v – жылдамдық, t – қозғалыс уақыты.
Жолдың формуласынан: белгісіз көбейткішті табу ережесі бойынша.

5-мысал. 60 км/сағ жылдамдықпен жүрген автобустың 3 сағатта қанша жол жүреді?

1-Тапсырма. Жеке жұмыс. «Тақтаны тексер» әдісі. Оқушылар тақтада берілген есептердің ішінен дұрыс шығарылғанын тауып, соған сәйкестендірілген әріптен сөз құрауы қажет.















Дұрыс жауап: 1), 3), 5). ОҚУ
2-Тапсырма. Топтық жұмыс. https://wordwall.net/ru/resource/61006953 сайтын пайдаланып есептерді топпен шығарту. Үш топқа күрделі үш есеп.

  1. Аңшы иті қоянды 16 м/с жылдамдықпен қуды. Қоян одан 12 м/с жылдамдықпен қашты. Ит қоянға 13 секундта қуып жетті. Алғашқыда қоян иттен қандай қашықтықта болды? (52 метр)

  2. Тік төртбұрыш пішінді суқоймасының ұзындығы 45 м, ені 38 м. Оның жиегінен 2 м қашықтықта қоршау жүргізілді. Қоршаудың ұзындығы неше метр? (182 м)

  3. Квадраттың периметрі тік төртбұрыштың периметріне тең. Квадраттың ауданы Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен екі есе ұзын. Тік төртбұыштың ауданын табыңдар. (18 см)

3-Тапсырма. Жұптық жұмыс. «Пошта» әдісі. Оқушылар екі есеп құрастырып, бір-бірінің тобымен алмастырады және бір-бірінің есебін тексереді.


Үлгі,




ДескрипторДұрыс жауапқа – 3 б
Жартылай дұрыс жауапқа – 1 б


Дескриптор
Толық есепке – 4 б
Жартылай есепке – 3 б
Дескриптор
2 есепті де шығарған жұп – 3 б
1 есепті шығарған жұп – 2 б

Оқулық
Презентация
Интерактивті тақта
Тақта


Қорытынды бөлім:
5 минут



Рефлексия. «Термометр» әдісі. Оқушылар сабақты қалай түсінгендігі туралы кері байланыс береді. Ол үшін аты және градус өлшемі жазылған парақты көрсетеді.

Сабақты толық түсіндім: 0-2 градус


Жақсы түсіндім: 3-4 градус
Жартылай түсіндім: 5-6 градус
Түсінбегенім көп: 7-8 градус
Мүлдем түсінбедім: 9-10 градус

Үй тапсырмасы: 63 бет, №136 есеп




Презентация


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет