Сабақтың тақырыбы: Оқытуда жобалау әдістемесі – ХХІ ғасырдың білім технологиясы Жаңа сабақ



бет1/2
Дата03.01.2022
өлшемі18.84 Kb.
#451282
түріСабақ
  1   2
2-лек.


Сабақтың тақырыбы: Оқытуда жобалау әдістемесі – ХХІ ғасырдың білім технологиясы

Жаңа сабақ:

Жобалау технологиясының оқу процесінде алатын орыны.



Жобалау  технологиясының  оқу  процесінде  алатын  орны.

Оқу  барысында  оқушыны  өз  бетімен іздендіре  отырып, өзіне  деген сенімділік  күшін  тудырып, өз  ойын  агық  жеткізе  біліп, дұрыс  шешім  қабылдауға, яғни  жеке  тұлға  болып  қалыпиасуына  бейімдеу  қажет.

 Дәстүрлі  сабақ беру  жүйесінде  оқушыны  тұлға  ретінде  қалыптастыру  мүмкін  емес.21 –ғасырда  әлемдік  білім  беру  жүйесінің  дамуындағы  негізгі  басымдықтарының бірі- мектеп  білімін  жаңарту.Ол оқушылардың  неғұрлым  өз  бетінше  білім  алып, оны  іс жүзінде қолдана  білу  қажеттілігін  тәрбиелеуге  бағытталған.

Оқушылардың  зерттеу  жұмысын  ұйымдастыру  және  жоба  жұмысын  жасауға  мақсатты  әрі  жүйелі  түрде  бағыттау  керек  екені-  бүгінгі  күн  талабы.Сондықтан  да жобалау  технологиясының  тиімділігі  күннен  күнге  артуда.

Бұл  технология  әлемдік  педагогикада  жаңлық  емес. Ағылшын  тілінен  аударғанда «cooperative learninq»-  бірге  үйрену  деген  мағананы  білдіреді.

Түсінджірме   сөздікте  оған  төмендегідей  анықтама  беріледі:Жобалау  технологиясы- оқушылардың  жоспарлау  және  күрделене  беретін  тапсырмаларды  орындау  арқылы  меңгеретін  білімі.

Жобалау  технологиясы  19  ғасырдың  2- ші  жартысында  АҚШ  ауылшаруашылығы  мектептерінде  пайда  болған.Оның  негізін  салған-Джон  Дьюи  атты психолог  және  педагог, философ  Дьюидің  ілімін  жалғастырушы- Колумбия  университетінің  жанындағы  мұғалімдер  колледжінің  прфессоры  Уильям  Херд Килпатриктің  ойынша,  балаларды  өз  жұмысының  жемісін  көруге  ынталандыру  арқылы үлкен  өмірге  дайындау- бұл  технологияның  негізі. «Өзіне  көйлек  тігіп  киген  бойжеткенді  мысалға  алайық. Егер  ло  кейін  өзі  киетін  көйлегі  үшін  жанын  аямай, ерінбей, аса  қызығушылықпен  көйлек  үлгісін  өзі  ойлап  тауып, өз  бетімен  өлшеп, пішіп, тігіп  кисе- бұл  мысал  жобалау  технологиясының  нағыз  типтік  үлгісі»- деген  екен  Хилпатрик.

20-  шы  ғасырдың  басында  жобалау  технологиясы  Ресей  педагогтардың  назарын  өзіне  аудара  бастайды.Дегенмен, бірқатар  себептерге  байланысты, бұл әдістеме  кеңінен  таралмай, тоқтап  қалды.

-Жоба  жұмысымен  жұмысты  ұйымдастыра  білетін  мұғалімдердің  болмауы.

- Жоба  жұмысының әдістемесінің  жасалмауы.

Жеке  баға  мен  сыныақты  ұжымдық  сынаққа  көшіру  салдарынан  жеке  оқушы  білімінің  төмендеуі  т. б.  Себептер.

Кеңес  үкіметі  кезеңіндегі  мектептерде  жобалау  технологиясын  енгізуге  асықпай  жүргенде, ағылшын  тілінде  сөйлейтін  мемлекеттерде:АҚШ-та,Англияда, Австралия  және  Жаңа  Зеландияда  ол  кеңінен  таралып  жатты.Еуропаның  да  бірқатар  мемлекеттерінде  ол  кең  тамырын  терең  жая  бастады.

 Әрине,  уақыт  өткен  сайын  бұл  технология  да  бірқатар  өзгерістерге  ұшырап  отырды. Еркін  тәрбиелеу  ойынан  туындаған  жобалау  әдістемесі  біртіндеп «тәртіпке бағынып», білім  беру  әдістемесі  құрамына  табыспен  еніп  отыр.

Бұл  технологиялық  оқудағы  мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттері  түбегейлі  өзгереді. Салыстырып  көрейік:



Оқушының  іс-әрекеті.

Мұғалімнің  іс-әрекеті.

-Оқушы- оқыту  субъектісі.

-Жеке  тұлғаға  қарай  бағыттылғын  ұсынушы, нақты  мақсат  қоюшы.

-Мақсатқа  дербес өз  іс-әрекетімен  жетуші  белсенді  субъект.

-Бағыт- бағдар  беруші, кеңесші.

-Өзін-өзі  және  бір-бірін оқытушы.

-Оқытушының  жетістігін  құптаушы.

-Өнерпаз, жасампаз  еңбектің  иесі.

- Ынталандырушы, мақсат  қоюшы.

-Өз  ізденісімен  табысқа  жетуші  шығармашылық  тұлға.

-Мақсаттарға  жетелеуші.

2. Жобалау  технологиясының  негізгі  мақсаты, түрлерлі.

Жобалау  технологиясын  қолданудағы  негізгі  мақсат-  оқушылардың  қызығушылық  ынтасын  дамыту, өз  бетімен  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  білімдерін  жетілдіру, ақпараттық  бағдарлау  біліктілігін  қалыптастыру  және  сыни   тұрғыдан  ойлау  қабілетін  арттыру  арқылы  оқушыны  болашақта  әр  түрлі  жағдаяттарда, әр түрлі  қоғамдық  ортада  өзін-өзі  көрсете  білуге  бейімдеу.

Бұл  технологиядағы  жобаның  түрлері:

1.    Ғылыми  жоба.

2.     Шығармашылық  жоба.

3.     Ойын  түріндегі  жоба.

4.     Ақпараттық  жоба.

 

Жоба  ұзақ  және қысқа  мерзімді  болып  екіге  бөлінеді.



Егер  оқушы  жобасы  тақырыбын  дұрыс  таңдай  отырып, жоспарлай  білсе, оны  дұрыс  орындай  алса-ол  болашаққа  дұрыс  бейімделген  тұлға  болып  қалыптасады.

Әр  түрлі  жағдаяттарда  дұрыс  шешім  қабдай  отырып, әр түлі  адамдармен  тіл  табыса  отырып, әр  ортада  дұрыс  бағыт  бағдар  алады.

Сонымен, жобаның  тиімділігі- көзбен  көріп. Құлақпен  естіп, есте  сақтай  отырып  оқушыны  ізденіске, іскерлік  пен танымдық  ынтаға,шығармашылық  қабілетті  жетілдіру  арқылы  түрлі  мәселелерді  шеше  білуге, тапқырлыққа  жаңа  ғылыми  ізденіске  жетелеуде.

Жобалау  технологиясының негізінде-  оқушылардың  жұппен  немесе  топпен  бірігіп  дайындайтын  шығармашылық  жұмыстар  жатыр.

Оқушылардың  жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  үшін  жоғарыда  айтылғандай, оны  жоспарлай  білу  қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет