Сабақтың тақырыбы Негізгі геометриялық ұғымдар. Аксиома, теорема, салдар туралы ұғымдар



бет1/3
Дата27.10.2023
өлшемі78.68 Kb.
#481749
түріСабақ
  1   2   3
1 математика 7 сынып Негізгі геометриялық ұғымдар 1 сабак (1)


Қысқа мерзімді сабақ жоспары



7.1В Геометрияның алғашқы мәліметтері

Мектеп: Петропавл қаласындағы НЗМ

Күні:

Мұалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Оқушылар саны:

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Негізгі геометриялық ұғымдар. Аксиома, теорема, салдар туралы ұғымдар.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.3.1.1
планиметрияның негізгі фигураларын білу: нүкте, түзу;
7.3.1.3икесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық анықтамаларын білу;

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:
-Геометрияның негізгі түсініктерін біледі;
-фигуралар теңдігін түсінеді және қолданады;
-аксиомаларды, қасиеттерді қолданып тұжырымдарды дәлелдеу дағдыларын қалыптастырады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты түсіндіру және бекіту

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

нүкте, түзу, жазықтық ұғымдарын біледі

Білімін қолдану

есеп шартына қарай сызба жасайды

Анализ

есептің шешімін негіздейді




Тілдік мақсаттар

лексика және терминология
түзу, нүкте, сәуле, бұрыш, бұрыштардың шамасы, кесінді.
фигура теңдігінің мәнін түсінеді және ауызша түсіндіре алады, оларды анықтау үдірісін сипаттай алады, фигуралардың тең немесе тең емес екенін «егер» сөзін пайдаланып түсіндіруді біледі
Бұрыштың түрлері: сүйір, доғал, жазыңқы, тік.
Тең деп өлшемдері мен пішіндері бірдей екі фигураны айтады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алғашқы сабақ. Кейбір геометриялық фиуралар. Геометрияның 5-6 сыныпта өткен элементтері

Сабақтың барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек
көздер

Сабақтың басы
1-4 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақ тақырыбын айтып, сабақ мақсаттарын анықтау.



Слайд 1

Сабақтың
Ортасы

5-15 мин


15-20 мин

21-30 мин

31-37 мин



Жаңа сабақ:
Геометрия – ең ежелгі ғылымдардың бірі. Бүгін сіздерде геометрияның жеке пән ретіндегі алғашқы сабағы. 5-6 сыныптарда математика пәнінде геометрияның кейбір элементтерімен танысқансыздар.
Геометрия туралы не білесіздер? Ол нені зерттейді? «геометрия»ғылымы қашан және қалай пайда болды?
Геометрияның алғашқы ұғымдары заттардың сыйымдылығын, олардың өлшемдерін анықтау қажеттілігінен туындаған.
- жер салығын алу үшін, оның ауданын анықтау қажет болды.
- ыдысқа сұйықтықтың белгілі бір көлемі сыю үшін оның формасының қандай болу керек екенін білу керек болды.
- жұлдыздарды бақылап, егін жұмыстарын қашан бастау керек екенін айтқан астрономдар жұлдыздардың орналасуын білу керек болды. Бұл үшін бұрыштарды өлшеу қажеттілігі туындады.
Б.д.д. ІІІ ғ-да грек ғалымы Евклид өзінің «Бастамалар» атты еңбегінде фигуралар мен олардың қасиетттерін жинақтады. Осылай геометрияның ғылым ретінде негізі қаланып, ғалымның құрметіне евклидтік геометрия деп аталған.

Тақтада геометриялық фиуралардың аттары екі бағанда жазылған:


Түзу куб
Сынық сызық цилиндр
Кесінді шар
Сәуле конус
Тіктөртбұрыш пирамида
Квадрат параллелепипед

Бұл геометриялық фигуралардың аттары екі бағанға қандай тәртіппен бөлінген? (1-жазықтықтағы, 2-кеңістіктеі фигуралар).


Геометрияның жазықтықтағы фиураларды зерттейтін бөлімі планиметрия деп аталады. Біз геометрияны зерттеуді планиметриядан бастаймыз.
Жалпы, математикада кез келген тұжырым (теорема, сөйлем, қасиет, белгі және т.с.с.) бұрыннан белгілі, одан ертерек дәлелденген тұжырымдарға сүйене отырып дәлелденеді(негізделеді). Мұнда, әдетте теоремалардың қисындық құрылымы мынадай болып келеді. Егер А1 – бұрынырақ дәлелденген қандай да бір тұжырым болса(оны «шарттық» деп атайық), онда осы тұжырымға сүйене отырып, қисынды ой қорытындылар көмегімен жаңадан бір А сөйлемін(тұжырымын теоремасын, қасиетін және т.с.с.) қорытып шығарамыз. Осыны қисынды-салдар символы көмегімен қысқаша былай жазады: А1 А. Енді соңына дейін қатаң математикалық дәлелдеулер принципіне жүінетін болсақ, онда А1 теоремасының өзі дәлелдеуді талап етеді және оны дәлелдеу үшін А1-ден ертерек дәлелденген қандай да бір А2 теоремасына сүйінуіміз керек.
Осылай, әрбір жаңа түсінік ертеректен белгілі түсініктер көмегімен анықталады. Мысалы, «барлық бұрыштардың шамалары 900-тан және барлық қабырғалары өзара тең болатын төртбұрышты квадрат деп атаймыз». Мұнда «квадрат» деген жаңа ұғым «төртбұрыш», «қабырға», «бұрыш» және т.с.с. ұғымдарға сүйеніп анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет