Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс. Материалдар дайындау Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/3
Дата12.10.2023
өлшемі33.52 Kb.
#480513
түріСабақ
  1   2   3
5 И Ашқ сабақ


Пәні: Көркем еңбек

№ 54 орта мектеп

Педагогтің аты жөні:

Асамбаева Насиба Нурсалемовна

Күні:

24.10.2022ж

Бөлімі:

Визуалды өнер

Сынып: 5 «И»

Қатысқандар:

Қатыспағандар: 1

Сабақтың тақырыбы:

Шығармашылық жұмыс. Материалдар дайындау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.1.6.4 Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану мен эксперимент жүргізу;

        1. Cыныпқа дайын жұмысты таныстыру.

Сабақтың мақсаты:

- Түрлі көркем материалдарды қолдана отырып жұмыстарды
әсемдеу
- Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның
визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.
- Жұмыстардың таныстырылымы

Бағалау критерийлері:

- Көркемөнер материалдарын шығармашылық жұмысында
қолдану үшін эксперимент жүргізеді
- Жұмысында көркемөнер техникаларын қолданады

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы





Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Түгендеу. Коллаборативті орта құру.
«Комплимeнттeр бұрқacыны» әдіcі aрқылы ынтымaқтacтық aтмоcфeрacын құру. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaрып, бір-бірінe мeйірімділікпeн қaрaуғa тәрбиeлeу. Білім алушылар сынып ішінде үлкен бір щеңбер құрып, өз қасында тұрған сыныптастарына комплимeнттeр aйтaды.
Мыcaлы : Нұрай сeн бүгін өтe
әдіміcің...
Жанель сeн мeйірімдіcің...
Сабақ тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.
Білім алушыларды негізгі түстер арқылы үш топқа бөліп алу:
1-топ: Қызыл
2-топ: Сары
3-топ: Көк


Өткенді пысықтау:
Балалар өткенді пысықтау үшін бүгін біз қаламыздың тарихи орындарына саяхат жасаймыз.
Тараз қаласының қысқаша тарихы.
Тараз – Талас өзені бойында созылып жатқан 2000 жылдық тарихы бар қала. Ол V ғасырға дейін салынған. Таразды Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды сауда орталығы деп атайды. Тараз қаласы туралы кім не демеген? Мысалы, X ғасырдағы араб географы Әл-Макдиси былай деп жазды: “Тараз – бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр”. Ал Асанқайғы бабамыз: "Таяқ тастасаң тал болып көктейтін"- деген мекен осы десе, Фирдоуси, Омар Хайям сынды Шығыс күміс көмейлері жырлайтындай, «Мөп-мөлдір көздің қарасын Тараздан ғана табасың» деген екен. Ежелден ескірмей, бүгінге жеткен даналардың сөзі Тараздың кіреберіс қақпасына мығымдалып, оюмен жазылған.
Тараз қаласы 1856 жылдан бастап Әулиеата, 1936 жылы Мирзоян, 1938 жылы жыр алыбы, суырып салма ақын атамыз Жамбыл Жабаевтың есiмi берілген. ҚР Президентi 1997 жылы 8 қаңтарда тамыры тым тереңде жатқан көне қалаға ежелгі аты Тараз атауын қайтарды.
Қойнауы толы қазына, Қарахан баба, Айша бибі, Бабаджа Қатын, Шығыс моншасы, т.с.с. XII-IX ғасырлық көне ескерткіштерге бай қала.
Ал, балалар қалаға қақпадан кіру үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет