Сабақтың тақырыбы: «Табиғаттағы су айналымы»



Дата29.06.2016
өлшемі37 Kb.
#165997
түріСабақ
Калиакпарова Зауреш Капезовна

бастауыш сынып мұғалімі

Ерейментау қаласы «Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ
Сабақтың тақырыбы: «Табиғаттағы су айналымы»

Дүниетану. 4 сынып.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру

Дамытушылық:Оқушылардың оқыған тақырып бойынша ойын жинақтап,өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру.

Тәрбиелік:Тіршілік судың қатысымен жүзеге асатынын ұғындыра отырып,суды қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтағы әдіс-тәсілдер:психологиялық тренинг,әңгімелеу,сұрақ-жауап, АҚТ-ны қолдану,шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі:оқулық,су айналымы салынған сурет,жұмбақтар,

глобус,физикалық карта, тақырып бойынша слайд.



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

Жарқырап күн де ашылды,

Айнала нұр шашылды

Қайырлы күн!Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз

Мақсатымыз – білім алу

Міндетіміз-еңбектену.

Еңбектену арқылы

«5»- ке қол жеткізу



ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

Өзіңді тексер. (интерактивті тақтадан 7 тест сұрақтарына жауап беру)

1.Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:

А.пайдалы,пайдасыз,жарамсыз

Ә.жаңғыш,кенді,кен емес

Б.жаңғыш,жаңғыш емес

2.Төмендегі пайдалы қазбалардың қайсысы қатты кен жыныстарына жатады?

А.құм мен саз

Ә.гранит пен тас көмір

Б.газ

3.Төмендегі пайдалы қазбалардың қайсысы сұйық кен жынысына жатады?



А.құм және ас тұзы

Ә.Мұнай мен сынап

Б.шымтезек

4.Пайдалы қазбалар шоғырланған жер қалай аталады?

А.кеніш

Ә.қойма


Б.жер қойнауы

5.Пайдалы қазбаның қайсысы кенге жатпайтын

А.көмір

Ә. гранит



Б. құм,әктас

6.Кенді пайдалы қазбалар қандай мақсатта пайдаланылады?

А.отын ретінде

Ә.металл алуға

Б.тыңайтқыш,құрылыс материалдарын дайындауға.

7.түсті металл кендері

А.тұз,әктас,мәрмәр

Ә.қорғасын,көмір,мұнай

Б.алтын,алюминии,мыс

8.Электр тоғын жақсы өткізеді:

А.қара металл кендері

Ә.Түсті металл кендері



Біліміңді тексер:

1-Ә; 2-Ә; 3-Ә; 4-А;5-Б, 6-Ә; 7-Б; 8-Ә

ІІІ. Жаңа сабақ

Сынып оқушылары 3-топқа бөлінеді.

«Қағаз қиындылары» бойынша бөліну.

1 топ «Білгірлер»

2 топ «Тапқырлар»

3 топ «Тапқыштар»

Оқушылар бүгінгі сабағымызға белсене қатысып,білімдерімізді ортаға салып ұйымшылдық көрсете білейік.Барлығымызға сәттілік тілеймін.

Жұмбақ жасыру:

Мен сұйықпын да,мұзбын да,

Тамшысымын жаңбырдың

Оюланған қыраумын

Жылымын да,салқынмын

Шөлдесең кеуіп кенегең,

Мейіріңді қандырдым.

Сыйлаймын мен тазалық,

Рақат беріп денеңе,

Айта қойшы кіммін мен? (су)



-Сабағымыздың тақырыбы «Табиғаттағы су айналымы»

Сабақтың мақсатымен таныстырып өту.



1.Түсіндіру: Су-ғажайып зат. Сусыз тіршілік етпейтін ағза кездеспейді.Су-табиғатты ең көп тараған зат.Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық. (глобустан көрсету).Судың кереметі-оның жер бетінде тынымсыз айналып жүруі (слайд бойынша түсіндіріледі).

Күн сәулесінің қызуынан мұхит,теңіз,көл,өзен суы буланып,ауа қабатына барады.Сонымен қатар топырақ,өсімдік, жануарлардан буланған су буы ауа қабатына көтеріледі.

Ауаның салқын қабатында су буы қоюланып,бұлт пайда болады.Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып,құрлыққа оралады.Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді.

Күн қыздырғанда қайтадан буланып,ауаға көтеріледі.



Сергіту сәті.

Жылылықты сезейік

Шуақ шашқан күндей боп,

Күлімсіреп жүрейік!



2. Білімді бекіту. Топтық жұмыс.

Оқулықтағы мәтінді оқып ,берілген сұрақтар бойынша топпен сұрақтарды талқылап,қағаз бетіне түсіріп жазу.Әр топ өз тапсырмасын қорғайды.

1 топ –«Судың тіршілік үшін маңызы қандай?»

2 топ- «Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?»

3 топ- «Бұлттың түрлері және бұлттар неден пайда болады?»

3. Картамен жұмыс (физикалық кескін картасы)

Өз бетінше жұмыс. Дәптерге Қазақстандағы ірі өзендер мен көлдердің аттарын жазу.



4. Ой толғаныс.

1 топ- Егер жер бетінде су болмаса,не болады?

2 топ-Күнделікті өмірде қалай су газға айлады?

3 топ-«Судың сұрауы бар» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер?



5. Интерактивті тақтамен жұмыс.

-Су туралы суреттер,су дыбысы,бейнефильмнен үзінді.



ІҮ. Сабақты қорытындылау.

1. Әр топқа жұмбақтар жасыру:

а.Аспанда жүрер бу болып,

Жерге түсер су болып,

Сай салаға сарқыраған,

Көлшіктерді толтырған (су)

ә.Отқа жанбас,

Суға батпас (мұз)

б.Киіз үйімнің төбесі

Түбітке толы..бұл нелер? (бұлттар )

2. -Ойын «Иә,жоқ»

1.Жер бетінің үштен бір бөлігін су алып жатыр? (жоқ )

2.Су табиғатта тынымсыз айналыста болады? (иә)

3.Сусыз тіршілік ететін ағза кездеседі? (жоқ)



Ү. Рефлесия

1.Біз өз мақсатымызға жеттік пе?Қандай тапсырмалар сендерге ұнады? Кімнің қоятын сұрағы бар?



ҮІ. Бағалау.Әр топтың жұмысына баға беру.Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау.

ҮІІ. Үйге тапсырма .Мәтінді түсініп оқып,мазмұндау.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет