Сабақтың тақырыбы: Негіздердің химиялық қасиеттері, олардың қолданылуы



Дата09.07.2016
өлшемі2.04 Mb.
#186955
түріСабақ



Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы

Қызылөзен ауылы

З.О.Баймырзаев атындағы орта мектептің

химия пәнінің мұғалімі

Есқалиева Жаңылсын Мұханбеденқызы 

Сабақтың тақырыбы: Негіздердің химиялық қасиеттері, олардың қолданылуы.

Сабақтың мақсаты:білімділік: суда еритін негіздер-сілтілер мен ерімейтін негіздердің химиялық қасиеттерін салыстыра сипаттау арқылы білім, білік дағдысын қалыптастыру;

тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, экономикалық тәрбие беру;

дамытушылық: химиялық заттармен жұмыс істей білу; химиялық реакция теңдеулерін сипатты жазу дағдысын дамыту; тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Әдісі: дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Лабораториялық тәжірибелерге қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер; видеопроектор, экран, интерактивті тақта.

Сабақтың жоспары:

  1. Қайталау – оқу анасы.

(Не білемін...)

  1. «Сен оқысаң, мен тоқығам!»

(Зертханалық тәжірибелер)

  1. «Білегі күшті бірді, білімі күшті мыңды жығады»

(Тапсырмалар)

  1. «Білімнің басы бейнет, түбі зейнет»

(Қорытынды)

Жүрісі:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыларды топ деңгейлерін ескеріп, 3 топқа бөлу; тапсырмалар, лабораториялық тәжірибелер жазылған үлестірмелерді тарату, әр топтың алдына қажетті зертханалық жабдықтар, реактивтер қойылды.

ә) Сабақтың ұстанымы, жоспары таныстырылды.

б) жинақтылық, зертханалық тәжірибеде қышқыл, сілтімен жұмыс істеудің сақтық ережелерін еске салу.

  1. Өткен тақырыпқа шолу жасау:

    1. Негіздер дегеніміз не?

    2. Негіздер қалай жіктеледі?

    3. Суда еритін сілтілерді ата?

    4. Қандай индикаторларды білесің? Сілтілер индикаторларды қандай түске бояйды?

  2. Жаңа сабақ:

1. Лабораториялық жұмыстар:

а) Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуі:

NaOH + HCI = NaCI + H2O

Cu(OH)2 + 2HCI = СuСI2 + H2O

ә) Сілтілердің қышқылдық оксидпен әрекеттесуі:

Cа(OH)2 + CO2 = CaCO3 + H2O



б) Сілтілердің тұздармен әрекеттесуі:

2NaOH + CuSO4 = Cu(OH)2 + Na2SO4



в) Суда ерімейтін тұздардың қыздырғанда айырылуы:

Cu(OH)2 t CuO + H2O

Оқушылар (әр топтан бір оқушыдан шығып) зертханалық жұмыстарды жүргізу арқылы қорытынды жасап түсіндіреді және реакция теңдеулерін сауатты жазып, түсіндіреді.

Мұғалім видеопроектордан көрсетілген схемамен негіздердің химиялық қасиеттерін (оның ішінде жаңа ұғым – бейтараптану реакциясына баса назар аударып) қорытындылайды.

1. Негіздердің қолданылуы:

Видеопроектордан негіздердің: NaOH

КOH

Cа(OH)2



қолданылуын суретті көрсетілімнен оқушылар өздері әңгімелейді (3 оқушы).

Мұғалімнің түсініктемесі:



Cа(OH)2 Cа(СІО)2 алыну жолы

2Cа(OH)2 + 2CІ2 = Cа(СІО)2 + 2H2O

хлор әгі, кальций гипохлориті

Cа(СІО)2 + CО2 + H2O = CaCO3 + 2НСІО

хлорлау қышқыл

2НСІО = 2НСІ + O2

Хлор әгінің зарарсыздандырғыш қасиетін түсіндіреді.


  1. Бекіту.

Деңгейлік тапсырмалар:

І-топ – № 1; № 5.

ІІ-топ – № 2; № 10.

ІІІ-топ – № 9; № 13

«Кім жылдам?» ойыны.


    1. Зат есім.

    2. Физикалық қасиеті.

    3. Химиялық қасиеті.

    4. 3 топ NaOH; КOH; Cа(OH)2 бойынша жарысады.

    5. Қолданылуы.

    6. Синонимі.

  1. Қорытындылау.

Венн диаграммасы арқылы сілтілер мен ерімейтін негіздердің қасиеттерін қорыту.
Н е г і з д е р


Сілтілер:

  1. Суда ериді.

  2. Индикатор түсін өзгертеді.

  3. Термиялық тұрақты.

  4. БейМехОу әрекеттеседі.

  5. Тұздармен әрекеттеседі.



Қышқылмен әрекеттесуі

Ерімейтін негіздер:

  1. Суда ерімейді.

  2. Индикатор түсін өзгертпейді.

  3. Термиялық тұрақсыз.

  4. БейМехОу әрекеттеспейді.

  5. Тұздармен әрекеттеспейді.




  1. Үйге тапсырма:

§43. І-топ – № 6.

ІІ-топ – № 12.

ІІІ-топ – № 8.
Шығармашылық тапсырма:

IV тарауға «Су. Ерітінділер. Негіздер.» Сөзжұмбақ, ребус құрастыру.



Сілті мен қышқыл ерітінділерінің әсерінен индикаторлар түсінің өзгеруі

Индикатор


Ортадағы индикатордың түсі




Қышқылдық

Сілтілік

Бейтарап


Лакмус



қызыл

көк

күлгін

Фенолфталейн




түссіз

таңқурай түсті

түссіз

Метилоранж




қызғылт

сары

қызылсары














Химиялық қасиеті:


  1. қышқылдармен: 1. сілті + қышқыл → тұз + су Бейтараптану

2. ерімейтін негіз + қышқыл → тұз + су реакциясы




  1. қышқылдық оксидпен: кальций гидроксиді + көміртек (ІV) оксиді → кальций карбонаты + су




  1. тұздармен: 1. сілті + тұз → суда ерімейтін негіз + тұз

2. суда ерімейтін негіз + тұз → әрекеттеспейді




  1. қыздырғанда: 1. сілті ыдырамайды

2. ерімейтін негіз → оксид + су




Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет